Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау
1 476 сұрақ · 28-бет, барлығы 30 бет
Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз Бүгінгі таңда жер бетінде 7 миллиардқа жуық адам өмір сүріп жатыр.
Дұрыс жауап: Барыс септік
Заттанған сын есімді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Менің шығар биігім осымен бітпейді.
«Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасы –
Дұрыс жауап: Ой тәртібі
Қыстырма сөздің мағынасын табыңыз: Кім біледі, қазір-ақ келіп қалар.
Дұрыс жауап: Күмән
Күрделі етістікті белгіле.
Дұрыс жауап: келе бастады
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! (Төле би) Осы бата сөздегі болымсыз етістікті тап.
Дұрыс жауап: болма
Негізгі сын есімді тап
Дұрыс жауап: күлгін түс
Қайтті? Не істеді? Қай сөз табының сұрақтары?
Дұрыс жауап: етістік
Туынды сын есімді тап
Дұрыс жауап: Олар сулы жерде отыр
Тәуелденіп тұрған сөзді белгіле.
Дұрыс жауап: досым
Екінші жақта, жекеше түрде тәуелденіп тұрған сөзді тап.
Дұрыс жауап: дәптерің
Құрамында етістіктің қалау райы бар сөйлемді көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Мен әдейі осы сайтты таңдағым келді.
«Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинақтарын жариялаған атақты сазгер, этнограф.
Дұрыс жауап: А.В.Затаевич
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ең алғаш өз репертуарын қандай спектакльмен бастады
Дұрыс жауап: «Айман-Шолпан»
Адамның қалауын білдіретін сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Ағылшын тілін жақсы білгім келеді.
1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде этнографиялық концертте екінші орынға ие болған қазақ әншісі
Дұрыс жауап: Ә.Қашаубаев
Түйенің пірі
Дұрыс жауап: Ойсылқара
Барыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Бұдан
Зат есімнің қызметіне байланысты септіктерді ата
Дұрыс жауап: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес
Табыс септігіндегі сөзді табыңыз
Дұрыс жауап: тауларын, көлдерін
"Жауын астында қалып қойған күшік үруге шамасы келмей, аянышты дыбыс шығарды". Сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Дұрыс жауап: аянышты
Жұрнақ арқылы жасалған үстеуді табыңыз.
Дұрыс жауап: Шикілей, көзінше
Септелген жіктеу есімдігін табыңыз:
Дұрыс жауап: Маған
Сілтеу есімдігін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Осы
Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Қандай,қалай
"одан" сөзінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: шығыс септік
«... ояндым, ойландым, жете алмадым». Тиісті үстеуді қойыңыз:
Дұрыс жауап: Ерте
Тиісті есімдікті қойыңыз: ... үйге ерте келдім.
Дұрыс жауап: Мен
«Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын». Мақалдағы есімдік түрін табыңыз:
Дұрыс жауап: Өздік
Берілген жаңылтпаштан етістікті тап. Үміт түбіт түтті, Түбітті түтіп бітті.
Дұрыс жауап: түтті, түтіп бітті
Зат есімге көптік жалғауы дұрыс жалғанып тұрған сөзді көрсет.
Дұрыс жауап: бишілер
Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз
Дұрыс жауап: Стадионға палуанның аты берілген.
Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауы бар сөздерді қой. Менің ...., Сенің ....., Оның ...
Дұрыс жауап: жолдасым, жолдасың, жолдасы
Ортақ етіс тұлғасындағы етістікті табыңыз.
Дұрыс жауап: Ақындар Республика сарайында айтысты.
Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ала жаздай ауылда болды.
Мәтіннен барыс септікте тұрған сөздерді тап. Қыркүйек айы. Күздің басы. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды. Мектеп оқушылары орманға серуенге барды.
Дұрыс жауап: орманға
Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз:
Дұрыс жауап: Ендігәрі
Табыс септікте тұрған сөзді тап. Солтүстік Америкада агама дейтін құс бар. Ол тырнаға қатты ұқсайды. Осы құсты адамдар үйде ұстайды.
Дұрыс жауап: құсты
Мәтінде қай сөз көпше түрде айтылып тұрғанын анықта. Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар. Бұл кеште аспан ашық болатын. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көл беті айнадай жарқырайды! Өте тамаша көрініс!
Дұрыс жауап: ұялары
Сабақты етістікті табыңыз:
Дұрыс жауап: Жарықты сөндір
Нелерден? сұрағына жауап беретін сөз. Құрттар бау-бақшаға зиян келтіреді. Қоңыздар ағаштардың жапырақтарын жейді. Құстар бақшаларды, бақтарды зиянды құрттардан қорғайды.
Дұрыс жауап: құрттардан
«Өміртайдың жылағаны да онша білінбейді». Үстеуді мағыналық түріне ажыратыңыз:
Дұрыс жауап: Мөлшер
Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөйлемдегі көпше түрдегі зат есімдерді белгіле. Ауылда қыс мезгілінде табиғат әдемі көрініс береді. Қар аппақ болып жауып, айнала тыныштыққа толады. Балалар қармен ойнап, шанамен сырғанап,…
Дұрыс жауап: балалар, уақыттарын
"Жаман болсаң - азарсың, жақсы болсаң - озарсың". Қарсы мәндес сын есімдерді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: жақсы, жаман
Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз. Кешегіні есіне алып, қысылып қалды.
Дұрыс жауап: Толықтауыш
Акула Акула ешқашан тоймайды, аузына не түссе, соны жұта береді. Оның асқазаны өте мықты. Жұтқанының бәрін қорытып үлгермесе де, өзіне ешқандай зиян келмейді. Бір акуланың асқазанынан неше түрлі заттар табылған. Мысалы,…
Дұрыс жауап: Шығыс септік
Берілген сөйлемнен дара етістікті көрсет. Айман әжесінің әңгімесін тыңдады.
Дұрыс жауап: тыңдады
Өзгелік етісті белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Көйлекті тіктірді.
Зат есім, сын есім, сан есім сөздерінің орнына жүретін сөздер –
Дұрыс жауап: Есімдік
Септелмейтін сілтеу есімдігін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Сонау