Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 4-сынып · Сұрақ 30/109

Әтештің Тотықұсқа киімін киюге беруіне себеп болған мінез-құлқын анықтаңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: әтештің сенгіштігі

Жауап нұсқалары

  1. A.әтештің жанашырлығы
  2. B.әтештің сенгіштігідұрыс
  3. C.әтештің кербездігі
  4. D.әтештің адалдығы
  5. E.әтештің тәкаппарлығы

Тапсырма мәтіні

Әтеш пен тотықұс (ертегі) Ертеде аң мен құстың ішіндегі ең әдемісі, ең сымбаттысы әтеш болыпты. Ол өте тәкаппар екен. Бірде бір аңмен не құспен сөйлеспейді екен. Оның жалғыз серігі тотықұс болыпты. Тотықұстың үстінде жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні тотықұс әлгі кербез әтешке келіп: – Досым, мен бүгін қонаққа бармақпын. Жөнді киімім де жоқ, мына түріммен қалай барамын. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, – деп жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады. – Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, даусыңды естиін, – дейді. Сөйтіп, тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш тотықұс естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан бері әтеш тотықұс киіп кеткен әдемі киімін әлі іздеп жүр. Таң атқаннан күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар