Ustazdyq

Қазақ тілі: ГАШ

110 сұрақ · 2-бет, барлығы 3 бет

  1. Халыққа үндеу, үгіт-насихат айтуда қолданылатын стиль

    Дұрыс жауап: Публицистикалық стиль

  2. Жай сөйлемнің ережесін көрсет.

    Дұрыс жауап: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді айтамыз.

  3. Жатыс септігінде тұрған сөзді тап.

    Дұрыс жауап: көлде

  4. Автордың қызықты кітаптарын сыйлыққа бердік. Осы сөйлемнен табыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: кітаптарын

  5. Септік жалғауының емлесі

    Дұрыс жауап: соңғы дыбысына және буын үндестігіне байланысты

  6. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Алматыда ... үйлер көп.

    Дұрыс жауап: зәулім

  7. Берілген сөйлемнен сан есімнен жасалған күрделі мүшелерді тап. Байқал көлінің тереңдігі бір мың алты жүз отыз жеті метрден асады.

    Дұрыс жауап: бір мың алты жүз отыз жеті

  8. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

    Дұрыс жауап: ө-нер-паз

  9. Берілген сөздерден жіктік жалғауы бар сөздерді тап.

    Дұрыс жауап: дәрігерміз

  10. Есептік сан есімді табыңыз.

    Дұрыс жауап: жетпіс жеті

  11. Түбір сөзге жұрнақ жасалу арқылы жасалған сын есім -

    Дұрыс жауап: қосымшалы сын есім

  12. Сөйлемнен туынды сын есімді анықтаңыз. Ал зымыран жоғары температураға төзімді жеңіл материалдан жасалуы тиіс.

    Дұрыс жауап: төзімді

  13. Қысқарған сөздерге қосымша қалай жалғанады?

    Дұрыс жауап: дефис қою арқылы

  14. Сөйлеудің түрін анықтаңыз. Өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі ... деп аталады.

    Дұрыс жауап: монолог

  15. Берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. "Екі иығына екі кісі мінгендей"

    Дұрыс жауап: денелі

  16. Бірнеше жай сөйлемдерден тұратын сөйлем қалай аталады, көрсет.

    Дұрыс жауап: Құрмалас сөйлем

  17. Құрмаластың түрі: Тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы.

    Дұрыс жауап: Ыңғайлас салалас

  18. Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді сөйлемдер болса, олар басқаларынан қандай тыныс белгімен ажыратылады?

    Дұрыс жауап: Сызықша

  19. Сөйлемде үтірдің қойылмау себебін анықтаңыз. Мен гүл теруге барамын және ауладағы ағаштарды суарамын.

    Дұрыс жауап: Және жалғаулығы келгендіктен

  20. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолын анықтаңыз. Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

    Дұрыс жауап: Есімшелі етістікке болып, күйі, қалпында сөздерінің тіркесуі арқылы

  21. Қыстырма сөздердің жасалу жолдарын көрсет.

    Дұрыс жауап: Бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.

  22. Берілген сөйлемнен құрамында бес сөзі бар сөйлемді белгіле.

    Дұрыс жауап: Екі дос мектептен қайтты.

  23. Мына сөйлемнің тұрақты сөз тіркесін табыңыз. "Үріп ауызға салғандай"

    Дұрыс жауап: сұлу, әдемі, көрікті

  24. Сөздерден тасымалданбайтын сөзді тап.

    Дұрыс жауап: қант

  25. Сөз тіркесінен бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөзді тап.

    Дұрыс жауап: шөл дала

  26. Берілген создерден етістіктің түрлерін көрсет.

    Дұрыс жауап: болымды, болымсыз

  27. Біріккен сөздер қатарын табыңыз:

    Дұрыс жауап: теміржол, тасбақа, қолжазба

  28. Біріңғай жуан дауысты дыбыстан тұратын сөзді табыңыз.

    Дұрыс жауап: жапырақ

  29. Берілген сөздерден жұрнағы бар сөзді белгіле.

    Дұрыс жауап: ғарышкер

  30. Сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

    Дұрыс жауап: ұялы

  31. Келер шақ етістіктері қандай сұрақтарға жауап береді?

    Дұрыс жауап: не істеймін? не істейсің? не істейді?

  32. Туынды сын есімді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: қарағайлы, жоңышқалы

  33. Жаңылтпаштан табыс септіктегі сөздерді тап. Қанар қаптарды қаптап артар, Шанақ арбаны аттар тартар.

    Дұрыс жауап: қаптарды, арбаны

  34. « Алманы берді»,- септік жалғауы

    Дұрыс жауап: барыс

  35. Сөздер қатарынан заттың атын білдіретін сөзді тап.

    Дұрыс жауап: арыстан

  36. Мақалдан табыс септіктегі сөзді тап. Алтынды еріте білмеген ірітер, Теріні илей білмеген шірітер.

    Дұрыс жауап: алтынды, теріні

  37. Жайылма сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Биыл қыс суық болды.

  38. Қате жазылған сөзді табыңыз.

    Дұрыс жауап: аспашшы

  39. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін , сын-қимылын білдіретін сөз табын белгіле.

    Дұрыс жауап: Үстеу

  40. Берілген сөздерден жіктеліп тұрған етістікті тап.

    Дұрыс жауап: отырсың

  41. Мәтіннің оқырманды оқуға даярлайтын бөлігін табыңыз.

    Дұрыс жауап: басы

  42. Төмендегі сөздерге қосымшаның қай түрі жалғанған? Күйші, емхана, өнерпаз.

    Дұрыс жауап: жұрнақ

  43. «Балалар далада ойнап жүр»,- септік жалғауды анықта

    Дұрыс жауап: жатыс септік

  44. Барыc септікте I, II жақ тәуелдеулі зат есімдерге қандай жалғаулар жалғанады?

    Дұрыс жауап: -а, -е

  45. Қарсы мәндес сын есімдер дегеніміз:

    Дұрыс жауап: мағыналары бір-біріне қарама-қарсы

  46. Сөйлемнен күрделі сан есімді табыңыз. Ғарышқа 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка мен Стрелка иттері болатын.

    Дұрыс жауап: 1960, 19

  47. Берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. "Беті бүлк етпеді"

    Дұрыс жауап: ұялмады

  48. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Бірқазан жер бетінде ауыр қозғалғанымен, cуда жақсы жүзеді.

  49. Шартты бағыныңқылы сабақтастың сұрағын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қайтсе?

  50. Көркем әдебиет стиліне тән сөйлем

    Дұрыс жауап: Айсыз, бұлтсыз қараңғы түнде екеуі жортып келеді