Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау
497 сұрақ · 6-бет, барлығы 10 бет
Қытайлықтардың түсінігі бойынша бір жылдағы күндер саны:
Дұрыс жауап: 365 күн
"Әлемнің жеті кереметінің" бірі:
Дұрыс жауап: Зевс мүсіні
Олимпиада ойындары арналды:
Дұрыс жауап: Зевс құдайына
Хуанхэнің орта және төменгі ағысында б.з.б. ІІІ ғасырға дейін өмір сүрген мемлекет:
Дұрыс жауап: Чжоу
1598-1616 жылдары Жапонияда билік құрды:
Дұрыс жауап: Токугава
Жаңадан ашылған материкті "Америка" деп атауды ұсынды:
Дұрыс жауап: М.Вальдземюллер
Қытайда екінші апиын соғыстары болған жылдар:
Дұрыс жауап: 1856-1860 ж.ж.
Х. Колумбтың ашқан жерін жаңа материк екенін дәлелдеген:
Дұрыс жауап: А. Веспуччи
Осман түріктерінің мемлекеті құрылды:
Дұрыс жауап: 1299 ж.
Еуропада ауқатты адамдар арасында сұранысқа ие болған қытай тауары:
Дұрыс жауап: Жібек маталар
1842 жылғы Нанкин келісімшартында қабылданған шешім:
Дұрыс жауап: Қытай ағылшындарға бес порт ашып беруге мәжбүр болды
1861 жылы Ресейде қабылданған реформа бойынша:
Дұрыс жауап: Басыбайлы құқық жойылды
1848 жылы ақпанда Парижде көтеріліс нәтижесінде тақтан кеткен король:
Дұрыс жауап: Луи-Филипп
XIX ғасырдың I-ші жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет:
Дұрыс жауап: Англия
Солтүстік Үндістанда аса қуатты ұлт-азаттық көтеріліс болды:
Дұрыс жауап: 1857-1859 жж.
Айгун келісімі бойынша Ресей ие болған аймақ:
Дұрыс жауап: Амур өзенінің сол жағалауы
ХІХ ғасырда Германияда гроссбауэрлер - ...
Дұрыс жауап: Ауқатты шаруалар
Соғыста жеңілген мемлекет төлеуге міндетті өтемақы:
Дұрыс жауап: Контрибуция
1848 жылғы революция нәтижесінде Францияда жарияланды:
Дұрыс жауап: II Республика
1861 жылы наурызда Италия королі болып жарияланды:
Дұрыс жауап: ІІ Виктор Эммануил
1757 жылы Қытай императоры Цяньлунның европалықтарға қатысты саясаты:
Дұрыс жауап: Қытайға келуіне тыйым салды
XV ғасырдағы Үнді мұхитымен жеті рет теңіз саяхатын жасаған Қытай саяхатшысы:
Дұрыс жауап: Чжан Хэ
1500 жылы португалдық теңізші Педру Кабрал ашқан жер:
Дұрыс жауап: Бразилия
Ағылшындардың Үндістанда жергілікті халықтан жасақтаған еуропалық үлгідегі қарулы әскері:
Дұрыс жауап: Сипай
Декабристер қатарына жатпайды:
Дұрыс жауап: М.А.Бакунин
1875 жылы Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған ел:
Дұрыс жауап: Англия
1603 жылы Жапонияны біріктіруді аяқтап, Сегун атағын алған билеуші:
Дұрыс жауап: Токугава
Жапон феодалдық қоғамының ерекше әскери тобы:
Дұрыс жауап: Самурай
Ресейдегі алғашқы ірі жасырын қоғам:
Дұрыс жауап: "Құтқару одағы"
І Петр 1711 жылы Боярлар Думасы орнына құрды:
Дұрыс жауап: Сенат
Сипай көтерілісі партизандық сипатқа ие болды:
Дұрыс жауап: 1858 ж.
Ортағасырлық Жапонияда даймё - ...
Дұрыс жауап: Ірі феодалдар
ХІХ ғасырда Италияда елді азат ету және біріктіру жолында ұлт қаһарманына айналған революционер:
Дұрыс жауап: Джузеппе Гарибальди
Англияда Стюарттар әулеті билікке келді:
Дұрыс жауап: 1603 ж.
Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:
Дұрыс жауап: Б.Тилак
Ең ірі мұхитқа Тынық деп атау берген саяхатшы:
Дұрыс жауап: Ф.Магеллан
Еуропалықтардың теңіз саяхаттарының негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Отарлау саясаты, басып-жаншу
Осман империясының ең бір гүлденген дәуірі:
Дұрыс жауап: І Сүлейман
618-907 жылдар арылығында орта ғасырлық Қытайда өмір сүрген ең қуатты мемлекет:
Дұрыс жауап: Тан империясы
XVI ғасырда абсолютизмді күшейту үшін Тюдорлар әулеті іске асырған реформа:
Дұрыс жауап: Шіркеу
«Юнлэ» деп аталып кеткен Қытай императоры:
Дұрыс жауап: Чжу Ди
Васко да Гама Үндістанді ашқаннан кейін Азияны жаулап алуды бастаған мемлекет:
Дұрыс жауап: Португалия
Христофор Колумб Американы ашқан уақыты:
Дұрыс жауап: 1492 ж.
Х. Колумбтың ашқан жерін ең алдымен игеруге кіріскен ел:
Дұрыс жауап: Испандықтар
Тәуелсіздігінен айырылып,бөтен мемлекетке бағынышты болған елдер:
Дұрыс жауап: Отар
XV ғасырда Ұлы Жібек жолы маңызының төмендей бастау себебі:
Дұрыс жауап: Теңіз жолдарының ашылуы
1402 жылы Анкара түбінде Иылдырым (Найзағай) Баязит әскерін талқандады:
Дұрыс жауап: Әмір Темір
Қазіргі Мексика жерінде өмір сүрген үнді тайпаларының мемлекеті:
Дұрыс жауап: Ацтек
Тайпалардың қоныс аудару себептеріне жатпайды:
Дұрыс жауап: Тайпалардың бірігу мақсаты
Мемлекеттік билік органдары сайлау және ауыспалы негізде қалыптасқан мемлекеттік форма:
Дұрыс жауап: Республика