Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Биология, 9-сынып · Сұрақ 46/90

Пестицидтерді қолданудың кері әсері

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: топырақ пен суды ластайды

Жауап нұсқалары

  1. A.ауада оттекті көбейтеді
  2. B.топырақ пен суды ластайдыдұрыс
  3. C.егін шығымдылығын арттырады
  4. D.өнім сапасын жақсартады
  5. E.өнімділікті арттырады

Тапсырма мәтіні

Пестицидтер Пестицидтер – ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптерден және аурулардан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар. Олар ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға көмектеседі, бірақ қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Олардың түрлері: Инсектицидтер – жәндіктерді жою үшін қолданылады. Гербицидтер – арамшөптерді жояды. Фунгицидтер –саңырауқұлақтар- өсімдік паразиттері туғызатын ауруларына қарсы қолданылады. Пестицидтердің әсері:олардың артық қолданылуы топырақты, суды және ауаны ластауы мүмкін. Сонымен қатар, адам денсаулығына да кері әсер етеді. Экологиялық зиянын азайту үшін баламалы әдістер қолдану ұсынылады, мысалы, биологиялық күрес немесе органикалық егіншілік. Пестициттердің қасиеттеріне улылығы, таңдап әсер етуі, тұрақтылығы жатады. Биологиялық әдістер – бұл ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында зиянкестермен, ауру қоздырғыштармен және арамшөптермен күресу үшін, тірі организмдерді немесе олардың тіршілік әрекетінің өнімдерін қолдану әдісі. Биологиялық әдістеге жатады: Жәндіктерді жыртқыш және паразит жәндіктермен жою, микроорганизмдерді пайдалану (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар), зиянкестерге қарсы жыртқыш құстарды пайдалану т.б. Биологиялық әдістер химиялық пестицидтерге қарағанда экологиялық таза, ұзақ мерзімді әсері бар және зиянкестердің табиғи жауларын сақтай отырып, олардың санын реттеуге көмектеседі.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар