Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Химия, 9-сынып · Сұрақ 52/84

АІCI₃ + KOH → АІ(OH)₃ + KCI теңдеуіндегі молекулалық, толық және жартылай ион алмасу теңдеуіндегі барлық коэффициенттер жиынтығы

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: 8, 17 және 5

Жауап нұсқалары

  1. A.8, 11 және 6
  2. B.8, 17 және 5дұрыс
  3. C.6, 11 және 6
  4. D.12, 11 және 4
  5. E.6, 12 және 4

Тапсырма мәтіні

Химиялық реакциялардың жіктелуі Реакцияға қатысқан және оның нәтижесінде түзілген заттардың санына байланысты химиялық реациялар төрт типке жіктеледі. Қосылу реакциясы кезінде бірнеше әрекеттесуші заттар реакцияға түсіп, бір ғана өнім түзіледі. А+В → АВ 2Са + О2 → 2СаО Айырылу реакциясы кезінде бір ғана зат бірнеше заттарға ыдырайды. АВ → А+В 2HgO→ 2Hg + О2 Орынбасу реакциясы кезінде, белсенділігі жоғары зат, күрделі заттың құрамындағы белсенділігі төмен заттың орнын басып алып, белсенділігі төмен затты ығыстырып шығарады. А + ВС → АВ +С Zn + CuCI2 → Zn CI2 + Cu Алмасу реакциясы кезінде катиондар мен аниондар өзара алмасады. АВ + СD → AD + CB, мысалы: AgNO3 + KCI → Ag CI + KNO3 Химиялық реакциялардың келесі жіктелу түрі бойынша тотығу- тотықсыздану және ион алмасу реакциялары. Атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар