Ustazdyq

Қазақстан тарихы: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

217 сұрақ · 5-бет, барлығы 5 бет

  1. Нұралы хан кіші жүзден қашан біржола қуылды:

    Дұрыс жауап: 1786 жылы

  2. Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнатқан Батыс Сібір ханы:

    Дұрыс жауап: Ибақ

  3. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған хан:

    Дұрыс жауап: Тоғылық-Темір (1348-1362)

  4. Тоқтамыс хан қайтыс болғаннан кейін тайбұға тайпасы кімнің билігін мойындаған?

    Дұрыс жауап: Едігенің

  5. Әбілқайыр хан мен Тоқа-Темір ұрпақтары арасындағы шайқас қай жылы болды?

    Дұрыс жауап: 1431 ж.

  6. Қазақ хандығының құрылуына қай екі мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар әсер еткен:

    Дұрыс жауап: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан

  7. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:

    Дұрыс жауап: Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы.

  8. Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:

    Дұрыс жауап: Сұлтан

  9. ХІV-ХV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор батырлық өнегелік мазмұндағы ертегілер:

    Дұрыс жауап: «Құламерген», «Керқұла атты Кендебай».

  10. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы:

    Дұрыс жауап: В.Татищев

  11. Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы шыққан:

    Дұрыс жауап: П.Рычков

  12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің себептері:

    Дұрыс жауап: Барлық жауап дұрыс.

  13. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны:

    Дұрыс жауап: 8500-ге жуық.

  14. Тың игеру жүргізілген облыстар:

    Дұрыс жауап: Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай.

  15. Сталин қайтыс болды:

    Дұрыс жауап: 1953 ж.

  16. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі:

    Дұрыс жауап: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы.

  17. 1960-1970 жылдары гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен ғалым:

    Дұрыс жауап: У.Ахметсафин.