Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 30-бет, барлығы 30 бет

  1. Жердегі туризмге қай қатар жатады.

    Дұрыс жауап: «Треккинг», «маунтибайкинг»

  2. «Талас», «қандай да бір мәселені талқылау» деген мағынаны білдіретін пікірталастың түрін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Ойкөкпар

  3. Көркем тілде жазылған сөйлем түрін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Жайлауда әлденеше елдің іргесі жақындасады, әндері араласады.

  4. Пікірталаста ойды анық жеткізудің басты тәсілін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Сөздің грамматикалық құрылысын меңгеру

  5. Ой айқындығының басты шарттарын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Сөздің дұрыстығы, тазалығы, жатықтығы

  6. Берілген үзінді сыни пікірдің қай түрі екенін анықтаңыз: Бұл романды оқу барысында ең алғаш көзіме елестегені шетелдің «Аватар» фильмі. Неге дейсіздер ғой? Мен бұл романда қазақ халқын «Аватар» кейпінде, ал сол халықтың…

    Дұрыс жауап: Позитивті сын

  7. Үзіндіде әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздердің қандай түрі келтірілгенін анықтаңыз. Бір дәнің мың дән болсын! Сауар көбейсін!

    Дұрыс жауап: Тілек айту

  8. Сөз дәлдігімен тікелей байланысты ұғымды анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Ойдың айқындылығы

  9. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған неологизмді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Бейнетаспа

  10. Сөздер тура және дара мағынада қолданылатын стильді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Ғылыми

  11. Сөйлемнің стилін анықтаңыз. Өзендердің нитраттармен, пестиуидтермен ластануы күн сайын артуда.

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль

  12. Ғылыми стильдің негізгі сапалық белгілерін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Нақтылық, дәлдік, логикалық

  13. Ғылыми-көпшілік мәтіндердегі баяндау типтерін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Сипаттау, хабарлау, талқылау

  14. Сөз дәлдігі -

    Дұрыс жауап: Сөзді тілдегі мағынасына қарай лайық қолдану

  15. Сөз дәлдігін анықтаңыз: «Арландар» тобынан алғаш болып ... Теміртас табандылық танытты.

    Дұрыс жауап: Жарысты бастаған

  16. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздерді белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: Ғарыш айлағы

  17. Себеп-салдар үстеулерінің қатарын көрсет

    Дұрыс жауап: бекерге, босқа, амалсыздан

  18. Құрамында мақсат үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: Мен әдейі осы сайтты таңдап алдым.

  19. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар қатарын белгілеңіз

    Дұрыс жауап: -лай,-лей, -дай,-дей, -тай, -тей

  20. Берілген сөйлемде шылаудың түрін анықтаңыз. Елімізде мемлекеттік мерекелермен қатар діни мерекелер аталып өтіледі.

    Дұрыс жауап: септеулік шылау

  21. Шылау арқылы жасалып тұрған құрмалас сөйлемді белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Досым қатты семіріп кетті, себебі ол дұрыс тамақтанбайды.

  22. Публицистикалық стильдің мақсаты

    Дұрыс жауап: қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау, көпшілікке әсер ету

  23. Берілген сөйлемде үстеудің қандай мағыналық түрі кездесетінін анықтаңыз. Балықшылар ала жаздай теңіздің көк толқынымен алысты.

    Дұрыс жауап: мезгіл

  24. Публицистикалық стильдің сипатына тән қатарды белгілеңіз

    Дұрыс жауап: шақыру, үндеу, ақпарат көзі, нақтылық

  25. «Да» шылауы дұрыс қолданылған қатарды көрсетіңіз. ‎

    Дұрыс жауап: Олар да ұсыныс жасаған болатын. ‎

  26. Үстеудің дұрыс емлесін көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: іс-әрекеттің сипатын білдіреді