Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: жапырақ ауданы
Жауап нұсқалары
- A.жапырақ ауданыдұрыс
- B.температура
- C.ауа қозғалысы
- D.су буының қысымы
- E.ауа ылғалдылығы
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: жапырақ ауданы
Жауап нұсқалары
Транспирация
Транспирация (транс... және лат. spіro – дем аламын, дем шығарамын) – өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс. Яғни судың өсімдік бойымен жылжып, жапырақтары, сабағы және гүлдері арқылы булануын транспирация деп атаймыз. Су өсімдіктің барлық тіршілік әрекеті үшін маңызды, бірақ тамыр арқылы сіңірілген судың біраз бөлігі ғана метаболизм және өсіп-даму үшін қолданылады. Қалған 99-99,5%-ы транспирация барысында буланып шығарылады.
Су негізінен жапырақтың бетін қаптап тұратын кутикуладағы лептесіктерінде буланады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса, транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда ,транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судың бөлінуі нәтижесінде жапырақ ұшында тамшылар пайда болады. Оны гуттация деп атайды. Бұл құбылысты таңертең және кешке ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда байқауға болады.
Судың ең көп буланатын кезіне өсімдіктердің вегетация кезеңі жатады. Мысалы, 1 га бидай алқабы 2 млн. кг суды, жүгері 3,2 млн. кг, капуста 8 млн. кг суды буландырады.