Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 18-бет, барлығы 21 бет

  1. Ахметтің әкесі Байтұрсын қанша жылға Итжеккенге айдалған:

    Дұрыс жауап: 15 жылға

  2. Ж. Молдағалиевтің адалдық, намыс, борыш, парыз ізгі қасиеттерін қастерлеуге арналған өлеңі:

    Дұрыс жауап: «Ар-ят туралы»

  3. «Әнші» әңгімесіндегі Әміржанның жас кезіндегі ұстазы Жұмабектің прототипі кім?

    Дұрыс жауап: Жарылғапберді Жұмабаев

  4. Әбділда Тәжібаевтың тарихи аңызға сүйеніп жазған поэмасы:

    Дұрыс жауап: «Толағай»

  5. «Алматы – менің туған қалам» деген бітпей қалған романы мен «Айсұлу» атты поэмасы бар қаламгер:

    Дұрыс жауап: Баубек Бұлқышев

  6. «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді. Көп нүктенің орнына дұрыс мәліметті қойыңыз. «Ахметовтің өзі де осыдан он шақты күн бұрын ғана аудандық оқу бөлімінен келген инспекторға мені: «Мынау біздің болашақ … » деп дәріптеме…

    Дұрыс жауап: Сәбит Мұқановымыз

  7. Бас уәзірдің Жаппарды алдыруының себебі:

    Дұрыс жауап: Кіші ханымның бұйрығын орындау

  8. Күләш Ахметованың 1975 жылы жарияланған тұңғыш кітабының атауы қандай?

    Дұрыс жауап: «Ақ гүлім менің»

  9. Қарамен берілген тіркестегі көркемдік тәсіл:

    Дұрыс жауап: Эпитет

  10. Жаппарға жүктелген соңғы тапсырма:

    Дұрыс жауап: Мұнара тұрғызу

  11. Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел:

    Дұрыс жауап: Шебердің қолы ортақ, ақынның сөзі ортақ.

  12. Бата беретін адамдар:

    Дұрыс жауап: Даналар; Ақсақалдар; Би-шешендер

  13. Смағұл Елубайдың хикаялар жинағы (жинақтары):

    Дұрыс жауап: «Ойсылқара»; «Жарық дүние»; «Бірте шамның жарығы»

  14. Абайдың бойынан ақындықтың алғашқы ұшқыны қай кезде көрінеді?

    Дұрыс жауап: Әкесінің Құлыншаққа жұмсаған кезінде

  15. Әбділда Тәжібаевтың шығармаларының айқын саласы (салалары):

    Дұрыс жауап: Поэмалар; Пьесалар; Ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер

  16. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің кейіпкерлерін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Тасқұл; Кенжебек; Атажан бай

  17. Олжас Сүлейменовтің ұлттық мінезі танылатын өлеңі (өлеңдері):

    Дұрыс жауап: «Қыз қуу»; «Арғымақ»; «Мен қазақпын»

  18. Төлеген Айбергеновке тән қатар(-лар)ды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Ана», «Аруана бауыр дүние» өлеңдерінің авторы; «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілген.

  19. Ыбырай Алтынсаринге тән емес қатар(-лар):

    Дұрыс жауап: Етікші; Шебер домбырашы

  20. Ұзатылатын қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешемен қоштасып айтатын жыры:

    Дұрыс жауап: Сыңсу

  21. Алыс сапарға немесе жауға аттанып бара жатқан азаматқа ауыл ақсақалы беретін бата:

    Дұрыс жауап: Көш батасы

  22. «Шалқұйрықты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім…» – дейтін кейіпкер:

    Дұрыс жауап: Кенжекей

  23. Батырлар жыры қалай бөлінеді?

    Дұрыс жауап: Ең көне заманғы эпостар; Қазақ хандығы кезіндегі эпостар; Жаңа дәуірдегі эпостар

  24. Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны аңға, жауға қарсы тұруға баулыған кісі:

    Дұрыс жауап: Естеміс

  25. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырына арқау болған салт:

    Дұрыс жауап: «Еже-қабыл»

  26. Ахмет Иасауи неше жасқа келгенде қылует жасап, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысқанын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 63

  27. Қазтуған жыраудың әкесі:

    Дұрыс жауап: Сүйініш

  28. Ыбырай Алтынсариннің ысырапшылдық туралы әңгімесі:

    Дұрыс жауап: «Бір уыс мақта»

  29. Мағжан Жұмабаев ұйымдастырған, «Революцияға қарсы ұйым» деген жаламен жабылған әдеби үйірме:

    Дұрыс жауап: «Алқа»

  30. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпанның жары, ел билеген адам:

    Дұрыс жауап: Есеней

  31. «Сәкен-әдебиеттегі лақап аты. Шын аты-Сәдуақас. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақжарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді» дейді…» деген пікірдің авторы:

    Дұрыс жауап: Есмағамбет Ысмайылов

  32. Нағыз қиыншылық кезеңде менің көз алдыма шығыстың жиырма сегіз батырының бейнесі елестейді… Үзінді Баубек Бұлқышевтың қай шығармасынан алынған?

    Дұрыс жауап: «Шығыс ұлына хат»

  33. «Ұлпан» романындағы Есенейге сәйкес келетін сипаттама:

    Дұрыс жауап: Аға сұлтандық арқылы ен даланы еркін билеп-төстеген, сұлуды сүйіп, жылы-жұмсақты жеп, өктемдікті ашық марапаттайтын арыстандай айбатты жан

  34. «Сәйгүліктер» повесіндегі айшылық жолды алты аттап Еділ бойынан туған жеріне, Алатауға, жетіп жан тапсырған жылқы:

    Дұрыс жауап: Қозыкүрең

  35. Тағанды ішімдіктен алыстатуға кім күш салмақ болды?

    Дұрыс жауап: Нүрке

  36. Ж.Нәжімеденов Алматы Мемлекеттік консерваториясында қай жылдары білім алған.

    Дұрыс жауап: 1956-1959 жж

  37. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңызды» жазған, т.б. поэмалары мен қазақ әдебиетінде баллада, сонет түрлерін жазу арқылы осы жанрларды туған топырақта биікке көтерді, – деп Қалижан Бекхожин туралы пікір қалдырған қаламгер:

    Дұрыс жауап: Мұзафар Әлімбаев

  38. «Мазасыз музыка», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» өлеңдерінің авторы:

    Дұрыс жауап: Қасым Аманжолов

  39. …….. екі жылдай сабақ алам, Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң. Лепес қып өзі бастап ақын бол деп, Дұғасын ықыласпен берді маған, – деп риза болып Сұлтанмахмұт өлең шығарған молда:

    Дұрыс жауап: Мұқан

  40. Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіндегі Толағайдың ата-анасының есімдері:

    Дұрыс жауап: Саржан – Айсұлу

  41. Қарамен берілген сөйлемдегі қолданылған тілдік ерекшелік:

    Дұрыс жауап: Тұрақты тіркес

  42. Кемпірдің ұйқысының қашу себебі

    Дұрыс жауап: Текті жерден шыққан Тағанның тағдыры

  43. Үзіндідегі кейіпкерлердің тілдесуі неге құрылған?

    Дұрыс жауап: Монологке құрылған

  44. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісінде Толағай өз әкесін қандай жануардан құтқарып қалады?

    Дұрыс жауап: Жолбарыс

  45. Мәтін үзіндісінен тыс ақпарат

    Дұрыс жауап: Көп сөйлемейтін келіншек Тағанның келгеніне қуанып қалды.

  46. Тойбастар өлеңінің негізгі мақсаты:

    Дұрыс жауап: Той жасап отырған үйге құтты болсын айту

  47. Батаның бұл түрі дастарқан басына жиналғандардың жасы үлкенінің немесе үйге келген қонақтың үй иесіне тілер тілегі, ықыласы ретінде айтылады.

    Дұрыс жауап: Дастарқан батасы

  48. «Ер Төстік ертегісіндегі» Ерназар байдың неше ұлы бар:

    Дұрыс жауап: 9

  49. Батырлар жырын табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Ер Тарғын»

  50. ....... ақылымен Көбіктінің кіндік тұсындағы кем соғылған төрт көзіне дәл тигізу арқылы Қобыланды дегеніне жете алады.

    Дұрыс жауап: Қарлығаның