Ustazdyq

Зайырлылық және дінтану негіздері: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

72 сұрақ · 1-бет, барлығы 2 бет

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» жинағында дұрыс жауаптары бар 72 сұрақ бар.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Мұсылманның екінші парызы:

    Дұрыс жауап: намаз

  2. Дінге сенушілердің бір діннің аясындағы бірлестігі:

    Дұрыс жауап: конфессия

  3. Б.з.б. III ғ. будда дінін мемлекеттік дін деп жариялаған Маур династиясының патшасы:

    Дұрыс жауап: Ашока

  4. Библия бойынша Құдайдан дін тарату жөнінде әмір алған жан:

    Дұрыс жауап: Апостол

  5. Алғашқы мұсылмандарды ата-баба дінінен бас тартты деп аяусыз азаптағандар:

    Дұрыс жауап: мүшіріктер

  6. Ежелгі Үнді дінінің б.з.б. X-VII ғғ. аралығындағы кезеңінің атауы:

    Дұрыс жауап: брахмандық

  7. Шіркеудегі Иисустың тәні мен қаны деп қабылданатын шарап пен ашытылған нан жегізу рәсімі:

    Дұрыс жауап: Евхаристия

  8. Ежелгі Грекиядағы аңшылық құдайы:

    Дұрыс жауап: Артемида

  9. Вавилон қаласының қамқоршы құдайы:

    Дұрыс жауап: Мардук

  10. Діндарлардың өзара және басқа да «әлемге» қатысты әрекеттерінің қатаң модельдерін тудыратын қуатты құралы:

    Дұрыс жауап: дін

  11. XV-XVI ғғ. мұсылмандар мен үнділіктерді біріктіруге шақырған Үндістанда пайда болған жаңа ілім:

    Дұрыс жауап: сикхизм

  12. Сикхизмнің негізін салушы тұлға:

    Дұрыс жауап: Нанак

  13. Ислам дінінің қазақ жерінде қантөгіссіз таралуының басты себептерінің бірі:

    Дұрыс жауап: түркілер нанымдары мен исламның монотеистік сипаты

  14. Тайпаның тек нақты тегі ғана емес, оның қорғаушысы және қамқоршысы болып табылады:

    Дұрыс жауап: тотем

  15. Ежелгі мысырлықтардың тотемдік жануары:

    Дұрыс жауап: қолтырауын

  16. Анимистік сенімдерді алғаш рет терең зерттеген ғалым:

    Дұрыс жауап: Э. Тайлор

  17. Ламаизм дініне тән ерекшелік:

    Дұрыс жауап: құдайлар пантеоны

  18. Азаматтық қоғамның қалыптасуында маңызды рөл атқаратын саяси фактор (-лар):

    Дұрыс жауап: саяси плюрализм

  19. XVII ғ. "Азамат туралы" және "Левифиан" атты еңбектерінде азаматтық қоғамның түгел тұжырымдамасын баяндаған ағылшын философы:

    Дұрыс жауап: Т. Гоббс

  20. Патриархтың жоғарғы кеңесі:

    Дұрыс жауап: Синод

  21. 1995 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен Орыс православие шіркеуіне қайтарылып берілген Алматы қаласындағы шіркеу:

    Дұрыс жауап: Вознесенский кафедралды соборы

  22. 1908 жылы архитектор С.К. Тропаревтің жобасымен салынған Алматы қаласындағы шіркеу:

    Дұрыс жауап: Свято-Никольский соборы

  23. Құран Кәрім ілімімен терең танысып, Мұхаммедтің пайғамбар екенін шын мәнінде түісініп, ислам дінін жоғары бағалаған жазушы:

    Дұрыс жауап: Л.Н. Толстой

  24. Ақырзаман, алапат апат жайындағы түсінік:

    Дұрыс жауап: эсхатология

  25. Дәстүр сабақтастығы, дәстүрді қатаң ұстану, қандай да бір дәстүрден ауытқушылыққа жол бермеу:

    Дұрыс жауап: фундаментализм

  26. Мұсылманның күнделікті тіршілігінен, өз отбасынан артылған малынан, ақшасынан берілетін садақа:

    Дұрыс жауап: зекет

  27. Құранды толық жатқа білетін адам:

    Дұрыс жауап: хафиз

  28. Индуизмдегі абыздардың басты міндеті:

    Дұрыс жауап: шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру

  29. XVI ғасырда жазылған сикхтердің қасиетті кітабы:

    Дұрыс жауап: «Ади-грантх»

  30. Ежелгі гректер мифологиясындағы Деметра:

    Дұрыс жауап: диқаншылық құдайы

  31. Дао дініндегі «Әрекеттер мен жазалар туралы» кітаптың басты желісі:

    Дұрыс жауап: жақсылық пен жамандықтың адамға қайтуы

  32. Жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы:

    Дұрыс жауап: Синто

  33. Синтоизмнің басты элементі:

    Дұрыс жауап: императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеру

  34. Ғалымдардың пайымдауынша «еврей» сөзінің мағынасы:

    Дұрыс жауап: «өзеннің арғы бетінен келгендер»

  35. VII ғасырда тұрғызылған синтоизм дінінің бас храмы орналасқан қала:

    Дұрыс жауап: Исэ

  36. Еврейлердің көне діні мен жаңа дінін жалғастырушылар:

    Дұрыс жауап: фарисейлер

  37. VII ғ. соңында Омар халифтің әмірімен бұрынғы қирап қалған еврей ғибадатханасының орнына салынған мешіт:

    Дұрыс жауап: Куббат-ас-Сахра

  38. Исрайыл ұрпағына кітаппен жіберілген елші:

    Дұрыс жауап: Мұса пайғамбар

  39. Будда діні бойынша нирванаға және құдіретті ақиқатқа жетудің «ортаңғы» жолына жатпайды:

    Дұрыс жауап: ғұрыптарды қатаң сақтау

  40. Үнді елінде алғашқы буддалық монастырлар салына бастады:

    Дұрыс жауап: б.з.б. II-I ғғ.

  41. Малики мазхабы кеңінен таралған аймақ (-тар):

    Дұрыс жауап: Таяу Шығыс

  42. Бағыт, жол, көзқарас мағыналарын білдіретін араб сөзі:

    Дұрыс жауап: мазхаб

  43. Исламдағы Ханафи мазхабының негізін салушы:

    Дұрыс жауап: ән-Нұғман ибн Сәбит

  44. Қытайда дао дініне тыйым салынды:

    Дұрыс жауап: 1927 жылдан бастап

  45. XIX-XX ғғ. тотем терминін ғылымда толық бекіткен ағылшын этнографы:

    Дұрыс жауап: Дж. Фрэзер

  46. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген ғалым:

    Дұрыс жауап: Дж. Фрезер

  47. Ежелгі гректердің әйел-құдайларының ішіндегі ең құдіреттісі:

    Дұрыс жауап: Афина

  48. Жапондықтардың ең сүйікті құдайы:

    Дұрыс жауап: Аматэрасу

  49. Торадан үзінді жазылған әрбір діншіл еврей үйінің есігінің жақтауына ілінген дорбаша немесе қобдишаның атауы:

    Дұрыс жауап: мезуза

  50. Құлшылыққа аса мән берілмейтін дін:

    Дұрыс жауап: даосизм