Ustazdyq

Зайырлылық және дінтану негіздері: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

72 сұрақ · 2-бет, барлығы 2 бет

  1. Католиктік шіркеу діндарларының үйленбеуге беретін анты:

    Дұрыс жауап: целибат

  2. Архиерей басқаратын шіркеулі-әкімшілік бірлестік:

    Дұрыс жауап: епархия

  3. Санскрит тілінде «түс» дегенді білдіретін ұғым:

    Дұрыс жауап: варна

  4. XV-XVI ғғ. мұсылмандар мен үнділіктерді біріктіруге шақырған Үндістанда пайда болған жаңа ілім:

    Дұрыс жауап: сикхизм

  5. Азаматтық қоғамның қалыптасуында маңызды рөл атқаратын рухани фактор (-лар):

    Дұрыс жауап: дүниетанымда монополияның жоқтығы

  6. 1702 жылы Бұқар жырау Қалқаманұлы араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, оқуын аяқтап шыққан медресе:

    Дұрыс жауап: "Көкілташ"

  7. Мұсылманның екінші парызы:

    Дұрыс жауап: намаз

  8. Маори дінін ұстанатын халықтар орналасқан аймақ:

    Дұрыс жауап: Оңтүстік Тынық мұхит аралдарында

  9. Құран Кәрім ілімімен терең танысып, Мұхаммедтің пайғамбар екенін шын мәнінде түісініп, ислам дінін жоғары бағалаған жазушы:

    Дұрыс жауап: Л.Н. Толстой

  10. Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде жұмыс істеп тұрған православие шіркеулерінің саны:

    Дұрыс жауап: 60-қа жуық

  11. Исламның үшінші парызы:

    Дұрыс жауап: ораза

  12. Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2011 жылы

  13. «Авестаның» бастапқы тарауларын алтын табақшаларға түсіруге жарлық берген билеуші:

    Дұрыс жауап: Виштасп

  14. Көне Русь Константинополь патриархатынан шоқынуды ресми түрде қабылдады:

    Дұрыс жауап: 988 жылы

  15. Дао дінінің ортодоксалды кітаптарының бірі:

    Дұрыс жауап: «Әрекеттер мен жазалар туралы»

  16. Күні бүгінге дейін тибет халқының басты рухани көсемі ретінде қарастырылатын тұлға:

    Дұрыс жауап: Далай-лама

  17. Дао дініндегі «Әрекеттер мен жазалар туралы» кітаптың басты желісі:

    Дұрыс жауап: жақсылық пен жамандықтың адамға қайтуы

  18. Аңыз бойынша Тибеттің шалғай аудандарында орналасқан құпия ел:

    Дұрыс жауап: Шамбала

  19. Ислам дінінің негізі жайлы жазылған "Рисала фи илм әл-усул" атты еңбегінің авторы:

    Дұрыс жауап: Мұхаммед ибн Идри әш-Шафиғи

  20. «Мен (ел басқарушы) ешқандай жаңа істі қолыма алмасам, халықтың жағдайы жақсара түседі», - деп айтқан ежелгі қытай данышпаны:

    Дұрыс жауап: Лао-Цзы

  21. Дәстүр сабақтастығы, дәстүрді қатаң ұстану, қандай да бір дәстүрден ауытқушылыққа жол бермеу:

    Дұрыс жауап: ортодоксия

  22. Бағыт, жол, көзқарас мағыналарын білдіретін араб сөзі:

    Дұрыс жауап: мазһаб