Бастауыш сыныптар: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
180 сұрақ · 2-бет, барлығы 4 бет
Жұп сандар қатары:
Дұрыс жауап: 4, 8, 26, 594
Қосымша жалғанған кезде жазылуы өзгерген түбір сөз:
Дұрыс жауап: халқы
Қате жазылған сөздер қатары:
Дұрыс жауап: сепу, тапу
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, ______шығады.
Дұрыс жауап: екінші көбейткіш
«Барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп М. Әуезов сипаттаған жанр:
Дұрыс жауап: аңыз
Кеңес Одағының Батыры, қолбасшы, Жамбыл облысында туған жазушы:
Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлы
«Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы:
Дұрыс жауап: И. Крылов
«..Беліне байлап болатын, Қарына найза іледі. Алтын тұрман ер салып, Енді атына мінеді....» Осы өлең жолдары қай жанрға жатады?
Дұрыс жауап: батырлар жыры
« < » (кем) таңбасы қойылатын қатарды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 85031 : 23 * 85054 : 23
«Жырау» деген кім?
Дұрыс жауап: жырды өзі шығарып, өзі айтушы адам
«Өкшелес буын, ойыныңа, ойыңа қараймын... Биік ұшсаң- қуаныш, төмен ұшсаң – өзің өкінерсің... Мен де қуанып көрген, өкініп көрген ағаңмын. Қызығып та қоямын, қынжылып та қоямын. Өзім ұшып жете алмаған биіктікті сендерге…
Дұрыс жауап: ағалық қамқорлық
Көкөніс сатушы асқабақты бірдей алты бөлікке бөлді. Алтыдан екі бөлігін сатты. Сатылған бөліктің массасы 4 кг болса, сатылмаған бөліктің массасы қанша килограмм?
Дұрыс жауап: 8 кг
«Ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы» қалай аталатындығын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: мәтелдер
А. Беляевтің «Адам – балық» атты фантастикалық шығармасының басты кейіпкерін атаңыз:
Дұрыс жауап: Ихтиандр
М. Әлімбайдың «Он саусақ» өлеңіндегі негізгі ойды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: еңбекқорлық
Бастауышы есімдіктен болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Бәрі де осы тоқтамды дұрыс десті.
Алаңқайда 213 саңырауқұлақ өсіп тұрды. Жаңбырдан кейін олар 4 есе артты, бірақ балалар жинағаннан кейін олардың саны 3 есе азайды. Алаңқайда қалған саңырауқұлақ саны бастапқы өсіп тұрған саңырауқұлақтан нешеуі артық?
Дұрыс жауап: 71
«Бірінші жақтан айтылған оқиғаны екінші немесе үшінші жақта өзгертіп баяндау, мәтінді сахналау, сөзбен сипаттау, оқиғаның дамуын болжап, өзгертіп мазмұндау» мазмұндаудың қандай түріне жататынын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: шығармашылық мазмұндау
«х пен 286-ның айырмасы 342 мен 4-тің көбейтіндісіне тең» деген теңдеудің шешімін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: 1654
«... Кеткенім жоқ, елім сенен атақ, бақыт, тақ іздеп, Шықтым, жұртым, шалғай жаққа ғылым атты шам іздеп. Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның, Ассам - дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын...» -деп жырлаған жанды…
Дұрыс жауап: Әбу Насыр әл- Фараби
«Табиғат құбылыстарын тірі адам кейпінде немесе жансызды жанды түрде суреттеу тәсілі» қалай аталатынын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: кейіптеу
«Оның мұнда келгеніне көп болған жоқ». Үстеудің түрін ажыратыңыз:
Дұрыс жауап: мекен үстеу
Есепті шығар: Металл жонушы бес жұмыс күнінде 1150 бөлшек жасады. Ол қандай өнімділікпен жұмыс істеген?
Дұрыс жауап: 230 бөлшек
Шығармадағы оқиғалар тізбегі:
Дұрыс жауап: сюжет
Әбдібай Табылдының «Аман мен телефон» мәтініндегі Аманның өзіне бақытсыздық әкелуіне себеп болған жағымсыз қасиеттері:
Дұрыс жауап: әдепсіздік, намыссыздық
Маусым айында қызанақтың бағасы 300 теңге болды. Шілде айында оның бағасы 40%-ға төмендеді. Шілде айында 5 кг қызанақ сатып алу үшін қанша ақша төлеу қажет?
