Бастауыш сыныптар: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
180 сұрақ · 3-бет, барлығы 4 бет
Бастауыш сыныпта ең жиі қолданылатын спорттық құрал:
Дұрыс жауап: Доп
Бастауыш сыныпта бағалаудың басты принципі:
Дұрыс жауап: Баланың жас ерекшелігін ескеру
Қазақ тіліндегі сөз таптарын оқытудың бастауыш сыныптағы негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Сөздерді дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру
Зат есімді оқытуда ең алдымен қандай белгісі түсіндіріледі?
Дұрыс жауап: Сұрағы мен мағынасы
Төмендегі қайсысы дыбыс пен әріптің айырмашылығын дұрыс көрсетеді?
Дұрыс жауап: Дыбыс естіледі, әріп жазылады
Буынға бөлуді үйретудің басты әдістемелік жолы:
Дұрыс жауап: Дауысты дыбысқа негіздеу
Бастауыш сыныпта бас әріптің қолданылуы алдымен қай жағдайда үйретіледі?
Дұрыс жауап: Жалқы есімдерде
Төмендегі тапсырмалардың қайсысы тіл дамытуға көбірек бағытталған?
Дұрыс жауап: Сурет бойынша әңгіме құрау
Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту қай ұғымнан басталады?
Дұрыс жауап: Ойды білдіру
Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Оқушының түсініп оқуын дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы негізгі принцип:
Дұрыс жауап: Көрнекілік пен жүйелілік
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытудың негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Логикалық ойлау мен есептеу дағдыларын қалыптастыру
Көбейту ұғымын қалыптастырудың әдістемелік негізі:
Дұрыс жауап: Қайталанатын қосу арқылы түсіндіру
Геометриялық фигураларды оқытуда ең алдымен:
Дұрыс жауап: Көріп, ажырата білуге үйрету
Диктанттың бастауыш сыныптағы басты қызметі:
Дұрыс жауап: Орфографиялық дағды қалыптастыру
Су айналымын бастауыш сыныпта түсіндірудің ең дұрыс тәсілі:
Дұрыс жауап: Сызба және тәжірибе арқылы
Жануарларды топтастырудың бастауыш сыныптағы негізі:
Дұрыс жауап: Ғылыми классификация
3 + 7 × 2 тең?
Дұрыс жауап: 13
Бір апельсин 5 теңге тұрады. 4 апельсиннің бағасы қанша?
Дұрыс жауап: 20
4³ мәнін тап
Дұрыс жауап: 64
Барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта орналасқан, сызықпен шектелген жазық фигура:
Дұрыс жауап: шеңбер
Есепте: 4 сағ 18 мин • 950 – 182 сағ 24 мин : 12
Дұрыс жауап: 4069 сағ 48 мин
Дұрыс тасымалданбаған қатарды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: кө-лік, жа-ңа-лық
«Әнет баба өсиеті» мәтіні қай жанрға жатады?
Дұрыс жауап: аңыз
«Алақанға түкіру» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы:
Дұрыс жауап: ынталану, құлшыну
Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Біз бұл хабарды тосыннан естідік.
Қосымшасы дұрыс жалғанған сөз:
Дұрыс жауап: ансамбльге
Дұрыс тасымалданбаған қатарды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: көл-ік, бұ-лт
Затты белгілері бойынша тап. .... - жыртқыш, қу.
Дұрыс жауап: түлкі
90 мин = ... сағ … мин өлшем бірлігі
Дұрыс жауап: 1 сағ 30 мин
Екі жыл мезгілі ғана бар елдерді тап
Дұрыс жауап: Тропиктік елдер
Мектеп асханасына күріш әкелінді. 6 күн бойы күніне 4кг 500г-нан күріш жұмсалды. Егер 32 кг күріш қалған болса, асханаға қанша килограмм күріш әкелінді?
Дұрыс жауап: 59 кг
Tеңдеудің түбірі 560 - 750 : a = 535
Дұрыс жауап: 30
Cақ патшайымы
Дұрыс жауап: Томирис
Әңгімелеу мәтіні қандай сұрақтарға жауап береді?
Дұрыс жауап: Қандай? Қай?
Сөйлемнен табыс септігіндегі сөзді табыңыз. Ақбөкендер елсіз даланы мекендейді.
Дұрыс жауап: Даланы
Бармағын тістеді Tұрақты сөз тіркесінің мағынасы
Дұрыс жауап: өкіну
Cөйлемнің бастауышы Жайлауда көп ақ киіз үй тігілді.
Дұрыс жауап: үй
Сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтап, тізбекті жалғастыр. 1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, ..., ... .
Дұрыс жауап: 11, 5
Шама бірліктерімен амалды орында: 45 мин+23 мин
Дұрыс жауап: 1 сағ 8 мин
Дұрыс тұжырымдар
Дұрыс жауап: кубтың бір жағы шаршы
Оқиға, құбылыстың себептері түсіндіріледі, дәлелденеді. Неліктен? неге? сұрақтарына жауап беретін мәтін түрі
Дұрыс жауап: пайымдау
Бөлменің ұзындығы - 6м, ені - 5м және биіктігі - 3м. Бөлмеде қанша куб метр ауа бар?
Дұрыс жауап: 90м³
Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді табыңыз
Дұрыс жауап: Алматы - әсем қала
Арман үйден 8-де шығып, мектепке сағат 08:30-да келді. Үйден метепке дейінгі арақашықтық - 1км 500м . Арманның қозғалыс жылдамдығы қандай?
Дұрыс жауап: 50м/мин
Бір гүлзарға әрқайсысында 50-ден 10 қатар, ал екіншісіне әрқайсысында 16-дан 10 қатар гүл отырғызылды. Бірінші гүлзарға екіншісіне қарағанда неше гүл артық отырғызылды?
Дұрыс жауап: 340
4, 5, 7,11,19 Cандар тізбегінің жалғасы
Дұрыс жауап: 35
Қорқу мағынасындағы тұрақты сөз тіркесі
Дұрыс жауап: төбе шашы тік тұрды
Бір елді мекеннен бір уақытта және бір бағытта 75км/сағ жылдамдықпен жеңіл автокөлік және 50км/сағ жылдамдықпен автобус жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?
Дұрыс жауап: 75 км
Қос сөздерді анықтаңыз.
Дұрыс сөйлем: Айналаны найзадай тіп-тік қамыстар қоршаған. ап-айналаны найзадай тік қамыстар қоршаған
Бос орындағы сөздер: тіп-тік, ап-айналаны