Қазақ әдебиеті: ҰБТ
1 028 сұрақ · 20-бет, барлығы 21 бет
Дулат Исабековтың «Әпке» пьесасындағы бес баланың үлкені, бауырларына әке орнына әке, шеше орнына шеше болып, қамқорлық жасаған қарапайым, бауырмал бас кейіпкер:
Дұрыс жауап: Қамажай
О.Бөкейдің жетім баланың аянышты тағдырын суреттейтін шығармасы:
Дұрыс жауап: «Тортай мінер ақ боз ат»
Қарамен берілген тіркестердегі көркемдік тәсіл: (қар күреген бала есік алдында тұрғандарды қаңбақтай қақтырып, сеңдей соқтырып, қаға-маға сарайға кіріп келді)
Дұрыс жауап: Теңеу, тұрақты тіркес
Баланың басы не себепті ауырды?
Дұрыс жауап: Сарайдан шыққан шудан
Көптің көтере алмаған «тауын» бала неге теңеді?
Дұрыс жауап: Шелекке
Ойды жалғастырыңыз. Он алты жасар бала …
Дұрыс жауап: қар күреуге жалданған
Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел:
Дұрыс жауап: Күш атасын танымас.
Қиял-ғажайып ертегі(лер):
Дұрыс жауап: «Ер Төстік»; «Алтын сақа»; «Күн астындағы Күнікей қыз»
Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесінің кейіпкерін (кейіпкерлерін) табыңыз:
Дұрыс жауап: Еңсеп; Байсал
Ер Тарғынның жары:
Дұрыс жауап: Ақжүніс
«Құтты білік» кітабында қанағат бейнесінде сипатталған кейіпкерді табыңыз.
Дұрыс жауап: Одғұрмыш
«Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап…» «Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап…» – деп жырлаған жырау:
Дұрыс жауап: Ақтамберді
1886 жылы тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылған қала:
Дұрыс жауап: Орск
Талап Сұлтанбековтың шығарма(лар)ы:
Дұрыс жауап: «Дойбы деген не?»; «Химия болашаққа шақырады»; «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ»
Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» әңгімесіндегі табиғат қорын пайдалану жай қиялдың жемісі емес екендігін дәлелдейтін ой(-лар):
Дұрыс жауап: Көшпелі найзағайдың қуатын пайдалану.; Табиғатта болып жататын орасан мол электр қуатын кәдеге жарату; Найзағайлы бұлттарға құрық салып, оны адамның дегеніне жүргізу.
Шерхан Мұртазаның шығармасы (шығармалары):
Дұрыс жауап: «Жүз жылдық жара»; «Мылтықсыз майдан»; «Бұлтсыз күнгі найзағай»
Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасының алғашқы бөлімінің желісі қандай?
Дұрыс жауап: Қазақ елінің басына түскен ауыртпалық пен халықтың мұңы мен зарын жырлайды.
Төлеген Айбергеновтің жарық көрген кітабы (кітаптары):
Дұрыс жауап: «Арман сапары»; «Өмірге саяхат»; «Мен саған ғашық едім»
Жаяу Мұсаның «Шалтабайға» өлеңінің шығу тарихы туралы мәтін берілген. Сұрақ: Жамбыл Жабаевтың қай өлеңінің (өлеңдерінің) шығу тарихы екенін табыңыз:
Дұрыс жауап: «Кәдірбайдың төбеті»
«Байұлы» әңгімесінің мазмұнына сай мақал(-дар):
Дұрыс жауап: «Баталы ұл арымас»; «Батамен ер көгерер»
Ілиястың ән-күй тақырыбындағы поэмасы (поэмалары):
Дұрыс жауап: «Күй»; «Күйші»; «Құлагер»
Беташардың екінші бөлімі қалай аталады?
Дұрыс жауап: Айт, келін
Қарғыс батасының баламасы:
Дұрыс жауап: Теріс батасы
Мағжанның өзі туралы жазған романтикалық сарындағы өлеңі:
Дұрыс жауап: «От»
«Менің атым Қожа» повесінің бастапқы атауы:
Дұрыс жауап: «Өзім туралы повесть»
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, / Өкінем ұқсата алмай келемін деп. / Күніне жүз ойланып, мың толғанам, / Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. / Үзіндінің авторын және атауын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Өзім туралы» Қ.Аманжолов
«Адасқан өмір», «Кедей», «Таныстыру» поэмаларының авторы кім?
Дұрыс жауап: Сұлтанмахмұт Торайғыров
Әбдрахманның тұжырымына сәйкес қатар:
Дұрыс жауап: Ақыл-нұр, жарық.
Әке қуанышының себебі:
Дұрыс жауап: Ұлының білімділігі, тапқырлығы
Қарамен берілген тіркестегі тілдік қолданыс:
Дұрыс жауап: Антоним
Жаңылтпаштың мақсаты:
Дұрыс жауап: Бала тілін жаттықтыру +
Әбіш Кекілбайдың шығармасын (шығармаларын) табыңыз:
Дұрыс жауап: «Елең-алаң» +
Дулат Исабековтың «Әпке» шығармасының жанры:
Дұрыс жауап: Пьеса
Күләш Ахметованың өлеңін табыңыз.
Дұрыс жауап: «Мейірім»
Өзі ұстаз тұтатын Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін әпкесі құрақ-құрақ күйде «БК(б)П тарихы» жинағы ішіне жасырып желімдеген кітаптан оқып, әдебиет әлеміне жолдама алған қаламгер:
Дұрыс жауап: Қалихан Ысқақ
Білем сені, сүйем сені / Сырдың суы қарт анам, / Сенсің мені әлдилеген, / Туған сенен мен балаң. / Өлеңнің атауы мен авторын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Сырдария» Ә.Тәжібаев
Дұшпанның қаптаған қара күшінен қобалжыған кезде, қуат та, медет те, себеп те болған қазақтың ер намысына тидіре айтқан екі ауыз мақалы — «Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді». Үзінді Бауыржан Момышұлының қай ш…
Дұрыс жауап: «Жауынгердің тұлғасы»
Қабдеш Жұмаділовтің алғашқы әңгімесі:
Дұрыс жауап: «Жамал»
Адамгершілік, жан жылуы тақырыбына арналған Дулат Исабековтың пьесасы:
Дұрыс жауап: «Әпке»
Мәтінде не туралы айтылған?
Дұрыс жауап: Әке сынағынан сүрінбеген бала.
Мәтін мазмұнынан тыс ақпарат:
Дұрыс жауап: Әбіш – елді аузына қаратқан өнерлі бала.
Смағұл Елубаевтың романы:
Дұрыс жауап: «Сұлтан»
Адал перзент ана сүтін ақтаған, Ана-Отанын жаудан қорғап, сақтаған. Өзге тілден оңдырады не тауып, Өз тілінен інжу-маржан таппаған. – деп жырларында өз ана тілін ұлықтап өткен қаламгер(лер):
Дұрыс жауап: Оразақын Асқар
Шерхан Мұртазаның пьесасы:
Дұрыс жауап: «Елең-алаң»
Поэзия! Менімен егіз бе едің? Мен сені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. – деп поэзияға деген құштарлығын танытқан ақын:
Дұрыс жауап: Мұқағали Мақатаев
Жамбыл Жабаевтың бай мен молда, болыс пен старшындардың елге қиянатын, парақорлығын әшкерелейтін өлең(-дер)і:
Дұрыс жауап: «Қалиға»; «Шалтабайға»; «Мәнқе туралы»
Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері:
Дұрыс жауап: Аз сөзге көп мағына сыйғызу; Әңгіменің тәлімдік мәніне назар аудару; Мақал-мәтел, афоризмдерді орынды қолдану
Бейімбет Майлиннің шығармаларын табыңыз:
Дұрыс жауап: «Күлпаш»; «Шұғаның белгісі»; «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»
Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңінде аты аталмайтын тұлға(-лар):
Дұрыс жауап: Мұхит; Қасым хан
Әкесінің тағы бір айтпағы бар екен. Ол азырақ бөгеліп отырды да, қайта сөйледі. - Орайы келгенде, айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда! — деді. Құнанбай Абайға қандай мін айтты?
Дұрыс жауап: Орысшылсың; Дос пен қасты сараптамайсың; Арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың.