Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 19-бет, барлығы 21 бет

  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабай:

    Дұрыс жауап: Сараң

  2. Ахмет Иассауи неше жасқа келгенде қылует жасап, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысқанын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 63

  3. «Сен алтынсың — мен пұлмын, Сен жібексің — мен жүнмін» деп, Би Темірге жыр арнаған:**

    Дұрыс жауап: Шалкиіз

  4. Ыбырай Алтынсарин әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болған?

    Дұрыс жауап: Атасы Балқожа бидің

  5. Мағжанның «Жауға түскен жанға» өлеңі арналған тұлға:**

    Дұрыс жауап: Міржақып Дулатов

  6. Б. Соқпақбаев қашан және қайда дүниеге келген.

    Дұрыс жауап: 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында

  7. Ғ. Мүсірепов қай жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады?**

    Дұрыс жауап: 1963 ж

  8. Қ.Р-ның Мемлекеттік Әнұранының мәтінінің авторы:**

    Дұрыс жауап: Ж. Нәжімеденов

  9. «Ақсу — жер жәннаты», «Қараорман» романдарының авторы:

    Дұрыс жауап: Қалихан Ысқақ

  10. Соғыста оққа ұшқан жан досы Абдолла Жұмағалиевке арналған Қасым Аманжоловтың поэмасы:

    Дұрыс жауап: «Ақын өлімі туралы аңыз»

  11. .... молданың ұрып-соғуына шыдай алмай, Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді. Молданың надандығын, қаталдығын сықақ етіп өлең шығарады. Молданың есімін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Әбдірахман

  12. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам — опасыз, оңбаған адам», «Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын» дәйек сөздерінің авторы:

    Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлы

  13. «Шалқұйрықты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім…» – дейтін кейіпкер:

    Дұрыс жауап: Кенжекей

  14. Екі аттының бағыт алған жері

    Дұрыс жауап: Елге келе жатты

  15. Бекболаттың өкінішінің себебі

    Дұрыс жауап: Бүркітінің мертігіп қалуы

  16. Мәтін үзіндісінен тыс ақпарат

    Дұрыс жауап: Қансонарда бүркітін ұстап шыққан Бекболаттың көңілі көтеріңкі.

  17. Ілияс Есенберлиннің алғашқы дастан(дар)ы:

    Дұрыс жауап: «Айша»; «Сұлтан»

  18. «Оянған өлке» романындағы Игілікке сәйкес келетін сипаттама:

    Дұрыс жауап: Сауда капиталының қазақ даласына кіре бастағанын түсінген, аса сақ, ақшаның билік күшінің де мықты екенін білетін, барлық қулық-сұмдығын ішіне бүгіп алған дала жолбарысы секілді

  19. «Сәйгүліктер» повесіндегі Қозыкүреңнің өзін-өзі жаратып, қашатын сұрық танытып жүргенін байқаған қарт жылқышы:

    Дұрыс жауап: Саяқбай

  20. Бірінші сөйлемдегі асты сызылған бейнелі сөз

    Дұрыс жауап: Эпитет

  21. Тахауи Ахтановтың шығармалары:

    Дұрыс жауап: «Боран»; «Махаббат мұңы»

  22. Сәкен Сейфуллиннің Қазан төңкерісінен кейін жазған шығармасын (шығармаларын) табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Қызыл ат»; «Тар жол, тайғақ кешу»; «Аққудың айырылысуы»

  23. Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлең(-дер)і:

    Дұрыс жауап: «Өстепкеде»; «Сәт сайланарда»; «Кәдірбайдың төбеті»

  24. Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық шығармасының бөлім(дер)і:

    Дұрыс жауап: «Таудағы от»; «Үңгірдегі сыр»; «Шайтантауға сапар»

  25. Мақалдың айырмашылық(тар)ы:

    Дұрыс жауап: Ақыл-кеңес, өнеге; Себеп пен салдар қатар айтылады

  26. Әбділда Тәжібаевтың пьесаларын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Жомарттың кілемі»; «Көтерілген күмбез»

  27. Ілияс Жансүгіровтің шығарма(-лар)ы:

    Дұрыс жауап: «Әнші»; «Күйші»; «Жетісу суреттері»

  28. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының кейіпкерін (кейіпкерлерін) табыңыз.

    Дұрыс жауап: Баян; Ноян; Қалмақ қызы

  29. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің желісіне сәйкес келетін қатар (-лар):

    Дұрыс жауап: Атажан байдың Тасқұлға кеңшілік жасауы; Тасқұлдың Кенжебекке жылы шырай танытуы; Тасқұлдың Кенжебекті қашыруға дайындай алуы

  30. Ер Төстіктің мінген тұлпары:

    Дұрыс жауап: Шалқұйрық

  31. Алпамыстың ұлы:

    Дұрыс жауап: Жәдігер

  32. «Қыз Жібек» жырының негізгі арқауы:

    Дұрыс жауап: Қыз Жібек пен Төлеген арасындағы шынайы махаббат

  33. «Бұл той баланың ержеткені, өскені, азамат болғандығының белгісі болып саналған. Бала 4-5 жасқа толғанша әкесі оған тай-құнан арнап, ер тоқым, қамшы, жүген даярлап қояды». Үзінді қандай салт жайлы?

    Дұрыс жауап: Атқамінер

  34. Естіртуде жиі кездеседі:

    Дұрыс жауап: Пернелеу, тұспалдау

  35. Ер Төстікке ғашық болған қыз:

    Дұрыс жауап: Перінің қызы Бекторы

  36. Ер Тарғынның мінген тұлпары:

    Дұрыс жауап: Тарлан

  37. Алпамыс батырдың жары:

    Дұрыс жауап: Гүлбаршын

  38. «Қыз Жібек» жырындағы Жібекті Сансызбайға қосатын, Төлеген екеуінің шын тілеулесі:

    Дұрыс жауап: Шеге

  39. «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман хакім» туралы әңгімелер кездесетін кітап:

    Дұрыс жауап: Рабғузидің «Қиса-сул-әнбия»

  40. Мағжанның «…Иітіп қарашекпен келіп қонса, Басыңнан құсың ұшып кетер сенің» – деген өлең жолдары:

    Дұрыс жауап: Туған жері Сасықкөлге арналған

  41. Д. Исабековтың «Әпке» пьесасындағы Қамажайдың қызметі:

    Дұрыс жауап: Кондуктор

  42. Қабдеш Жұмаділов қай өңірде дүниеге келді?

    Дұрыс жауап: ҚХР

  43. Ақтамбердінің кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырған өлеңі:

    Дұрыс жауап: «Балаларыма өсиет»

  44. Ыбырай Алтынсарин жайлы жазылған «Таза бұлақ» романының авторы:

    Дұрыс жауап: Жайсаңбек Молдағалиев

  45. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаны «Түбінде адам болатын бала» деген жолдарды айтқан кейіпкер:

    Дұрыс жауап: Майқанова

  46. «Қоңыр күз еді» повесінің авторы:

    Дұрыс жауап: Қалихан Ысқақ

  47. Қуандық Шаңғытбаевтың әйгілі драмалық комедиясы:

    Дұрыс жауап: «Беу, қыздар-ай»

  48. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де зорлық-зомбылыққа, қара күшке негізделгені әйгіленетін С.Торайғыровтың шығармасы:

    Дұрыс жауап: «Кім жазықты» өлеңмен жазылған романы

  49. «Шыңырау» повесіндегі Еңсепке құдық салып бер деп қолқа салған байдың есімі:

    Дұрыс жауап: Байсал

  50. …… – Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы, Халық Қаһарманы, әскери қайраткер:

    Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлы