Ustazdyq

Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау

497 сұрақ · 8-бет, барлығы 10 бет

  1. Тэтчеризмнің экономикалық саясатының негізгі ерекшелігі:

    Дұрыс жауап: Еркін нарық пен жеке кәсіпкерлікті қолдау

  2. 1945 жылы Ұлыбританиядағы сайлауда лейбористік партияның әлеуметтік салада жариялаған реформаларының ауқымды бағдарламасы

    Дұрыс жауап: «Болашаққа бет бұру»

  3. «Шведтік үлгі» термині қолданыла бастаған уақыт:

    Дұрыс жауап: 1960 жылдары

  4. Үндістан мен Пәкістан Кашмирдегі мәселеге байланысты уақытша келісімге келді:

    Дұрыс жауап: 1949 жылы

  5. 1946 жылы «қырғи-қабақ соғыстың» бастамашысы болды

    Дұрыс жауап: К. Эттли үкіметі

  6. «Түрік реформаларының әкесі» Тұрғыт Өзал тұжырымдамаларының негізгі идеясы:

    Дұрыс жауап: Нарықтық қатынастарды нығайту

  7. 1980 жылдардың ортасына қарай Қытайда қалыптасқан жағдай:

    Дұрыс жауап: ауылшаруалық өнімдерін өндіру төмендеді

  8. 1946 жылы Түркияда құрылған саяси партия:

    Дұрыс жауап: Демократиялық партия

  9. Шетелдік озық тәжірибелерді, жетістіктер мен білімді аса үйлесімділікпен қабылдап, оларды дәстүрлі-өркениеттік мұралармен ұштастыра білген ел

    Дұрыс жауап: Жапония

  10. Германияның «экономикалық ғажайып» кезеңі басталды:

    Дұрыс жауап: 1948 жылы

  11. 1945 жылы бірпартиялық диктатурадан бас тартқан Түркия президенті:

    Дұрыс жауап: Исмет Иненю

  12. Либералдық дәстүрдің қалыптасуына өз үлесін қосқан француз ғалымдарының бірі:

    Дұрыс жауап: А. Токвиль

  13. Түркия Республикасының зайырлық мазмұнын айқындаған кемализм принциптерінің бірі:

    Дұрыс жауап: лаицизм

  14. АҚШ тарихында төрт рет қатарынан президенттікке сайланған жалғыз президент:

    Дұрыс жауап: Ф.Рузвельт

  15. 1941 жылы 7 желтоқсанда жапондықтар шабуылдаған АҚШ-тың әскери-теңіз базасы:

    Дұрыс жауап: Перл-Харбор

  16. Түркия Республикасы салтанатты түрде жарияланды:

    Дұрыс жауап: 1923 жылы 29 қазанда

  17. Н. Мандела мен ОАР президенті Фредерик де Клерк апартеидті тоқтатуға қосқан үлестері үшін Нобельдік Бейбітшілік сыйлығын иеленді:

    Дұрыс жауап: 1993 жылы

  18. 1932 жылы АҚШ-та президент сайлауында жеңіске жеткен демократиялық партияның өкілі:

    Дұрыс жауап: Ф.Д. Рузвельт

  19. 1922-1924 жж. М. Ганди түрмеде жазып шыққан кітабы:

    Дұрыс жауап: «Менің өмірім»

  20. 1965 жылы АҚШ-та афроамерикандықтардың сайлауда тең құқықты екені көрсетілген «Сайлау құқығы туралы» Заң қабылданды:

    Дұрыс жауап: 1965 жылы

  21. Идеялары мен ұстанымдары «жаңа либерализмнің» ең маңызды бағыттарына негіз болған ағылшын экономисі:

    Дұрыс жауап: Дж.М. Кейнс

  22. Малайзия тәуелсіздік алды:

    Дұрыс жауап: 1957 ж.

  23. Марксизмнің негізгі идеяларының бірі:

    Дұрыс жауап: ешқандай тапқа бөлінбейтін коммунистік қоғам құру

  24. «Біздің тегіміз – капитализм емес, социализм», - деп атап өткен Қытайдың саяси қайраткері:

    Дұрыс жауап: Дэн Сяопин

  25. Ағартушылық дәуір көзқарастарын одан әрі жетілдірген классикалық неміс философиясының негізін қалаушы:

    Дұрыс жауап: И. Кант

  26. Түркияның Ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жою туралы заң қабылдады:

    Дұрыс жауап: 1922 жылы

  27. М. Кемал саясатының басты ұстанымы:

    Дұрыс жауап: этатизм

  28. 1941 жылы тамызда Ньюфаундленд жағалауында Ф.Рузвельтпен кездескен премьер-министр:

    Дұрыс жауап: У.Черчилль

  29. 1990 жж. аяғына дейін Қытай аумағында болған отарлық аймақтардың бірі:

    Дұрыс жауап: Аомынь

  30. 1922 жылы Үндістанда сатьяграханы тоқтатуға алып келген оқиға:

    Дұрыс жауап: Чаури-Чаура жерінің полицейлерді өлтіре бастауы

  31. АҚШ-та М.Л. Кингтің күні ретінде аталып өтілетін және ұлттық мереке болып саналатын күн:

    Дұрыс жауап: қаңтардың үшінші дүйсенбісі

  32. 1976 жылы Д. Сяопин саясатқа қайта оралғаннан соң:

    Дұрыс жауап: халықтың материалдық деңгейін көтеруге шақырды

  33. 1930 жж. басында айқындалған кемализм идеологиясының негізгі қағидаларына жатпайды:

    Дұрыс жауап: тоталитаризм

  34. Либералдық дәстүрдің қалыптасуына өз үлесін қосқан неміс ғалымдарының бірі:

    Дұрыс жауап: В. Гумбольдт

  35. М.Вольтер, Ш.Монтескье, Ж.Руссо - ... елінің ағартушылары:

    Дұрыс жауап: Франция

  36. Мартин Лютер Кинг Үндістанға келіп, М.Ганди ілімімен танысты:

    Дұрыс жауап: 1959 ж.

  37. 1884 жылы бірінші герман отары пайда болған аймақ:

    Дұрыс жауап: Оңтүстік-батыс Африка

  38. ХVIII ғасырдың екінші жартысында Қытайдың бүкіл сыртқы саудасы ... арқылы жүргізілген:

    Дұрыс жауап: Гуанчжоу

  39. Ресейде бірінші орыс революциясы болған жылдар:

    Дұрыс жауап: 1905-1907 ж.

  40. ХІХ ғасырда Африка құрылығында отар иелену жолында үлкен табыстарға жетті:

    Дұрыс жауап: Еуропа елдері

  41. ІІ Александр Ресей тағына отырды:

    Дұрыс жауап: 1855 ж.

  42. XIX ғасырда Германияның бірігуіне үлес қосқан "Темір канцлер" деген атқа ие болған қайраткер:

    Дұрыс жауап: О. Бисмарк

  43. Сипайлардан құралған ең үлкен әскер:

    Дұрыс жауап: Бенгал

  44. Герман парламентінің төменгі палатасы:

    Дұрыс жауап: Бундестаг

  45. 1882 ж құрылған Үштік Одақ деп аталатын империалистік мемлекеттер одағына кірді:

    Дұрыс жауап: Австро-Венгрия, Италия, Германия

  46. XIX ғасырдың 60 - 70 жылдары Ресейде кеңінен өріс алған қозғалыс:

    Дұрыс жауап: Халықшылдық

  47. Үндістандағы ағылшын тауарларына бойкот жариялау қозғалысы:

    Дұрыс жауап: Свадеши

  48. 1857-1859 жылдары сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:

    Дұрыс жауап: Әкімшілік билік вице-корольге берілді

  49. Африка құрылығында бірінші герман отары пайда болған аймақ:

    Дұрыс жауап: Оңтүстік - Батыс Африка

  50. "Тарих атасы" атанған ойшыл:

    Дұрыс жауап: Геродот