Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау

985 сұрақ · 3-бет, барлығы 20 бет

  1. Берілген шығармалардың қайсысы ауыз әдебиетіне жатады?

    Дұрыс жауап: «Керқұла атты Кендебай»

  2. «Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Сіздің еліңізге ерігіп келгем жоқ, жұмыспен келдім» қай кейіпкердің сөзі

    Дұрыс жауап: Кендебай

  3. «Қобыланды батыр» жырындағы Тоқтарбайдың дәулетті екенін көрсететін сөздерді белгіле

    Дұрыс жауап: Байлығында есеп жоқ, Айдалып бағып жайылды...

  4. Бір зат пен екінші затты ұқсастығына байланысты ауыстырып айту

    Дұрыс жауап: Метафора

  5. «Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

    Дұрыс жауап: Асыл сөз

  6. «Буырқанып, бұрсанып, Мұздай темір құрсанып» қандай көркемдеуіш сөз бар?

    Дұрыс жауап: Теңеу

  7. Асанқайғы Қызылтау деген жерге келгенде...

    Дұрыс жауап: «Тау – тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен» депті.

  8. Ш.Уәлиханов «дала философы» деп қай жырауды атады?

    Дұрыс жауап: Асанқайғы

  9. Кендебай алтын құйрықты құлынды іздеуге шыққанда ең бірінші неге жолығады?

    Дұрыс жауап: Жеті басты дәу

  10. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен айналысқан ғалымдар

    Дұрыс жауап: Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин

  11. Асанқайғы жыраудың мұрасы қай ғасырда басылып шықты?

    Дұрыс жауап: XIX ғасырда

  12. «Бір төбенің тозаңын, Бір төбеге қосады» көріктеу құралының қай түрі берілген?

    Дұрыс жауап: Қайталау

  13. «Әпке» драмасының бас кейіпкері

    Дұрыс жауап: Қамажай

  14. «Әпке» драмасындағы Қамажайдың інісі Темірбектің досы

    Дұрыс жауап: Сұлтан

  15. «Теміржолшы» әңгімесіндегі Әліштің теміржолға жұмысқа келгендегі жасы

    Дұрыс жауап: 20 жаста

  16. «Қарағанды» романында «Туған жер ыстық болмаса, қызық болмаса, қу трубаны жылдар бойы күзетем бе?» сөзін айтқан кейіпкер

    Дұрыс жауап: Ермек

  17. Б.Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінде сипатталатын тарихи оқиға

    Дұрыс жауап: Түрксіб теміржолының салынуы

  18. Әліш Үмбеталовқа «Ленин» орденінің берілу себебі

    Дұрыс жауап: 25 жылдық адал еңбегі мен пойыздарды тоқтаусыз жүргізгені үшін

  19. «Теміржолшы» әңгімесінің бас кейіпкері

    Дұрыс жауап: Әліш

  20. Донбасс шеберлерінің Қарағандыға келу мақсаты

    Дұрыс жауап: Қарағандыны «жүргізуге» келіпті.

  21. «Қарағанды» романының авторы

    Дұрыс жауап: Ғ.Мұстафин

  22. Оқиғалардың дұрыс реті 1. Қанабек қонақтарды таныстырды. 2. Ермек зауыттың кілтін табыс етті. 3. Қазақ халқының арманын орындайды. 4. Донбасстықтар Қарағандыға келді.

    Дұрыс жауап: 4, 1, 2, 3

  23. Әліш Үмбеталовқа берілген марапат

    Дұрыс жауап: «Ленин» ордені

  24. «Теміржолшы» әңгімесіндегі пойыз астына жату құрметіне ие болған озат жұмысшы

    Дұрыс жауап: Әліш

  25. Тосқанбай, Әліш, Нұрқасым деген кейіпкерлер бар шығарма

    Дұрыс жауап: «Теміржолшы»

  26. «Әпке» драмасының авторы

    Дұрыс жауап: Д.Исабеков

  27. Кейіпкерге лайық мінездеме: «Әліш ашылып сөйлей бермейді, бірақ жұмысына байланысты сұрақ қойылса, сағаттап сөйлеуге дайын».

    Дұрыс жауап: өз ісін өте жақсы білетін маман

  28. Қарағандыны орыс байларына 250 сомға сатқан адам

    Дұрыс жауап: Игілікұлы Тәти

  29. «Теміржолшы» әңгімесіндегі Әліштің Қопаға көшу себебі

    Дұрыс жауап: Қопаға жұмыс іздеп барды.

  30. Б.Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінде көтерілген мәселе

    Дұрыс жауап: жұмыссыздық

  31. «Қарағанды» романындағы өзектің «Қарағанды» аталу себебі

    Дұрыс жауап: қараған көп өседі

  32. «Қарағанды» романындағы кейіпкерлердің бірі, Телман аудандық атқару комитетінің председателі

    Дұрыс жауап: Қанабек

  33. Абай айтқан күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер –

    Дұрыс жауап: Төртеу

  34. «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің авторы

    Дұрыс жауап: М.Мақатаев

  35. 16 жасар Күлтегін жеңген елдер

    Дұрыс жауап: соғды, оңтұтық, табғаш

  36. «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің мақсатты аудиториясы

    Дұрыс жауап: барлық жастағы адамдар

  37. Батырлар жыры мен «Күлтегін» жырының айырмашылықтары көрсетілген нұсқаны белгіле.

    Дұрыс жауап: Батырлар жыры көбіне ауызша тараған әрі онда батырлық, ерлік баяндалады, ал «Күлтегін» жыры тасқа жазылған және мұнда елдік, бірігу туралы айтылады.

  38. «Ертең біз жол жүреміз» өлеңіне қатысы жоқ тұжырым

    Дұрыс жауап: Отанымызды қорғауымыз керек.

  39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бөлімдерінің дұрыс ретін көрсет.

    Дұрыс жауап: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар»

  40. «Күлтегін» жыры жазылған графика

    Дұрыс жауап: руна жазуы

  41. «Батыры бар елдің жауы жеңіледі» деген ойды білдіретін Күлтегін афоризмі

    Дұрыс жауап: Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар.

  42. М.Мақатаевтың шығармалары

    Дұрыс жауап: «Қос қарлығаш» повесі, «Марусяның тауы» әңгімесі

  43. Күлтегіннің негізгі мақсаты

    Дұрыс жауап: түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау

  44. «... Не бетімізді айтамыз Болашаққа Жат қылықты қалдырмай апарғанда? ______________ атаулыны қалдырыңдар!

    Дұрыс жауап: жамандық

  45. Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер

    Дұрыс жауап: «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк»

  46. Болашаққа дайындалу керектігі айтылатын өлең жолы

    Дұрыс жауап: Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.

  47. М.Мақатаевтың шын аты

    Дұрыс жауап: Мұхаммедқали

  48. «Күлтегін» жырының жанры

    Дұрыс жауап: эпос

  49. Күлтегін афоризмі

    Дұрыс жауап: Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп.

  50. «Көшпенділер» трилогиясының кейіпкерлері

    Дұрыс жауап: Жәнібек, Керей, Әдік, Бұрындық