Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · География, 9-сынып · Сұрақ 39/70

"Ақылдың ағылуы" бағытталған аймақ

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Шығыс Еуропадан – АҚШ, Батыс Еуропаға

Жауап нұсқалары

  1. A.Солтүстік Африкадан – Жапония, Батыс Еуропаға
  2. B.Шығыс Азиядан – Ұлыбритания, Норвегияға
  3. C.Шығыс Еуропадан – АҚШ, Батыс Еуропағадұрыс
  4. D.Латын Америкасынан – АҚШ, Канадаға
  5. E.Оңтүстік Азиядан – Жапония, Канадаға

Тапсырма мәтіні

Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың белгілі бір аумақтарда ұзақ уақытқа немесе уақытша қоныс тебу процесі. Миграция сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Ӏшкі көші-қон ел халқының санын өзгертпейді, сыртқы көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне ықпал етеді. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Көші-қонның себептеріне қарай жіктелуі: экономикалық, әлеуметтік, әскери, демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция), мәдени, саяси, діни және этникалық. Қазіргі кезде жоғары білікті мамандар Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, Батыс Еуропаның елдеріне бағытталып, жаппай көшіп-қонуын, "ақылдың ағылуы" деп атайды. Халықтың көші-қоны жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің 2013 жылдың 11 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша дүниежүзі мигранттары 232 млн адамды немесе әлем халқының 3,2%-ын құрады. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәлізі Мексика - АҚШ 13 млн адамға жеткен. Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 2,5 млн-ға жетті. 2050 жылы мигранттар саны 405 млн-ға жетеді деген болжам бар.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар