Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Мексика– АҚШ
Жауап нұсқалары
- A.Ресей – Украина
- B.Канада – АҚШ
- C.Мексика– АҚШдұрыс
- D.Ирландия– Ұлыбритания
- E.Франция – Марокко
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Мексика– АҚШ
Жауап нұсқалары
Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың белгілі бір аумақтарда ұзақ уақытқа немесе уақытша қоныс тебу процесі. Миграция сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Ӏшкі көші-қон ел халқының санын өзгертпейді, сыртқы көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне ықпал етеді. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Көші-қонның себептеріне қарай жіктелуі: экономикалық, әлеуметтік, әскери, демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция), мәдени, саяси, діни және этникалық. Қазіргі кезде жоғары білікті мамандар Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, Батыс Еуропаның елдеріне бағытталып, жаппай көшіп-қонуын, "ақылдың ағылуы" деп атайды. Халықтың көші-қоны жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің 2013 жылдың 11 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша дүниежүзі мигранттары 232 млн адамды немесе әлем халқының 3,2%-ын құрады. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәлізі Мексика - АҚШ 13 млн адамға жеткен. Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 2,5 млн-ға жетті. 2050 жылы мигранттар саны 405 млн-ға жетеді деген болжам бар.