Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Елдің ішкі мәселесіне араласу
Жауап нұсқалары
- A.Ел іші мәселелеріне мән бермеу
- B.Елдің ішкі мәселесіне араласудұрыс
- C.Халыққа адал қызмет ету
- D.Халықты білімге шақыру
- E.Ел ішінде бүлік шығару
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Елдің ішкі мәселесіне араласу
Жауап нұсқалары
ВКП(б) Қазақстан Өлкелік Комитетіне, Мирзоян жолдасқа, Қонысынан ауған қазақтар жөнінде Сталин жолдасқа жазған баяндау хатымның көшірмесін хабардар ету үшін осы хатпен бірге сізге жолдап отырмын. Қонысынан ауған қазақтарды орналастыру жөніндегі ұсыныстардың жобасын әзірлеу үшін РСФСР Халық комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП(б) Орталық Комитеті тарапынан ерекше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақсатанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП(б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (атап айтқанд, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дәл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен белгілі бір дәрежеде шұғылдануға тура келеді. Осы мақсатпен мен ВКП(б) Орталық комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді деп ойлап қалмаңыз, мен қойып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпымемлекеттік тұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП(б) Орталық Комитетіне жазып отырмын. Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой-пікірлерді ескереді деп үміт етемін. Коммунистік сәлеммен, Т.Рысқұлов ВКП(б) Қазақстан Өлкелік Комитетіне (РГАСПИ), И.В.Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 558-қор, 1-тізбе, 65-іс,42-парақ.