Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 29-бет, барлығы 30 бет

  1. Өзгелік етісте тұрған сөзді белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: Жазғыздық

  2. Барыс септігінде тұрған жалпылау есімдігін табыңыз:

    Дұрыс жауап: Бәріне

  3. Қазақ халқында «Ұлыстың ұлы күні» аталатын мереке

    Дұрыс жауап: наурыз мерекесі

  4. Дала жануарларына қамқорлық таныту туралы жазылған сөйлемді белгілеңіз. ‎

    Дұрыс жауап: Далада киіктерді қорғау керек.

  5. М.Әуезовтың «Көксерек» шығармасындағы Көксеректі өлтірген атақты ауыл аңшылары

    Дұрыс жауап: Қасен мен Бейсенбай

  6. Мәтін үзіндісі қай тақырыпқа сәйкес келетіндігін анықтаңыз: Нұрғиса Тілендиев - қазақтың әйгілі күйші - композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.

    Дұрыс жауап: Өнер адамдары.

  7. «Мен мен едім...» өлеңінің мазмұнын айтуға керекті тірек сөздер қатарын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: мен, Нарынқұм, Исатай, қызыл жебе, екі тарлан, қазақ, хан, би, жаман, жақсы, дұшпан

  8. Қозы мен Баянның махаббатының трагедияға айналуына себеп болған оқиға

    Дұрыс жауап: Қодардың қызғаныштан Қозыны өлтіруі

  9. Тек туынды сөздер қатарын табыңыз.

    Дұрыс жауап: жұмысшы, білімпаз, сәнқой

  10. Құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемді табыңыз: Егер уақыт болса, біз музейге барамыз.

    Дұрыс жауап: уақыт болса

  11. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем:

    Дұрыс жауап: Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

  12. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер қандай сұрақтарға жауап береді?

    Дұрыс жауап: қайтсе? не етсе? қайткенде?

  13. Берілген сөйлемнен себеп-салдар салаласты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Мен ерте тұрдым, себебі жолға шығуым керек болды.

  14. Қай сөйлемде есімше тұлғасы қолданылған?

    Дұрыс жауап: Келген қонақтарды жылы қарсы алдық.

  15. Қай нұсқада тұйық етістік берілген?

    Дұрыс жауап: бару

  16. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ол келгенде, жиналыс басталып кеткен еді.

  17. Қай сөйлемде қаратпа сөз бар?

    Дұрыс жауап: Айналайын, сабағыңа мұқият бол.

  18. Төл сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Асан: «Мен бүгін кешігемін», – деді.

  19. Мекен пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қай жақта? Қай жерде? Қайда?

  20. Бірыңғай тұрлаулы мүшелер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Көргендер де, көре алмағандар да бар.

  21. Сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы,бір сұраққа жауап беретін сөздер қалай аталатынын табыңыз:

    Дұрыс жауап: Сөйлем мүшесі

  22. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Біздерге, 8-сынып оқушыларына, аса үлкен міндет жүктелді.

  23. Дешті Қыпшақ елінде үш жылда бір рет өтетін дәстүрлі жиынның атауы.

    Дұрыс жауап: Батыр Сайыс

  24. Сын-қимыл үстеулеріне қойылатын сұрақтар.

    Дұрыс жауап: қалай? қайтіп?

  25. Сөйлемді толықтырыңыз: Менің математик _________ .

    Дұрыс жауап: болғым келеді.

  26. –ды, -ді жұрнақтары жалғануы арқылы жасалатын етістіктің шағы.

    Дұрыс жауап: жедел өткен шақ

  27. 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық, грек-рим күресінің балуаны, спорт шебері

    Дұрыс жауап: Ж.Үшкемпіров

  28. Сұхбатқа қатысты нұсқаны белгілеңіз. – Сенің ағаң кім болып жұмыс істейді? – ...

    Дұрыс жауап: Ол жұмыс істемейді, оқиды.

  29. XXVIII қысқы Универсиада ойындары өткен қала атауы.

    Дұрыс жауап: Алматы қаласы

  30. Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидасы қандай?

    Дұрыс жауап: Дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну

  31. Денсаулықты сақтаудың ең негізгі жолы қандай?

    Дұрыс жауап: Таза ауада серуендеу

  32. Сұхбатқа қатысты нұсқаны белгілеңіз. – Ата-анаңның мамандығы қандай? – ...

    Дұрыс жауап: Ұстаздар.

  33. Күшті болсам егер мен өлеңінен алынған үзіндіні толықтырыңыз ______сен құлатқан, Қайта салып _____ ем, Ағаш егіп ұнатқан, _______тояр ем

    Дұрыс жауап: үйлерді/ қояр/жемісіне

  34. Қазіргі қоғамдағы сұранысқа ие мамандық

    Дұрыс жауап: кәсіби – техникалық, инженер - технолог

  35. Қазақтың ұлттық спорт түрлерін көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: Аударыспақ, тоғызқұмалақ, қазақша күрес

  36. Шаңғы тебу үшін қолданылатын құралды анықтаңыз. ‎

    Дұрыс жауап: Шаңғы, таяқша, арнайы аяқ киім

  37. «Пәрәб» сөзінің мағынасы

    Дұрыс жауап: қос өзеннің қосылатын жеріндегі өлке

  38. Тігінші маманы қолданатын материалды көрсетіңіз. ‎

    Дұрыс жауап: мата мен жіп ‎

  39. Сидней олимпиадасында бокстан алғашқы алтын медальді иеленген қазақтың рухты спортшысы

    Дұрыс жауап: Б.Саттарханов

  40. Қазақстан боксының алғашқы мектебі ашылған жыл

    Дұрыс жауап: ХХ ғасырдың 30-жылдары

  41. Жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы

    Дұрыс жауап: топонимика

  42. Ғимараттарды жобалап, сызбасын жасайтын маманды анықтаңыз. ‎

    Дұрыс жауап: сәулетші

  43. Мәтінді оқы. Ержан мамандық таңдағанда өз қабілеті мен қызығушылығын ескерді. Ержан дұрыс шешім қабылдады. Себебі...

    Дұрыс жауап: Ең оңай жұмысты таңдады

  44. Жетісу өңірінде неше өзен бар

    Дұрыс жауап: 7

  45. Сөйлемді толықтыратын сөздер қатарын көрсетіңіз: Білімді____ бастамашыл жастар мемлекетті басқа елдерге ____ алады.

    Дұрыс жауап: -әрі/таныта

  46. Мәтінді оқы. Аружанның шешімі қандай қасиетті көрсететінін анықта. Аружан болашақ мамандығын таңдауда екі нәрсені ескерді: өз қызығушылығы мен қоғамға пайда әкелу.

    Дұрыс жауап: жаупкершілік, саналы таңдау

  47. Мәтінді оқы. Мектепте ер балалар мен қыз балалар бірдей білім алып,бірдей мүмкіндікке ие. Бұл ұғымды қоғамда қалай атайтынын көрсет.

    Дұрыс жауап: Гендерлік теңдік

  48. «Әлеуметтік теңсіздік» тақырыбында сөйлеуге керекті тірек сөздер қатарын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: жіктелу, әлеуметтік топ, бай, кедей, мәселе, теңсіздік, теңдік,білім

  49. «Гендерлік саясат» ұғымына қатысты анықтаманы белгілеңіз

    Дұрыс жауап: қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет

  50. Мәтінді оқы. Айшаның бұл ақпаратты берудегі мақсатын көрсет. Айша Қазақстанның табиғаты туралы шетелдік досына айтып берді. Ол Қазақстанда таулар, көлдер, орман бар екенін айтты.

    Дұрыс жауап: Қазақстан табиғатын таныстыру