Бейнелеу өнері: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
142 сұрақ · 3-бет, барлығы 3 бет
Иллюстрацияның негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: Кітап мазмұнын көрнекі түрде түсіндіру
Офорт техникасының ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Металл пластина мен қышқыл қолдану
Станокты живописьтің басты белгісі:
Дұрыс жауап: Жеке станокта орындалуы
Миниатюралық живопись қай салада кең қолданылады?
Дұрыс жауап: Кітап көркемдеуде
Көркемдік әдіс дегеніміз:
Дұрыс жауап: Суретшінің шындыққа шығармашылық қатынасы
Абстракция өнеріндегі басты принцип:
Дұрыс жауап: Қажет қасиетті бөліп алып, дерексіздендіру
Бейнелеу өнеріндегі «пластикалық өнер» ұғымы нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Кеңістікте көрінетін, көзбен қабылданатын өнерді
Дизайн өнерінің басты мақсаты:
Дұрыс жауап: Заттық ортаны көркем әрі ыңғайлы ету
Бедер өнерінің басты белгісі:
Дұрыс жауап: Жазық бетке жартылай шығып тұрған бейне
Барельефке тән ерекшелік:
Дұрыс жауап: Фигура көлемінің жартысынан азы шығып тұрады
Палитра дегеніміз:
Дұрыс жауап: Бояуларды араластыруға арналған құрал
Монументальды живопиське қайсы жатады?
Дұрыс жауап: Фреска
Графика мен кескіндеменің басты айырмашылығы қайсы?
Дұрыс жауап: Графикада сызық негізгі, кескіндемеде түс негізгі
Сюжет пен мотивтің айырмашылығы неде?
Дұрыс жауап: Сюжет – толық оқиға, мотив – шағын үзінді
Портрет пен иллюстрацияны шатастырмаудың негізгі белгісі:
Дұрыс жауап: Иллюстрация мәтінге тәуелді, портрет дербес жанр
Коллаждың кубизммен байланысы неде?
Дұрыс жауап: Бірнеше материал мен бейнені біріктіруінде
Монументальды живописьтің композициясы неге тәуелді?
Дұрыс жауап: Ғимараттың архитектурасына
Гравюраның живописьтен басты айырмашылығы:
Дұрыс жауап: Баспалық көшірме жасау мүмкіндігінде
Реализм мен абстракцияның түбегейлі айырмашылығы:
Дұрыс жауап: Реализм нақты шындыққа, абстракция дерексіз ойға сүйенеді
Бедер мен толық мүсіннің басты айырмасы:
Дұрыс жауап: Бедер жазық бетпен байланысты, мүсін толық көлемді
Пейзаждың портрет жанрында қолданылуы нені күшейтеді?
Дұрыс жауап: Кейіпкердің мінезі мен көңіл күйін
Палитра ұғымы қай жағдайда кең мағынада қолданылады?
Дұрыс жауап: Суретшінің жеке түстік стилін сипаттағанда
Иллюстрация мен миниатюраның ортақ белгісі:
Дұрыс жауап: Кітап мазмұнымен тығыз байланысы
Көркемдік әдіс пен стильдің байланысы қалай көрінеді?
Дұрыс жауап: Көркемдік әдіс стильдің қалыптасуына негіз болады
Анималистік жанрдың тарихи маңызы неде?
Дұрыс жауап: Адам мен табиғат арасындағы алғашқы көркем байланысты көрсетуінде
Бейнелеу өнер жанрларын ата:
Дұрыс жауап: пейзаж, портрет, натюрморт, сюжетті сурет
Кескіндеме өнерінің басты мәнерлік құралы:
Дұрыс жауап: түстер
Кескіндеме өнерінің басты мәнерлік құралы:
Дұрыс жауап: түстер
Аңдар мен жануарлар әлемін бейнелейтін суреткер:
Дұрыс жауап: анималист
Қазақ халқының сәндік, дәстүрлік кәсіби өнері:
Дұрыс жауап: қолөнері
"Суретті қолмен емес баспен салады" деген қайта өрлеу суреткері:
Дұрыс жауап: Леонардо да Винчи
Қазақ қолөнерінде шеберлерді төрт топқа бөледі. Дұрысын табыңыз:
Дұрыс жауап: шебер, ұста, ісмер, зергер
Саф алтыннан құралған, әлемді тамсандырған, сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы:
Дұрыс жауап: Есіктен табылған "Алтын адамы"
Қазақстанның ежелгі тас мүсіндер мен құлпытастар көп кездесетін өңірі?
Дұрыс жауап: Маңғыстау
Сәндік қолданбалы өнерде шеңбердің және түрлі бұрыштардың ішінде орналасқан өрнектер:
Дұрыс жауап: геометриялық өрнек
«Абай» бейнесін салған қазақтан шыққан алғашқы суретші:
Дұрыс жауап: Ә.Қастеев
Графиканың (сызба) тәсілін ата:
Дұрыс жауап: дақ, сызық, штрих
Сәулетші мен мүсіншінің шығармашылық бірлестікті қамтитын мүсін өнерінің туындысы:
Дұрыс жауап: монументтік ескерткіштер
Қарбыз бейнеленген «Натюрморт» көркем шығарманың авторы кім ?
Дұрыс жауап: Т.Тоғызбаев
"Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің" зерттеу нысаны:
Дұрыс жауап: көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісі
Бейнелеу өнерін ғылыми негізде игеру мен дамыту идеясы бастау алған дәуір:
Дұрыс жауап: Қайта Өрлеу
Қ. Телжановтың шығармаларын ата:
Дұрыс жауап: "Атамекен", "Бостандық", "Көкпар"