Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 4-сынып · Сұрақ 90/109

Әсірелеу тәсілін қолданған кейіпкер:

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Тамыршы

Жауап нұсқалары

  1. A.Ел
  2. B.Тамыршыдұрыс
  3. C.Дәруіш
  4. D.Нөкер
  5. E.Ақдауыл хан

Тапсырма мәтіні

Баяғыда бір елдің ерлігі жұрттан асқан «Ақдауыл» деген батыры болған екен. Қаһарынан жау қаймығыпты. Әйтсе де елге жаманшылығы жоқ екен. Аш-жалаңаш жұртты қолдапты. Ақыры еңбегі елге жағып, халық оны хан көтеріпті... Бір күні Ақдауыл қатты ауырады. Ешбір асқа тәбеті шаппайды. Ойын-сауыққа зауқы соқпайды. - Ақдауыл ханның денсаулығына аса қауіпті ештеңе жоқ, - дейді атақты бір тамыршы. –Хан иемді Ұлы теңіздің жағасына апарып, теңіз самалымен емдеу керек. Айтты, бітті. Ұзақ жол жүріп, Ұлы теңізге жетеді. Бірақ теңіздің таза ауасы, гүл жазирасы дертті ханның көңілін хош ете алмайды. Ақдауыл хан бұрынғыдан бетер жүдей түседі. - Хан иемді сонау Үнді жағалауына алып бару керек. Сол жердің самал ауасы, ән-сазы бұл кісіні дертінен айықтырады, - дейді бір дәруіш. Сол-ақ екен, ақ шатырлы хан күймесі енді Үнді еліне аттанады. Айтса – айтқандай, бұл ел шынымен де керемет екен. Бірақ Үнді елі де ханның көңілін таба алмады. Ханның еңсесі онан сайын түседі. Қарт дәруіш ханның тамырын ұстап отырып: - Сіз жаугершілікпен жүріп, ер үсті – ат жалында ұзақ жыл түн қаттыңыз. Енді сіз үшін оның ешқандай қызығы жоқ. Енді бір қызық болса, өз туған жеріңіз, ана құрсағынан шыр етіп түсіп, алғаш қадам басқан жеріңіз қызық болар. - Менің туған жерім бе? – деп аңырап қалады Ақдауыл хан.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар