Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау
497 сұрақ · 7-бет, барлығы 10 бет
Ресейде Уақытша үкімет тұтқындалып, қарулы көтеріліс жеңіске жетті:
Дұрыс жауап: 1917 жылы 26 қарашада
Югославиядан Босния және Герцеговина бөлінді:
Дұрыс жауап: 1992 ж.
Шыңғысхан Цзинь империясын толық бағындырды:
Дұрыс жауап: 1211-1215 жж.
Арабтардың алғашқы жаулап алған елдері:
Дұрыс жауап: Сирия, Месопотамия, Египет
"Халықтардың ұлы қоныс аударуы" болған уақыт:
Дұрыс жауап: ІV-VІ ғғ.
Еуропада жеке үстемдік жасау мақсатында 1799 – 1815 жылдар аралығында жаулаушылық жорықтар жүргізген француз билеушісі:
Дұрыс жауап: Н.Бонапарт
Парсы патшасы Кирдің Вавилон мемлекетін басып алған уақыты:
Дұрыс жауап: Б.з.б. 538 ж.
Индустриалды қоғам белгісі:
Дұрыс жауап: Ірі машина (зауыт, фабрика) өндірісі
Билік барлық қоғамды және тұлғаны қатаң бақылауға алатын саяси режім:
Дұрыс жауап: Тоталитарлық
Қандай да бір мәселелер бойынша халық белгілі бір жағдайларда ғана шешім қабылдайтын режім:
Дұрыс жауап: Плебисцитарлы демократия
Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезеңді қамтиды:
Дұрыс жауап: Авторитарлық режім
Б.з.б. ІІІ ғасырдың басында ғұндардың басын біріктіріп мемлекет құрған,Қытай императорын өзімен «бейбітшілік әрі туыстық келісім» жасауға мәжбүр еткен билеуші:
Дұрыс жауап: Мөде
Рим ірі отарлық державаға айналды:
Дұрыс жауап: Б.з.б. І ғасырдың ортасы
Республика - ...
Дұрыс жауап: Билік органдары сайлану арқылы қалыптасатын мемлекет формасы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құруды ұсынған ел:
Дұрыс жауап: АҚШ
Өз еңбектерінде Атиллаға өз заманының ең ұлы қайраткері деп баға берген француз тарихшысы:
Дұрыс жауап: А.Тьерри
Тәуелсіз басшы,ешқандай шектеусіз,шексіз билік жүргізетін мемлекеттік форма:
Дұрыс жауап: Абсолютті монархия
Американдық бизнестің өзегі Уолл-стритте АҚШ экономикасында бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық дағдарыстың басталуы:
Дұрыс жауап: 1929 ж. қазан
1921 жылы Италияда Ұлттық фашистік партия құрды:
Дұрыс жауап: Б.Муссолини
Форд автомобильдері қолжетімді болды, олардың бағасы:
Дұрыс жауап: 300 доллар
Әлемдік экономикалық дағдарыстан социал-реформашылық жолмен шыққан ел:
Дұрыс жауап: Франция
КСРО Конституциясы қабылданды:
Дұрыс жауап: 1936 ж.
Испанияда «Халықтық майдан» үкіметі құрылды:
Дұрыс жауап: 1936 ж.
XX ғасырдың 30 жылдары орын алған әміршіл - әкімшіл тоталитарлық жүйені орнықтырған басшы:
Дұрыс жауап: И.В. Сталин
Алғаш рет конвейерлік әдісті тиімді қолданған кәсіпорын:
Дұрыс жауап: Форд автомобиль зауыты
Гитлер мен оның жанындағылар үшін Шығыстағы "тіршілік аймағы" деп жарияланады:
Дұрыс жауап: КСРО
Франциядағы фашистік ұйымдардың жетекшілерінің бірі:
Дұрыс жауап: Де Ля Рок
А. Гитлер басқарған фашистік Германияда құпия саяси полиция - гестапо құрылды:
Дұрыс жауап: 1933 ж.
Адольф Гитлер бастаған Әлеуметтік-социалистік партия билікке келді:
Дұрыс жауап: 1933 ж.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның өндірістік мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруге септігін тигізді:
Дұрыс жауап: «Дауэс» жоспары
Жаппай қуғын-сүргін нәтижесінде Сталиннің кезінде орныққан саяси жүйе:
Дұрыс жауап: Тоталитарлық
1933 жылы құрылған нацистердің құпия саяси полициясы:
Дұрыс жауап: Гестапо
1936 жылы КСРО-да болған оқиға:
Дұрыс жауап: КСРО Конституциясы қабылданды
1931 жылы жапон әскерлері Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрған ел:
Дұрыс жауап: Қытайда
«Маттеотти дағдарысы» орын алған ел:
Дұрыс жауап: Италия
АҚШ-тың ірі қалаларындағы гетто - ...
Дұрыс жауап: Қара нәсілді американдықтар тұратын аудан
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ тың ерекше экономикалық өрлеуі:
Дұрыс жауап: Просперити
1929-1933 жылдарғы экономикалық дағдарыстан енді милитарландыру арқылы шыққан ел:
Дұрыс жауап: Германия
Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарға жатпайды:
Дұрыс жауап: С.Мұқанов
ХІІІ Альфонс патша елден қашып, Испания республика болып жарияланды:
Дұрыс жауап: 1931 ж.
"Жаңа бағыт" саясатын жариялаған АҚШ президенті:
Дұрыс жауап: Ф.Рузвельт
Германияның батыс аймақтарында ақша реформасы жүргізілді
Дұрыс жауап: 1948 жыл
Қытайда өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісінің қысқаруына әсер еткен, сәтсіздікке ұшыраған жоспар
Дұрыс жауап: «Үлкен секіріс»
Батыс Германияда «Әлеуметтік нарықтық экономика» терминін енгізген тұлға
Дұрыс жауап: А. Мюллер-Армак
Үндістан қарусыздандыру жөніндегі бағдарламасын жариялады:
Дұрыс жауап: 1988 жылы
Қытайда мемлекеттің социалистік сипатын заңды түрде бекіткен Конституция қабылданды
Дұрыс жауап: 1954 жыл
К.Эттли үкіметі атом бомбасын шығару туралы шешім қабылдады:
Дұрыс жауап: 1946 жылы
Н. Эрбакан жетекшілік еткен исламдық ұстанымдағы әлеуметтік партия жеңіске жетті:
Дұрыс жауап: 1995 жылы
ҚХР-да кең көлемдегі экономикалық реформалар жүргізу туралы шешім қабылданды
Дұрыс жауап: 1978 жылы
Қытай Халық Республикасы жарияланды:
Дұрыс жауап: 1949 жылы