Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Биология, 9-сынып · Сұрақ 39/90

Бұлшық еттердің қажуын азайтады

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: демалу, созылу жаттығулары

Жауап нұсқалары

  1. A.демалу, созылу жаттығуларыдұрыс
  2. B.анаэробты тыныс алу жаттығуларын жасау
  3. C.қарқынды жаттығудан соң бірден тоқтау
  4. D.ауыр салмақты көтеріп жаттығу жасау
  5. E.су, минералды сусындарды ішпеу

Тапсырма мәтіні

Анаэробты және аэробты жүктеме кезінде бұлшық еттің қажу үдерістері Бұлшық еттердің жұмысы энергияны қажет етеді, ал бұл энергия аэробты және анаэробты тыныс алу арқылы өндіріледі. Аэробты тыныс алу – бұл оттегінің қатысуымен жүретін процесс. Ол митохондрияда жүреді және көп мөлшерде АТФ (энергия) өндіреді. Аэробты тыныс алу кезінде бұлшық еттер ұзақ уақыт шаршамай жұмыс істей алады. Аэробты деп ағзаға жүктеме біртіндеп түсетін спорт түрлері-жүзу, орташа қашықтыққа жүгіру, велоспорт, теннис т.б жатады. Анаэробты тыныс алу – оттегісіз жүреді және цитоплазмада өтеді. Бұл кезде глюкоза толық ыдырамайды, нәтижесінде сүт қышқылы түзіледі: Бұлшық еттерге оттегі жеткіліксіз болғанда (мысалы, қарқынды жаттығу кезінде) анаэробты процесс іске қосылады. Сүт қышқылы жиналып, бұлшық еттерде ауырсыну мен қажуға әкеледі. Бұлшық еттердің қажуы: Ұзақ және жеңіл жаттығулар кезінде аэробты тыныс алу басым болады, бұл бұлшық еттердің тез шаршауына жол бермейді. Қысқа, қарқынды жүктемеде анаэробты тыныс алу іске қосылып, сүт қышқылы жиналып, ауырсыну мен қажу пайда болады. Сіңірдің созылуы Бірқалыпты жұмыс істейтін бұлшық ет топтарын бақылайтын жүйке орталықтарының қажуы. Демалу кезінде сүт қышқылы қан арқылы тасымалданып, бауырда қайта өңделеді, ал бұлшық еттер қалпына келеді.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар