Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 111/127

Тұзақшының «даусы зордың пайдасы зор» деген пікіріне келтірген мысалы:

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Есек

Жауап нұсқалары

  1. A.Бұлбұл
  2. B.Қарға
  3. C.Ақын
  4. D.Шешен
  5. E.Есекдұрыс

Тапсырма мәтіні

*** Жиі тоқылған жібек бұйымдай құлаққа жұмсақ, тәтті пісірілген сіңімді тамақтай жүрекке жайлы тиетін, жақсы үнді, сұлу сөзді ақындар май айының қызыл гүліндей қыршын жастардың қызықты, қымбат өмірлерінің қиын сырын сипаттаса, кейде қыс айының декабріндей жайнаған жасыл гүлді қуартатұғын, талай-талай жүректердің тамырын жүзінің нұрымен билеп соқтыратын сұлуларды солған жемістей суалтатын қуаныштың да, қайғының да өзіне лайықты сөз ұнаулы үнмен айтылса, дүниеде осыдан жақсы жанға жайлы әдемілік, жарасымдық бар ма екен? Бет сұлулығы тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы ғой, әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет сұлулығын әркім – ақ таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз. Бір тұзақшы бір бұлбұл, бір ала қарғаны ұстап алып, екеуін бір шарбаққа қамап қойғанын құс жайын білетін бір адам көріпті де: «Сайрайтын бұлбұл мен бақыратын қарғаны неге бірге қамайсың?» - десе, тұзақшы: «Бұлбұл қайтсем сайрайды? Қарға қайтсем бақырады?» – депті. Ол адам: «Бұлбұлды үлкен жақсы шарбаққа қойып, қонуына гүлденген тал орнатып, алдына әдемі иісті гүлдер қой, қарғаның қонуына өлексенің қу басын қой да, алдына сасыған жемтік таста»,- депті. Тұзақшы сол айтқанын қылса, бұлбұл гүлді көрген соң, жас өмірдің жайнаған түрін, өтетұғын баянсыз кәрі өмірдің мұңлы сырын неше түрлі нақысты дауыспен сайрапты. Ал қарға қу басты көрісімен қарғып үстіне қонып, алдындағы жемтікке қарап, өңешін созып: «қарқ-қарқ» деп екі шақырып, жемтікті шоқи бастапты. Сонда әлгі тұзақшы: «Ана кішкентай торғайдан мына қара ала құсым жақсы екен, бұл тамағын көрісімен қуанып, маған: «Рақмет, рақмет», – деді де, тамағын жеді. «Ана, шіркін, тамақ та жемей, рақмет те демей, құры қиқылдап-шиқылдап азапқа түсіп, өлгенше мылжыңдады және мынаның дауысы шыққанда, оның жіңішке дауысын естуге де болмайды. Әрине, дауысы зордың пайдасы зор, мәселен, есек адамның көп жұмысын бітіреді», – депті. Былғаныш наданнан таза ғылым қандай жиренсе, таза ғалымнан былғаныш надандар сондай жиренетіні анық. (Шәкәрім)

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар