Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 17-бет, барлығы 21 бет

  1. Мұхтар Мағауиннің шығармалары:

    Дұрыс жауап: «Алдаспан»; «Қобыз сарыны»

  2. Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері:

    Дұрыс жауап: Сөзді барынша үнемдеп қолдану; Тура және ауыспалы мағыналарының болуы; Поэзияға тән жинақтылық, үнділік, ырғақтылық

  3. Әбділда Тәжібаевтың дастанын (дастандарын) табыңыз:

    Дұрыс жауап: «Ақын»; «Күй атасы»; «Портреттер»

  4. Көгертіп көктем келді мият құмды… деп, Асан қайғы образын заманауи ақын бейнесінде қайта түлеткісі келген ақын(-дар):

    Дұрыс жауап: Жәркен Бөдешұлы

  5. Ыбырай Алтынсариннің К.Д. Ушинскийден аудармалары:

    Дұрыс жауап: «Түлкі мен ешкі»; «Сауысқан мен қарға»

  6. Бұл дүниеден өтіп бара жатқан адам өзінің өлерін білген соң, ағайын-туған, ел-жұртымен, өнерімен, өмірімен, өлең-жыр арқылы қоштасып, артта қалып бара жатқандарға өсиет айту рәсімі болған. Осындай өлең түрлерін .........…

    Дұрыс жауап: Арыздасу

  7. Жұмбақты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Белін бекем байлаған, Қоқысты қоймай айдаған.

  8. М.Әуезов ертегілерді қалай жіктейді:

    Дұрыс жауап: Қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл

  9. Аяз бидің шын есімі:

    Дұрыс жауап: Жаман

  10. Ақжүністен туған Тарғынның ұлы:

    Дұрыс жауап: Ардаби

  11. Лиро-эпостық жырды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Қыз Жібек»

  12. ... өзінің ағасы Қапаған ханмен бірге әке ісін жалғастырады. Ол алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет соғысып, жауларының елдігін әлсіретіп, түркілер тауғаштарға бағыныштылықтан құтылып, өз жеріне ие болады.

    Дұрыс жауап: Күлтегін

  13. «Алаң да алаң, алаң жұрт» қандай жыр:

    Дұрыс жауап: Туған жермен қоштасу жыры

  14. «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңінің авторы:

    Дұрыс жауап: Дулат

  15. «Оқ түсіп он үшінде ой түсірген, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам…» – деген өлең жолдарындағы ақынның «жаралануына» себеп болған жай:

    Дұрыс жауап: Әкесінің жер аударылуы

  16. Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесіндегі Қайсардың шешесінің есімі:

    Дұрыс жауап: Бәден

  17. Бейімбет Майлинге тән емес жауап:

    Дұрыс жауап: Сыншыл ақын

  18. Ж.Молдағалиев қай жылдары әскер қатарында болды?

    Дұрыс жауап: 1940-1947 жж

  19. Айгүл Кемелбаева қандай университетті бітірді?

    Дұрыс жауап: ҚазҰУ

  20. «Әнші» әңгімесіндегі Әміржанның прототипі кім?

    Дұрыс жауап: Әміре Қашаубаев

  21. «Қажымұқан» хикаятының «Жаяу сүйреген шана» бөліміне қандай оқиға негіз болатынын табыңыз.

    Дұрыс жауап: Айғожа Қажымұқан аттарды шананың артына байлап, өлген атты шөп үстіне тастап шананы жаяу сүйреп, қораға жеткізеді.

  22. Сұлтанмахмұттың қазақ ауылындағы ескі наным-сенімдерді, келеңсіз мінездерді кектене мінеп, шенейтін өлеңін табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Жарлау»

  23. «Өмір сүргім келеді», «Өмір мен өлім туралы», «Жүріп келе жатырмын», «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақалалар мен очерктердің авторы:

    Дұрыс жауап: Баубек Бұлқышев

  24. Менің атым Қожа. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес,……. екен.

    Дұрыс жауап: Қожаберген

  25. Бағынып бірақ қалмаған, Тәуелсіз қайран жан далам! Жер бар ма жалпақ төсінде Қасірет жасы тамбаған. – деп жырлаған сыршыл да нәзік ақын:

    Дұрыс жауап: Күләш Ахметова

  26. Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын. Ақ басты ала тауларың да Күңіренбесін, жыламасын... Үзінді авторы

    Дұрыс жауап: М. Мақатаев

  27. Қарамен берілген сөйлемдегі көркемдік тәсіл («…лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып күй шертіп, тау-тасты күңірентіп тұрғандай әдемі сезілуші еді-ау»):

    Дұрыс жауап: Теңеу

  28. Тортайдың үңгірде түнеу себебі:

    Дұрыс жауап: Туысының ұрсып қуып жіберуі

  29. Үзіндідегі кейіпкерлердің тілдесуі неге құрылған?

    Дұрыс жауап: Диалогке құрылған

  30. Тортай бейнесіне сай келетін қатарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Кітапты көп оқитын тұйық мінезді бала

  31. Колхоз кезіндегі балалардың жұмысы.

    Дұрыс жауап: Өгіз үйретіп, бұзау жаю

  32. Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романында сомдалған тұлға(лар) бейнесі:

    Дұрыс жауап: Қасым хан; Хақназар хан

  33. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық бағытындағы өлеңдерін көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: «Шәкірттерге»; «Оқудағы мақсат не?»; «Оқып жүрген жастарға»

  34. Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» роман-трилогиясының басынан соңына дейін жүретін кейіпкер (-лер):

    Дұрыс жауап: Хансұлу

  35. Абай өзінің өмір бойы арманы болған ару Тоғжанмен қай кезде кездеседі?

    Дұрыс жауап: Сүйіндік ауылында

  36. Жоқтауды М. Әуезов .... бөледі:

    Дұрыс жауап: 3

  37. Ақанның жүйрігі, Көкшенің дүлділі:

    Дұрыс жауап: Құлагер

  38. Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаятының бөлімдері: «Менің атым…»

    Дұрыс жауап: «Қар күреген бала»; «Жаяу сүйреген шана»; «Ұлы Петрдің қаласында»

  39. «Аяз би» ертегісінде Жаманды ……. дейтін жерге жұмсайды.

    Дұрыс жауап: «Барсакелмес»

  40. Қобыланды батыр мінген тұлпар:

    Дұрыс жауап: Тайбурыл

  41. Әл-Фарабидің поэзия туралы жазылған еңбегі:

    Дұрыс жауап: «Өлең өнерінің қағидалары»

  42. Қазтуғанның толғауы:

    Дұрыс жауап: «Сал-салпыншақ анау үш өзен»

  43. Бейімбет Майлиннің повесі:

    Дұрыс жауап: «Шұғаның белгісі»

  44. Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының жалғасы:

    Дұрыс жауап: «Жат қолында»

  45. Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін, Темірдің жыр еткендей жойқындығын. Қалижан Бекхожиннің қай шығармасынан алынған үзінді?

    Дұрыс жауап: «Мариям Жагорқызы» романы

  46. Французша күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін, спорттағы жолын қызғылықты баяндап беретін хикая және оның авторын табыңыз:

    Дұрыс жауап: «Қажымұқан»; Қ. Әбдіқадыров

  47. …. – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

    Дұрыс жауап: Жұмбақ

  48. Шыншыл ертегі:

    Дұрыс жауап: «Қарттың ұлына айтқан өсиеті»

  49. Баянды Қозыдан алып қашқан Қарабайдың Қодарға кездесетін жері:

    Дұрыс жауап: Бетпақ

  50. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары:

    Дұрыс жауап: 1841-1889