Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Байлық
Жауап нұсқалары
- A.Табыс
- B.Байлық пен Сүйіспеншілік
- C.Сүйіспеншілік
- D.Табыс пен Байлық
- E.Байлықдұрыс
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Байлық
Жауап нұсқалары
Нағыз байлық Ертеде бір әйел есігінің алдында отырған үш қарт кісіні көреді. Олар әңгімелесіп ұзақ отырады. Түс ауған кезде олардың қарны ашқан шығар деп ойлаған әйел сыртқа шығып, қарияларды тамақ ішуге шақырады. – Біз үшеуіміз бірдей кіре алмаймыз, – дейді үш шал қатар тіл қатып. – Неге? – дейді әйел таңданып. – Мына кісі – Байлық, мынау қол жеткізбес – Табыс, ал мен болсам – Сүйіспеншілікпін, – дейді біреуі. – Қайсымыз кіреміз?.. Оны отағасымен ақылдасып, өздерің шешесіңдер. Әйел үйге кіріп, болған жағдайды отағасына баяндап береді. – Жақсы екен,.. – дейді отағасы. – Онда үйге Байлық кірсін. Отбасымыз мол байлыққа кенелсін. Бұған отанасы қосылмайды. – Меніңше, Табыстың кіргені дұрыс, – дейді ол. Сол кезде қастарына ұлдары келеді. – Ең жақсысы, Сүйіспеншілікті шақырғанымыз дұрыс. Ол келсе, үйіміз махаббат-мейірімге толады, – дейді ол өз тілегін білдіріп. – «Бала – періште» деген ғой, осының айтқаны-ақ болсын, – дейді отағасы. Сонымен әйел қайта сыртқа шығып: – Сүйіспеншілік, біздің құтты босағамызға қонақ болыңыз, – дейді. Сүйіспеншілік орнынан тұрып, есікке қарай беттейді. Бір қызығы, қалған екеуі де отырған жерлерінде қалмай, әлгі кісінің соңынан ереді. Бұған түсінбей қалған әйел: – Бұларыңыз қалай, жаңа бәріміз бірге кіре алмаймыз дедіңіздер ғой? – деп сұрайды. – Дұрыс, кіре алмаймыз. Бірақ, біз қазіргі адамдардың ойы бойынша Байлық не Табыс екеуіміздің біреуімізді шақыратын шығар деп тұспалдап едік. Болжамымыз дұрыс шықпады. Сіз Сүйіспеншілікті шақырдыңыз. Ал сүйіспеншілік бар жерде – байлық та, табыс та болады. Сондықтан қосыла ердік, – дейді екеуінің бірі. Серік Үсенұлы