Дұрыс жауап: 900 тг
А. Байтұрсынұлының берілген мәтіндегі «жұмбақ жолдасы» – Жұмбақ жолдас Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі! Қайда барсам қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді, жүгірсем жү…
Дұрыс жауап: көлеңке
Бір сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үйлесіп келуі:
Дұрыс жауап: буын үндестігі
А. Құнанбаевтың «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» өлеңінде адамның қай жас кезеңі туралы айтылған?
Дұрыс жауап: жас уақыт
«Көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек,сол ... ... болады.» А. Байтұрынұлы. Көп нүктенің орнына қай сөз тіркесін қоясыз?
Дұрыс жауап: сөз өнері
Бос жиынды белгілеңіз:
Дұрыс жауап: ұшатын балықтар жиыны
Жер телімі 12 бөлікке бөлінген. 4/12 бөлігіне алма ағашының көшеттері отырғызылды. Қалған жердің 3/8 бөлігіне өрік көшеттері отырғызылса, барлық жердің қанша бөлігі игерілмей жатыр?
Дұрыс жауап: 5/12 бөлігі
«Эпитет» деп нені айтамыз?
Дұрыс жауап: бір нәрсенің айрықша сипатын анықтау үшін оны көркейтетін, айқындайтын бейнелі көркемсөз
«Әңгір таяқ ойнату» деген тұрақты сөз тіркесінің баламасын атаңыз:
Дұрыс жауап: әкесін таныту
Жұмбақтан туынды сын есімді анықтаңыз. Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем.
Дұрыс жауап: түкті, түксіз
Бір сыныпта оқитын Жанар, Данияр және Маржан гимнастика, шаңғы, жүзу үйірмелеріне қатысады. Маржан жүзумен ешқашан айналыспаған. Данияр шаңғыға ешқашан бармаса, Жанар шаңғыдан бірнеше дүркін чемпион. Онда Данияр қай спор…
Дұрыс жауап: жүзу
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлем:
Дұрыс жауап: Япыр-ай, меніңше, Қанат, сенікі дұрыс емес.
Гүлжан Айманнан 15 жас үлкен, ал өзінің әпкесінен 5 жас кіші. Үшеуінің жасын қосқанда 65 жас болады. Гүлжанның жасы нешеде? Жауаптардың бірін таңдаңыз:
Дұрыс жауап: 25
Зат есімдердің құрамына қарай бөлінуін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: дара зат есім, күрделі зат есім
«Аулада гүлді баптаймыз, Көгалды таптап,баспаймыз. Өсіріп орман көктемде, Ауаны таза сақтаймыз.» А. Оразбайқызы. Осы өлеңдегі жіктік жалғаулы етістіктерді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: баптаймыз, баспаймыз, сақтаймыз
Қосудың терімділік қасиетін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: (a + b) + c = a + (b + c)
Жұрнақ жалғанған сөздерді табыңыз:
Дұрыс жауап: қойшы, малшы, алғырланып
Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабағының негізгі міндеті:
Дұрыс жауап: Баланың жалпы қозғалыс дағдыларын қалыптастыру
1–4 сынып оқушылары үшін ең қолайлы сабақ ұзақтығы:
Дұрыс жауап: 40–45 минут
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы басты дидактикалық принцип:
Дұрыс жауап: Оңайдан қиынға
1–2 сыныпта табиғатты танып-білуге ең тиімді әдіс:
Дұрыс жауап: Бақылау және тәжірибе
Тірі табиғатқа жататын нысан:
Дұрыс жауап: Өсімдік
Өсімдіктің өсуі үшін ең қажетті жағдай:
Дұрыс жауап: Жарық, су және ауа
Бастауыш сыныпта қозғалыс дағдыларын дамытудың ең тиімді әдісі:
Дұрыс жауап: Қозғалмалы ойын әдісі
Сабақтың кіріспе бөлімінде басты назар аударылады:
Дұрыс жауап: Денені қыздыруға