Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Тасбақаның да шөпке жайылатыны
Жауап нұсқалары
- A.Иттің сүйегі
- B.Құстардың ұша алатыны
- C.Тасбақаның да шөпке жайылатыныдұрыс
- D.Ұяда жұмыртқаның болуы
- E.Қасқырдың аң аулайтыны
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Тасбақаның да шөпке жайылатыны
Жауап нұсқалары
.. – Жыл сайын қоңыр күзде біздің ауылдың үстінен үйрек, қаз, тырна сияқты құстардың легі ұшып өтеді. Кей жылдары аққуларды да көруге болады. Бұл құстар қыстың жақындап қалғанын сезіп, жылы жаққа қарай қоныс аударып барады. Жылы жаққа қайтқан құстар жоғары ұшады. Ең биік ұшатыны – тырналар мен аққулар. Алыс жаққа бет алған құстар жерге сирек қонады. Тоқтамастан, бірнеше жүз шақырымға дейін ұша береді. Қарындары ашып, шаршаған кезде түнеп шығу үшін жерге қонады. Жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар топтасып немесе тізбектеліп, көбінесе үшбұрыштанып ұшады. Әр топтың алдында өте тәжірибелі өз жолбасшысы болады. Ол жолды жақсы біледі, себебі бұған дейін бұл жолмен талай рет әрі-бері ұшып өткен. Құстардың бір үйірінде мұндай жолбасшы бірнешеу. Олардың міндеті көп. Құстардың жерге қонып, тамақтанатын, демалатын орнын солар таңдайды. Үйірдің қауіпсіздігін де солар бақылайды. Құстар бір жерге қонып, демалған кезде жолбасшылар кезектесіп оларды күзетеді. Аспанда да жолбасшылар ауыр жұмыс атқарады. Тізбектің ең алдында ұшатын болғандықтан, олар қанаттарымен ауаны жарып, соңындағыларға жол салып отырады. Жолбасшы салған жолмен ұшу оның соңындағы құстарға жеңіл болады. Сондықтан жолбасшы ауада өте көп күш жұмсайды. Тез шаршайды. Ондай кезде оны басқа жолбасшы ауыстырып, шаршаған жолбасшы үйірдің соңынан ілеседі