Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 113/127

Қарсылықты сабақтас құрмаластың жасалу жолын көрсетіңіз. Тауыс ең әдемі құс болса да, аяқтары ұсқынсыз болып келеді.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалған

Жауап нұсқалары

  1. A.Шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалғандұрыс
  2. B.Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған
  3. C.Етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болған
  4. D.Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалған
  5. E.Шартты райдың болымсыз түрінен жасалған

Тапсырма мәтіні

Сұлулығы аңызға айналған құс Ертегілерде, ескі әңгімелерде көбірек айтылатын құйрық үсті қауырсынымен ерекшеленетін дүниедегі ең әдемі құс – тауыс. Тауыстар – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. Оның екі түрі бар: кәдімгі тауыс және көкқанатты тауыс. Олар әдемілігі жағынан ғана емес, дене тұрқы жағынан да өзге құстардан басып озады. Себебі тауықтәрізділер отрядының ішіндегі ең ірі құс болып табылады. Бұлар үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Ашық далалы, ну орманды жерлерде мекендемейді. Мекиені мен қоразы бір-біріне аса ұқсамайды. Қоразының дене тұрқы 110-125 см, салмағы бес киллограмдай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының ұзындығы 120-130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Қоразының басы мен мойны ашық көк түсті, арқа тұсы сары-жасыл түсті, қауырсыны қызғылт сары түсті болып келеді. Қоразы неше түрге боялған «көздері» бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Қауырсындарының ұзындықтары әртүрлі болып келеді. Тауыстар – ұша алатын құс. Соған қарамастан жеңіл ұшып, көздеген биігіне оңай көтеріле алады. Тауыс ең әдемі құс болса да, аяқтары ұсқынсыз болып келеді. Аңыз әңгімелерде бұл құс өзінің әдемілігіне тәкаппарланатын болыпты. Бір күні тәкаппарланып жүріп, көзі аяғына түсіп кетсе, ұсқынсыз аяқтарын көріп, бар дауысымен бақырып жіберіпті-мыс делінеді. Табиғатынан тауыстар көп дыбыс шығара бермейтін құс. Алайда жаңбырдың алдында дауыс шығарғанды жақсы көреді. Оның дауысы өте ащы болып келеді. Мекиені ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Оған 4-7 қызғылт дақтары бар жұмыртқа басады. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Олар жәндіктер мен олардың дернәсілдері, құрттар мен моллюскалармен қоректенеді.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар