Ustazdyq

Қазақстан тарихы: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

217 сұрақ · 4-бет, барлығы 5 бет

  1. Иран жазбаларындағы «Сақ» сөзінің мағынасы:

    Дұрыс жауап: «Жүйрік атты турлар»

  2. Кіші хандарға бағынатын, ру-тайпаларды басқарған:

    Дұрыс жауап: Көсемдерге

  3. Хорезмшах Мұхаммад пен Қыпшақ хандығы сыр бойындағы қалалар үшін соғысты:

    Дұрыс жауап: ХІІ ғасырдың басы.

  4. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:

    Дұрыс жауап: Мезолит

  5. Ең бірінші қолданылған металл:

    Дұрыс жауап: Мыс.

  6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшелігі:

    Дұрыс жауап: Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді

  7. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең:

    Дұрыс жауап: Қола дәуірі.

  8. Қола дәуірінің соңына қарай пайдаланылған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды:

    Дұрыс жауап: Барлық жауап дұрыс

  9. 1992 жылы 2 наруызда Қазақстан тарихындағы болған елеулі оқиға:

    Дұрыс жауап: Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

  10. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:

    Дұрыс жауап: Қызылорда облысы.

  11. Ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталғандар:

    Дұрыс жауап: Сақ жауынгерлері.

  12. Бесшатыр обасының мерзімі:

    Дұрыс жауап: Б.з.б. 5-4 ғасырлар

  13. Сарматтарда шыныдан жасалған ыдыстарды қайдан алғызды?

    Дұрыс жауап: Шығыс елдерден

  14. 1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі:

    Дұрыс жауап: «Тарих толқынында».

  15. Қазақстанда жекешелендірудің ІІ кезеңі басталды:

    Дұрыс жауап: 1994 жылдың көктемінде.

  16. Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген теңіздің арғы жағындағы сақтар:

    Дұрыс жауап: Парадария сақтары

  17. Үйсіндердің мекендеген жері:

    Дұрыс жауап: Жетісу

  18. Солтүстік ғұндардың билеушісі:

    Дұрыс жауап: Чжи-Чжи

  19. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:

    Дұрыс жауап: Б.з.б. І мың жылдығы

  20. Қашан оғыздар Жетісуды мекендеп, Түрік қағанатының құрамында болды?

    Дұрыс жауап: VII ғасырда.

  21. Қай жазбаларда оғыздардың «Қойлары құйрықты келеді», -деп жазылған?

    Дұрыс жауап: Араб жазбаларында.

  22. Сатұқ Боғра хан билік құрды:

    Дұрыс жауап: 915-955 жылдары.

  23. Түргеш қағанатының астанасы:

    Дұрыс жауап: Суяб.

  24. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал:

    Дұрыс жауап: «Отан тарихы».

  25. «Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды:

    Дұрыс жауап: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».

  26. Қимақтар Моңғолияның солтүстік-батысын қашан мекендеген?

    Дұрыс жауап: VIІ ғасырдың басында.

  27. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған:

    Дұрыс жауап: Ибн-Хаукәл

  28. Қарақытайлар Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастады:

    Дұрыс жауап: ХІІ ғасырдың 40-жылдары.

  29. Қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейтті:

    Дұрыс жауап: ХІІ ғасырдың екінші жартысы.

  30. Жетісуға қашып кеткен найман билеушісі кім?

    Дұрыс жауап: Күшлік хан

  31. «Моңғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғғ. өмір сүрген керейлер күшті дамыған ел», - деп айтқан тарихшы:

    Дұрыс жауап: Рашид ад-Дин

  32. Бабаджа қатын кесенесінің салынған мерзімі:

    Дұрыс жауап: Х-ХІ ғасырлар

  33. Балбал тастар Қазақстанның қай бөлігінде көп кездеседі?

    Дұрыс жауап: Орталық Қазақстан, Жетісу

  34. Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты:

    Дұрыс жауап: 633 ж.

  35. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған қалалар:

    Дұрыс жауап: Күлтөбе, Раң.

  36. Шыңғысхан (Темучин) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдон деген жерде дүниеге келді:

    Дұрыс жауап: 1155 жылы.

  37. Алтын Орда Монғол империясынан толық тәуелсіздігін қай хан тұсында алды?

    Дұрыс жауап: Берке (1255-1266)

  38. Алтын Орданың ең гүлденген уақыты қай хандардың тұсында?

    Дұрыс жауап: Өзбек хан (1312-1342) мен Жәнібек хан (1342-1357)

  39. Қай хан Сығанақ қаласында 1327-1328 жылдары теңге соқтырады:

    Дұрыс жауап: Мүбәрак хан (1320-1344)

  40. 1991 жылдың І жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен қанша біріккен кәсіпорын ашылды:

    Дұрыс жауап: 35

  41. Моғолстан қай ханның кезінде ыдырай бастаған?

    Дұрыс жауап: Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид

  42. Қазақ халқының халық болып қалыптасу барысын бұзған қандай оқиға?

    Дұрыс жауап: ХІІІ ғасыр басындағы монғол шапқыншылығы

  43. Жоңғар қонтайшысы Себан-Рабданның қазақ жеріне сәтсіз жорығы:

    Дұрыс жауап: 1713 ж.

  44. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» болады деп көрсеткен орыс патшасы:

    Дұрыс жауап: І Петр

  45. Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы антты қай жылы қабылдады:

    Дұрыс жауап: 1731 жылы 10 қазанда

  46. Жоғарғы Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі қашан тағайындалды:

    Дұрыс жауап: 1990 жылы сәуірде

  47. Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады:

    Дұрыс жауап: 1989 жылы.

  48. Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылғаналғашқы мемлекет:

    Дұрыс жауап: Ақ Орда

  49. Әбілқайырды қанша ақсүйек-шонжарлар хан сайлайды?

    Дұрыс жауап: 200-ден астам

  50. Қазақ хандығы таптық негізгі екі топ. Олар:

    Дұрыс жауап: Феодалдар мен қарапайым халық.