Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау
497 сұрақ · 10-бет, барлығы 10 бет
1929-1933 жылдарғы экономикалық дағдарыстан елді милитарландыру және әскери басқыншылық жолымен шықты:
Дұрыс жауап: Жапония
А.Гитлер бастаған неміс фашистерінің Германияда билік басына келуі:
Дұрыс жауап: 1933 ж.
Өндірістің өсуіне ықпал еткен конвейерлік әдіс алғаш рет ең үлкен тиімділікпен қолданылған зауыт:
Дұрыс жауап: Форд
Версаль келісімшарты бойынша Франция қайтарып алған жерлер:
Дұрыс жауап: Эльзас пен Лотарингия
Нацистік Германияның басты партиясы:
Дұрыс жауап: НСДАП
Цензура -
Дұрыс жауап: Сөз бостандығын шектеу, баспасөзді қадағалау
20 мыңға жуық фашистер Парижде ереуіл жасап, парламентке шабуыл жасауға тырысты:
Дұрыс жауап: 1934 ж.
1939 жылдың аяғында КСРО шабуыл жасаған елдер:
Дұрыс жауап: Польша мен Финляндия
1920 жылдары америкалық экономиканың өзіндік символы:
Дұрыс жауап: Автомобиль
1920 жылдары "Америка ісі-бизнес" ұранын жариялаған АҚШ үкіметі:
Дұрыс жауап: К.Кулидж
Дүниежүзілік соғыстан «жеңген елдердің арасында жеңілген ел» болып шықты:
Дұрыс жауап: Италия
Н. Бонапарт 1806 жылы континенттік блокада енгізген ел:
Дұрыс жауап: Англия
Мартин Лютер Кинг нәсілдік теңсіздікке қарсы бейбіт түрде күрескені үшін Нобель сыйлығына ие болды:
Дұрыс жауап: 1964 жылы
1958 жылы желтоқсанда Шарль де Голль:
Дұрыс жауап: Франция президенті болып сайланды
Шарль де Голль Францияда Уақытша үкіметті басқарды:
Дұрыс жауап: 1944-1945 жж.
Түркия республика болып жарияланды:
Дұрыс жауап: 1923 жылы 29 қазанда
Апартеид кезеңінде адам құқығы үшін күрескен ең белсенді күрескерлердің бірі:
Дұрыс жауап: Нельсон Мандела
1930 жж. басында айқындалған кемализм идеологиясы бағыттарының бірі:
Дұрыс жауап: ұлтшылдық
XX ғ. II ж. Қытай басшылығы ұсынған экономикалық жаңғыру үлгісінің мәселелеріне кірмейді:
Дұрыс жауап: сыртқы сауданы қысқарту
Франциядағы ағартушылық дәуірінің атақты ойшылы Ф.М. Вольтердің пікірі:
Дұрыс жауап: «Бостандық тек заңға бағынудан тұрады ...»
Д. Сяопиннің сыртқы саясатқа қатысты ұстанған идеясы:
Дұрыс жауап: «Бір ел – екі жүйе»
Түркияның Ұлы халық жиналысы М. Кемалға Ататүрік деген фамилия берді:
Дұрыс жауап: 1928 жылы
Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы М.К. Ганди заңгерлік білім алды:
Дұрыс жауап: Англияда
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанда болған оқиға:
Дұрыс жауап: ҚазССР атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді
Адамзат қоғамын екі топқа (әскери қоғам, өндірістік қоғам) бөлген ғалым:
Дұрыс жауап: Г.Спенсер
Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері М.К. Гандидің халықты бірлікке шақыруы негізделді:
Дұрыс жауап: адамгершілік-этникалық құндылықтарға
1923 ж. Түркияда құрылған Халықтық партияның төрағасы:
Дұрыс жауап: М. Кемал
1994 жылы ОАР-дың (Оңтүстік Африка Республикасы) тұңғыш қара нәсілді президенті болып сайланған саяси қайраткер:
Дұрыс жауап: Нельсон Мандела
Моңғолдар Орталық Азия жерін жаулап алуды аяқтады:
Дұрыс жауап: 1219 – 1221 ж.ж.
А. Македонскийдің жергілікті халыққа ұстанған қатаң саясатына байланысты көтерілісті басқарған соғдылық қолбасшы:
Дұрыс жауап: Спитамен
Өз дербестігі бар және қоғамды арнайы органдардың көмегі арқылы басқаратын саяси биліктің маңызды түрі:
Дұрыс жауап: Мемлекет
Парсы патшалығының ең бір өрістеген тұсында билік еткен патша:
Дұрыс жауап: Дарий
1688 жылы әлемде ең алғаш рет конституциялық монархия пайда болған ел:
Дұрыс жауап: Англия
Аристотельдің жіктеуі бойынша мемлекеттің дұрыс формасы:
Дұрыс жауап: Монархия
Қандай да бір мәселелер бойынша халық белгілі бір жағдайларда ғана шешім қабылдайтын режім:
Дұрыс жауап: Плебисцитарлы демократия
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құруды ұсынған ел:
Дұрыс жауап: АҚШ
Кир патша каспий даласында массагеттермен соғыста қаза тапты:
Дұрыс жауап: Б.з.д. 530 ж.
Шыңғысхан Цзинь империясын толық бағындырды:
Дұрыс жауап: 1211-1215 жж.
1918 жылы 3 наурызда Брест – Литовскіде бейбіт келісімге қол қойған елдер:
Дұрыс жауап: Ресей – Германия
Шыңғысханның заңдар жинағы:
Дұрыс жауап: "Ұлы Жасақ"
1804 жылы Францияда болған оқиға:
Дұрыс жауап: Наполеон Бонапарт император болды
Тайпалардың қоныс аудару себептеріне жатпайды:
Дұрыс жауап: Тайпалардың бірігу мақсаты
Гавгамелдегі шайқаста А.Македонскийден жеңілген парсы патшасы:
Дұрыс жауап: ІІІ Дарий
Гот тарихшысы ол туралы «Бұл адам әлемге халықтарды күйзелту мен барлық мемлекеттерге үрей туғызу үшін келген» деп жазған ғұн көсемі:
Дұрыс жауап: Атилла
Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезеңді қамтиды:
Дұрыс жауап: Авторитарлық режім
Халықтың билікке белсенді араласуы, плюрализм, бәсекелестік партиялардың болуы, сайлау арқылы биліктің ауысуы - бұл белгілер тән режім:
Дұрыс жауап: Демократия
Араб халифатында Омейядтар династиясы билік құрды:
Дұрыс жауап: 661-750 жж.