Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау
1 476 сұрақ · 26-бет, барлығы 30 бет
Биоалуантүрлілік табиғаттағы нені сақтайтындығын анықтаңыз
Дұрыс жауап: тұрақтылықты
Шығыс халықтарының түсінігінше, Наурыз - .....
Дұрыс жауап: үндестік мейрамы
«Әке көрген – оқ жонар» мақалының мағынасы
Дұрыс жауап: әкенің ұл бала үшін өнеге болатыны
Болжалдық демеуліктер
Дұрыс жауап: –мыс, -міс, -ау
Демеулік шылаудың қызметі
Дұрыс жауап: өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді
Қ.Олжайдың «Жер мен аспан» очеркінде қандай мәселе көтерілетіндігін белгілеңіз
Дұрыс жауап: дүниежүзілік экологиялық жағдай
Сөйлемнен шылауды табыңыз: Біраз жер жүргеннен кейін демалдық.
Дұрыс жауап: кейін
Сөйлемді толықтыратын қажетті сөзді көрсетіңіз: Күнделікті тұрмыста қолданылатын өнімдердің көбі — ____.
Дұрыс жауап: қауіпті қалдықтар
Берілген сөйлемге сай шылауды көрсетіңіз: Ертеңгі жарысқа жақсылап дайындал, ... жақсы нәтижеге жете алмайсың.
Дұрыс жауап: әйтпесе
«Әлеуметтік теңсіздік» тақырыбында сөйлеуге керекті тірек сөздер қатарын анықтаңыз
Дұрыс жауап: жіктелу, әлеуметтік топ, бай, кедей, мәселе, теңсіздік, теңдік, білім
Сөйлемді толықтырыңыз: Әлеуметтік топ ішіндегі күнкөріс жағдайы төмен адамдарды .... деп атайды
Дұрыс жауап: кедейлер
Сөйлемде қай демеулік шылау қолданылған: Адам түгілі аң да өз баласын қорғайды.
Дұрыс жауап: болымсыздық
Сөйлемнен шылауды табыңыз: Біраз жер жүргеннен кейін тау көрінді, біз алға жылжи бердік.
Дұрыс жауап: кейін
«Қара пима» поэмасының авторын көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Ұ.Есдәулет
Жақсылықтар мен қолжеткен табыстарды паш ету, кемшіліктер мен олқылықтарды сынап, ескерту қай пікірталастың мақсаты екенін табыңыз.
Дұрыс жауап: Айтыс
Пікірталастың өнер деңгейіне көтерілген ерекше түрін табыңыз.
Дұрыс жауап: Айтыс
Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стиль
Дұрыс жауап: көркем әдебиет стилі
Шешендік сөз құрылымына енетін «Шақыру» бөлігінің мақсаты:
Дұрыс жауап: Тыңдаушылардың сезіміне қозғау салып, өз сөзін құптату
Көркем әдебиет стиліне тән сөйлем қатарын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Тайғақ тағдырдың жазуымен шет жерге ауа көшіп, туған жердің бір уыс топырағын белге түйіп босып бардық.
Оқиғаны образды түрде бейнелеу қай стиль түріне жататынын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Көркем әдебиет стилі
Пікірталас түрі айтысқа қатысушылар:
Дұрыс жауап: Айтыскерлер
Көркем әдебиет стилінде жазылған сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Жанна соны айтып керемет бір жұмбақ сыр ұялаған сиқырлы көзбен қарады.
Жұқалаң, ұзыншақ көп бұлт қызыл селдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр. Сөйлемнің сипаттына тән қатарды көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Сабақтас, көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет стиліне тән лексикалық тұлғаларды табыңыз.
Дұрыс жауап: Ауыспалы мағынадағы сөз, тұрақты тіркес
Қазақ халқының ұлттық ұғымына жақын пікірталас түрі:
Дұрыс жауап: Айтыс
Сұрақпен төпелеу тәсілінде қолданылатын әдіс:
Дұрыс жауап: Сөйлеушінің өз сөзін сұрақпен аяқтауы
Табиғат адамды сұлу жанды, қайырымды етіп тәрбиелейді. Сөйлемнің сипаттына тән қатарды белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Толымды сөйлем, көркем әдебиет стилі
Берілген шешендік сөзді жанрлық түріне қарай ажыратыңыз. Бір үйдің баласы болма, көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, бар елдің данасы бол. (Төле би)
Дұрыс жауап: Шешендік арнау
Пікір алмасушының мәдениетін танытатын қатар:
Дұрыс жауап: Өз ойын көркем тілмен жеткізе білуі
Тұрақты тіркестердің дұрыс берілген нұсқасын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Өтірікті судай сапырды
Ойкөкпардың мақсатын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Қарсылас топтың ой-пікірін жоққа шығарып, өз көзқарасын дәлелдеп, жеңіске жету
Қырық бес аю аспас белменен тең, Жетпіс бесте көңілің жерменен тең. (Жиренше шешен) Өлеңдегі қайталаудың түрі
Дұрыс жауап: эпифора
Бір-бір ауыз өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптасып отыратын, жалпы көпшілік қолданатын айтыс түрін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Түре айтыс
Сөйлемнің қай стильде жазылғандығын көрсетіңіз. Cүт сіңген теріден алақандай ғана кесіп алады да, тостағанға құйған суға тастап жібереді.
Дұрыс жауап: Көркем әдебиет стилі
«Қарлығаш әулие» атанған би
Дұрыс жауап: Төле би
Сендіру дегеніміз –
Дұрыс жауап: Ойдың шындығына сенім ұялату
Көпшілік алдындағы сөзге қатысушылардың санына қарай пікірталастың түрі:
Дұрыс жауап: Үш
Белгілі бір мәселені талқылау мақсатындағы пікірталас түрі:
Дұрыс жауап: Пікірсайыс
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын. (Мақал)
Дұрыс жауап: Мезгіл бағыныңқы құрмалас сөйлем.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем
Дұрыс жауап: Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді
«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО маскоттары
Дұрыс жауап: Сәуле, Қуат, Мөлдір
Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев – __________
Дұрыс жауап: Алаштың бес арысы
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты» деп айтқан ақын
Дұрыс жауап: Міржақып Дулатұлы
«Бес арыс» шығармасының авторы
Дұрыс жауап: Дидахмет Әшімхан
Астана қаласында энергия өндірудің жаңа әдістері жайлы көрменің атауы және өткен жылы
Дұрыс жауап: «Болашақ энергиясы» деген атпен 2017 ж.
АҚШ ғалымдары «Күн батареясын» ойлап тапқан жыл
Дұрыс жауап: 1953 ж
М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңінен алынған үзінді
Дұрыс жауап: Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
Дұрыс жауап: «Алаш» үкіметі орнағаннан кейін халық бәрі әділ шешілетініне сенімді болды.
Наноспутник жасаған жас ғалым.
Дұрыс жауап: Нұрсұлтан Досжан
Көсемшенің жұрнақтарын белгіле.
Дұрыс жауап: -ғалы, -гелі, -қалы , -келі