Бейнелеу өнері: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
142 сұрақ · 2-бет, барлығы 3 бет
Ғимараттың ішкі көрінісін не деп атаймыз?
Дұрыс жауап: интерьер
Саф алтыннан құралған, әлемді тамсандырған, сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы:
Дұрыс жауап: Есіктен табылған "Алтын адамы"
Сызықтық перспектива дегеніміз не?
Дұрыс жауап: әртүрлі көлемді бейнемен алыстату обьектісі
Ә. Қастеев атындағы мемлекттік мұражайға қай уақытта суретші есімі берілді?
Дұрыс жауап: 1984 ж
Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем:
Дұрыс жауап: көкжиек сызығы
Тегістік бетіндегі мүсіндік бейнелеудің түрі:
Дұрыс жауап: барельеф (рельеф)
Адамның бас сүйегінің жалпы саны:
Дұрыс жауап: 23
Сәндік қолданбалы өнерде шеңбердің және түрлі бұрыштардың ішінде орналасқан өрнектер:
Дұрыс жауап: геометриялық өрнек
Портрет жанрының гүлденген дәуіріндегі ұлы суретші:
Дұрыс жауап: Рембрандт
«Оқыту әдістемесі» бойынша графикалық сызба 3 бөлінеді: қондырғылы, қолданбалы және газет-журнал сызбасы. Грамота, диплом, марка, этикетка қай түріне жатады?
Дұрыс жауап: қолданбалы графика
«Абай» бейнесін салған қазақтан шыққан алғашқы суретші:
Дұрыс жауап: Ә.Қастеев
Сәулетші мен мүсіншінің шығармашылық бірлестікті қамтитын мүсін өнерінің туындысы:
Дұрыс жауап: монументтік ескерткіштер
"Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің" зерттеу нысаны:
Дұрыс жауап: көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісі
XVII ғ. Еуропа көркемсурет академияларында кең қолданылған оқу-әдістемелік еңбектің авторы:
Дұрыс жауап: Ағайынды Карраччилер
Қайта өрлеу дәуірінде адам тұлғасының анатомиялық құрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеуші:
Дұрыс жауап: Леонардо да Винчи
Бейнелеу өнерін ғылыми негізде игеру мен дамыту идеясы бастау алған дәуір:
Дұрыс жауап: Қайта Өрлеу
"Кескіндеме туралы трактат" атты ғылыми еңбектің авторы:
Дұрыс жауап: Ченино Ченнини
Белгілі бір сурет әріптерімен берілетін мәтін:
Дұрыс жауап: шрифт
Мозаика жасау кезінде қандай материалдар пайдаланылмайды?
Дұрыс жауап: пластмасса
Бейнелеуге үйрететін алғашқы әліппе?
Дұрыс жауап: сурет салып үйрету
Кескіндемеде композиция дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Бейнедегі элементтердің орналасуын ұйымдастыру
Қай түстер жылы түстерге жатады?
Дұрыс жауап: Қызыл, сары, қызғылт сары
Қай материал графикалық бейнелеу құралдарына жатады?
Дұрыс жауап: Түсті қарындаштар
К какому виду относится орнамент «қошқар мүйіз»?
Дұрыс жауап: Зооморффный
"Суретті қолмен емес баспен салады" деген қайта өрлеу суреткері:
Дұрыс жауап: Микеланджело
Кескіндеме өнерінің басты белгісі қайсы?
Дұрыс жауап: Бояу арқылы жазық бетке бейне түсіру
Бейнелеу өнерінің басқа өнер салаларынан негізгі айырмашылығы қайсы?
Дұрыс жауап: Дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелеуі
Өнерді «адам танымының формасы» деп атаудың себебі неде?
Дұрыс жауап: Ол адам дүниетанымы мен ішкі сезімін көркем образдар арқылы көрсетеді
Сәулет өнерін басқа бейнелеу өнері түрлерінен ерекшелейтін белгі:
Дұрыс жауап: Жобалау және құрылыс салумен тікелей байланысы
Сәндік-қолданбалы өнердің басты ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Тұрмыстық қажеттілік пен көркемдіктің үйлесуі
Аппликация мен коллаждың ортақ белгісі:
Дұрыс жауап: Материал бөліктерін жапсыру арқылы бейне жасау
Гравюра өнерінің басты ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Бедерлеп жасалған бейненің қағазға көшірілуі
Мүсін өнерінің мәні неде?
Дұрыс жауап: Кеңістікте көлемді бейне жасау
Горельеф пен барельефтің айырмашылығы қай тұста?
Дұрыс жауап: Бейнелердің жазықтықтан шығып тұру көлемінде
Ксилография мен литографияның айырмашылығы неде?
Дұрыс жауап: Бірі ағашта, бірі тегіс бетте орындалады
Натюрморт жанрына тән басты белгі:
Дұрыс жауап: Бір орынға топтастырылған тұрмыстық заттарды бейнелеу
Пейзаж жанрының басқа жанрлармен байланысы қалай көрінеді?
Дұрыс жауап: Басқа жанрлардың мазмұнын толықтыру құралы ретінде қолданылуында
Стиль ұғымы нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Идеялық-көркемдік бірлік пен бейнелеу ерекшеліктерінің жүйесін
Реализм көркемдік әдісінің басты мақсаты:
Дұрыс жауап: Шынайы өмірді нақты белгілерін сақтай отырып көрсету
Монументальды живопись пен станокты живописьтің басты айырмашылығы:
Дұрыс жауап: Орындау орны мен кеңістікке байланысында
Графика өнерінің негізгі бейнелеу құралы:
Дұрыс жауап: Сызық, дақ, штрих
Композиция ұғымы нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Көркем шығарманы құрастыру, элементтерді үйлестіру
Мозаика өнерінің басты ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Ұсақ қатты материалдардан бейне құрастыру
Акварель бояуының гуашьтан басты айырмашылығы:
Дұрыс жауап: Ақ сырдың қосылмауында
Гуашь бояуының ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Ақ сыр қосылып, жабық қабат түзуі
Портрет жанрында ең маңыздысы:
Дұрыс жауап: Адамның ішкі мінезі мен бейнесін ашу
Жанр ұғымы нені анықтайды?
Дұрыс жауап: Көркем шығарманың тақырыптық түрін
Анималистік жанрдың шығу тегі қай кезеңмен байланысты?
Дұрыс жауап: Алғашқы қауымдық өнермен
Баталия жанрының басты тақырыбы:
Дұрыс жауап: Соғыс пен әскери өмір
Мотив дегеніміз:
Дұрыс жауап: Шағын тақырыптық үзінді