Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау

985 сұрақ · 4-бет, барлығы 20 бет

  1. «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің идеясы

    Дұрыс жауап: жарқын болашаққа тек жақсылықпен аяқ басуға шақыру

  2. «Күлтегін» жырын шығарған, тасқа қашап жазғызған адам

    Дұрыс жауап: Йоллығ Тегін

  3. «Көшпенділер» трилогиясының авторы

    Дұрыс жауап: І.Есенберлин

  4. Естіген нәрсені есте сақтап, ол туралы ой қорытып, көкірекке бекітіп алу –

    Дұрыс жауап: Зеректік

  5. Ойшылдың оқырманын естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелейтін нешінші қарасөзі?

    Дұрыс жауап: Отыз бірінші

  6. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Көріктеу құралын белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Метафора

  7. Ғақлия деген –

    Дұрыс жауап: Көркем қарасөз, нақыл сөздің бір түрі

  8. Саятшы Ораздың үйіне көрші болған жазушы:

    Дұрыс жауап: Сәбит Мұқанов

  9. Ораздың балалар жақсы көретін қасиеті:

    Дұрыс жауап: аңшылық туралы оқиғаларды қызықты етіп әңгімелеуі

  10. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы үшін алған марапаты:

    Дұрыс жауап: КСРО Мемлекеттік сыйлығы

  11. «Қан мен тер» трилогиясының негізгі тақырыбы:

    Дұрыс жауап: қазақ даласындағы қоғам өмірі

  12. Төлеген Айбергеновтың шығармашылықтағы жақын достары

    Дұрыс жауап: Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқов

  13. Сәбит Мұқановтың әкесі ауырып төсек тартып жатқан кезде оның отбасына көмек берген адам:

    Дұрыс жауап: Ораз

  14. Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңінен үзінді:

    Дұрыс жауап: Бірақ, бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын!

  15. Төлеген Айбергенов кім

    Дұрыс жауап: ақын

  16. «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі қолданылған көркемдегіш құрал:

    Дұрыс жауап: портрет

  17. Төлеген Айбергенов шығармаларының жанры:

    Дұрыс жауап: лирикалық өлеңдер

  18. «Қан мен тер» шығармасындағы балықшылар теңізге шыққан күнгі ауа райы:

    Дұрыс жауап: қатты дауылды күн

  19. «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі Ораздың жас мөлшері:

    Дұрыс жауап: алпыстарда

  20. «Бір тойым бар» өлеңінің авторы:

    Дұрыс жауап: Төлеген Айбергенов

  21. Саятшы Ораздың іс-әрекетіне лайық келетін мақал:

    Дұрыс жауап: «Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі»

  22. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан?

    Дұрыс жауап: 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында

  23. «Зілді бұйрық» өлеңінде кездесетін жер аттары

    Дұрыс жауап: Шиен, Самсы

  24. «Зар заман ақындарын» көрсет

    Дұрыс жауап: Ш.Қанайұлы, М.Мөңкеұлы

  25. Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған?

    Дұрыс жауап: 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс

  26. Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны

    Дұрыс жауап: Ескілікті көксеу

  27. «Зілді бұйрық» өлеңінде қандай көтеріліс сипатталған?

    Дұрыс жауап: Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің барысы

  28. Төлеген Айбергеновтің өзіне бақыт санаған дүниесі:

    Дұрыс жауап: халқымен, елімен сырласу

  29. «Қан мен тер» трилогиясының бас кейіпкері Еламанның кәсібі:

    Дұрыс жауап: балық аулау

  30. Қатаған айтыста не себепті жеңілді?

    Дұрыс жауап: Көптігі мен байлығын айтқандықтан

  31. Қазақ әдебиетіне «Зар заман ақындары» ұғымын енгізген ғалым –

    Дұрыс жауап: М.Әуезов

  32. Шортанбай шығармаларының басты идеясы –

    Дұрыс жауап: Ел тұрмысы, отаршылар озбырлығы, қоныс қысымы

  33. Берілген өлең жолдарындағы бұйрық не туралы «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. «Отыз бір - он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды.

    Дұрыс жауап: Тыл жұмысына қол жинақтау

  34. Сүйінбай Қатағанмен айтысында қандай тақырыпты арқау етіп алды

    Дұрыс жауап: Елдің тарихы, жер аумағы

  35. Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман..., – деген үзінді қандай өлеңнен алынған?

    Дұрыс жауап: «Зар заман»

  36. Шортанбай «Мініп көрер күші жоқ, сауып ішер сүті жоқ» деп нені айтты?

    Дұрыс жауап: Ақша

  37. «Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе? Аздап булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды!»,-деп демеген қай шешен?

    Дұрыс жауап: Бөлтірік

  38. Жамбыл Жабаевтың ұстазы –

    Дұрыс жауап: Сүйінбай

  39. Сүйінбай айтыс өнерін қандай құспен айтысудан бастаған?

    Дұрыс жауап: Қарға

  40. Анафора дегеніміз –

    Дұрыс жауап: Өлеңнің әр жолының не әрбір ой ағымының бірдей сөзден қайталанып басталуы

  41. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып, Көксеген азаттықтың соғысында. Берілген өлең жолдарындағы көріктеу құралы.

    Дұрыс жауап: Аллитерация

  42. Шортанбайдың мұсылманшылық оқуындағы дәрежесі

    Дұрыс жауап: Ишандық

  43. Жантай Қатағанға қазақтың қандай қасиетін сөз етпегеніне ренжиді

    Дұрыс жауап: Алауыз ел екендігін

  44. Жақсы - жаннан түңілген, Жаман - малдан түңілген, - өлең жолдарындағы көріктеу

    Дұрыс жауап: Эпифора

  45. «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп аса жоғары бағалаған жазушы

    Дұрыс жауап: Мұхтар Әуезов

  46. Мен Қарасай ұлымын, Нар келдемнің түрімін. Қарамен жазылған сөздің мағынасын белгіле.

    Дұрыс жауап: Нар тұлғалы алып

  47. «Байлық десең бізде бар», «Қоңырбөрік асында, бес жүз жылқы матағам» деген өлең жолдары қай айтыста айтылған

    Дұрыс жауап: Сүйінбаймен айтысында

  48. Сүйінбай айтысқан қырғыз ақыны

    Дұрыс жауап: Қатаған

  49. «Қан мен тер» трилогиясында қолайсыз ауа райына қарамай бастарын қатерге тігіп, теңізге шыққан балықшылардың ойы:

    Дұрыс жауап: қазан қайнататын нәпақа табу

  50. Саятшы Ораздың әкесі Қашаның айналысқан кәсібі:

    Дұрыс жауап: аңшы