Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Химия, 9-сынып · Сұрақ 48/84

Кез келген атом құрамындағы протон саны сай келеді

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: электрон санына

Жауап нұсқалары

  1. A.нейтрон санына
  2. B.электрон санынадұрыс
  3. C.топ нөміріне
  4. D.атом радиусына
  5. E.салыстырмалы атомның массасына

Тапсырма мәтіні

Атом құрамы ядродан және осы ядроны айналып тұратын электрондардан құралған. Ядро протондар мен нейтрондардан құралған. Протон оң заряды бар бөлшек, ал нейтронның заряды жоқ бөлшек. Осы екі бөлшектің массалары шамалас, ал электрон болса нейтроннан 1838 есе жеңіл. Электронның заряды теріс. Электронның заряды табиғатта бар электр зарядтардың ең кішісі, протонның заряды электрондыкіне тең, тек таңбасы оң. Атомның құрамында неше электрон бар болса, сонша протон бар болады. Кейбір химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары өзгеше атомдары бар болады. Мысалы көміртектің салыстырмалы атомдық массасы 12 және 13-ке тең атомдары бар. Бұл екеуі де көміртек болады, бұлардағы протондар саны бірдей, бірақ нейтрондар саны әртүрлі. Атом ядросында протондар саны бірдей бірақ массалары әртүрлі атомдар изотоптар деп аталады.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар