Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау
985 сұрақ · 2-бет, барлығы 20 бет
Қазақ тілі латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге қай жылы көшіріліп, қай жылға дейін пайдаланылды?
Дұрыс жауап: 1929ж көшіріліп, 1940ж дейін пайдаланылды
Ұлы Отан соғысының ержүрек батырларын белгіле.
Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.
Қаныш Сәтбаев туралы айтылған әңгіменің авторы.
Дұрыс жауап: "Мысойған" Т.Жұртбай
"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінің авторы.
Дұрыс жауап: А.Құнанбайұлы
«Ақдауыл хан» ертегісінің құрылысы бойынша шарықтау шегін белгіле.
Дұрыс жауап: Ханның туған жеріне сапары
«Ұшқан ұя» мәтініндегі негізгі кейіпкер кім?
Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлы
Қазбек бидің «Не қымбат?» шешендік сөзінде қандай қымбат айтылмайды?
Дұрыс жауап: Азық-түлік
Еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы мен күнін белгіле.
Дұрыс жауап: 1991 жыл 16 желтоқсан
Абайдың қарасөзінің санын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Қырық бес
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған ақын
Дұрыс жауап: Қ.Мырза Әли
«Ақдауыл хан» ертегісінде басты кейіпкер ауруына шипаны қай жерден табады?
Дұрыс жауап: Туған жерден
Әдебиеттегі көркемдегіш құрал, заттар мен құбылыстарды сипаттайтын бейнелі сөз:
Дұрыс жауап: Эпитет
Көркем шығарманың құрылысы.
Дұрыс жауап: композиция
Төменде берілген сөздерді қатыстырып мақал-мәтел құрастыр. Байлық , зор, денсаулық.
Дұрыс жауап: Денсаулық- зор байлық
Эпитеттің анықтамасын белгіле.
Дұрыс жауап: Әдебиеттегі көркемдегіш құрал, заттар мен құбылыстарды сипаттайтын бейнелі сөз.
Тайбурыл қай батырдың тұлпары?
Дұрыс жауап: Қобыланды
Айбатыр Сейтақтың «Қазақстан таулары» өлеңінде қанша таудың аты аталады?
Дұрыс жауап: 7
"Көпті көрген қарт" сөзінің мағынасы:
Дұрыс жауап: дана қария
"Дала сұңқары қиырға қарайды" әңгімесінің кейіпкері.
Дұрыс жауап: Шоқан Уәлиханов
Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Қай өлеңнен алынған үзінді?
Дұрыс жауап: «Ғылым таппай мақтанба»
Абай өзінің қай қарасөзінде жазуға қалай, не үшін кіріскені туралы айтады?
Дұрыс жауап: Бірінші
«Қасқакөл дауына» арқау болған оқиға
Дұрыс жауап: Төле би, Әйтеке би, Ормамбет бидің арасындағы көлге талас
Наманган қаласынан «Құтты білік» дастанының қай нұсқасы табылды?
Дұрыс жауап: Үшінші
«Асқар таудың өлгені» толғауындағы көркемдегіш құралдарды табыңыз.
Дұрыс жауап: Эпитет, метафора, риторикалық сұрақ
«Біржан Сара» айтысының басты тақырыбын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Әйел теңдігі, бас бостандығы
Әнет баба айтқан үш арсызды көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ұйқы, тамақ, күлкі
«Ердің бақыты – әйел» шешендік сөзінде Данагүлдің көрсеткен әдептілігін табыңыз.
Дұрыс жауап: Ерлердің жолын кесіп өтпеді
Бұқар жыраудың «Асқар таудың өлгені» толғауының негізгі идеясын табыңыз.
Дұрыс жауап: дүниедегі мәңгі жасайтын маңыздылықтар
«...Тері терсек берген соң ит те алады, Пұлындай берекесіз арбашының» деп айтылған үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз.
Дұрыс жауап: сарказм
«Біржан-Cара» айтысының өткен өңірін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Алматы облысы, Қапал-Ақсу өңірі
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейтін мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздің авторын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Майқы би
Келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей жырау
Дұрыс жауап: Мөңке Тілеуұлы
«Біржан-Сара» операсын жазған композитор
Дұрыс жауап: Мұқан Төлебаев
Қазыбек бидің белгілі би-батырларға ілесіп, алғаш рет қалмақ қонтайшысы Цэван Рабданға елшілікпен барған жасын табыңыз.
Дұрыс жауап: 14 жасында
Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттейтін айшықтаудың түрін табыңыз.
Дұрыс жауап: градация
Бұқар жыраудың адамның жас кезеңдері суреттелетін шығармасы
Дұрыс жауап: «Ай, Абылай, Абылай!»
Мақал-мәтел шешендік сөздердің қай түріне жатады?
Дұрыс жауап: Шешендік толғау
Қазақ әдебиетінде кездесетін айтыс түрлерінің санын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: 6
Бұқар жыраудың толғауларын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Садыр, қайда барасың?»
Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Ел бірлігін жырлау
«Түрлі-түрлі халық болады, Күндіз-түні жарық болады... Дүниенің жүзіне өре мен темірден жол тартылады... Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді», - деп толғауларында болжаған белгілі биді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Мөңке би
«Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы
Дұрыс жауап: А.Байтұрсынұлы
Асанқайғы қай ханның ақылшысы, кеңесшісі болған?
Дұрыс жауап: Әз Жәнібек
Қобыландының «Бұл не қылған дауыс?» деген сұрағына Естемістің жауабы
Дұрыс жауап: Көктім Аймақ ханы бар, Құртқа деген қызы бар
Қобыланды батырдың тұлпары
Дұрыс жауап: Тайбурыл
Асанқайғының «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен» дегені қай жерге айтылған сыны
Дұрыс жауап: Нұра бойы
Қобыландыны батырлыққа баулыған адам
Дұрыс жауап: Естеміс
Керқұла атты Кендебайдың ерліктерінің ретімен дұрыс орналасқан нұсқаны белгіле
Дұрыс жауап: Аң аулап кедейлерге көмектесті, Мергенбайды құтқарды, жеті басты дәу, ақырған арыстанды жеңді, елін жаудан қорғаған батыр атанды
Кендебай қойшы балаға қандай уәде береді?
Дұрыс жауап: Әке-шешесін тауып әкелуге
Батырлар жырының негізгі тақырыбы қандай?
Дұрыс жауап: Ерлікті дәріптеу