Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау
985 сұрақ · 17-бет, барлығы 20 бет
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен
Ерте заманнан адамдар жұлдызыды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде қанша шоқжұлдыз бар?
Дұрыс жауап: 88
Берілген өлең жолдары Қалқаман Сариннің қай шығармасынан? Еркіндігім, Қасиетім, Қастерлім! Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң!
Дұрыс жауап: «Тәуелсіздік»
Қазақта «Ас-адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді?
Дұрыс жауап: ♪ «Адам ас ішіп қана дұрыс өмір сүреді» дегенді
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – ... ... . Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден ... сұрайды.
Дұрыс жауап: бата беру, бата
16-желтоқсан қандай мереке?
Дұрыс жауап: Тәуелсіздік күні
«Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңінің авторы:
Дұрыс жауап: Қадыр Мырза-Әлі
Әл-Хорезми кім?
Дұрыс жауап: ♪Орта ғасырлық ұлы ғалым, математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы.
Адамның ең үлкен байлығы не?
Дұрыс жауап: білім
Берілген бата қандай батаның түріне жатады? Дастарханыңа береке берсін, Бастарыңа мереке берсін. Асыңа адалдық берсін, Басыңа амандық берсін Деніңе саулық берсін.
Дұрыс жауап: Ас батасы
Мына берілген өлең жолдары кімдікі? Сүт ішеміз аманда Ағзамызға пайдалы. Тіл үйірер қашан да Қою тәтті қаймағы
Дұрыс жауап: Қадыр Мырза Әли
Қалқаман Сарин қандай жыр жинақтың авторы?
Дұрыс жауап: «Арманымның бейнесі»
Орта ғасырлық ұлы ғалым, физик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, суретші.
Дұрыс жауап: мұғалім
Қалқаман Сарин 2017-2019 жылдар аралығында қандай бағдарламаның жүргізушісі болды?
Дұрыс жауап: Қазақ радиосында «Қауырсын ғалам»
Қалқаман Сарин Қазақ Ұлттық музыка академиясында оқытушы болып қай жылдары жұмыс істеген?
Дұрыс жауап: 1998-2008 ж.
Сөйлемді толықтыр: Қазақта «...... – адамның арқауы» деген мақал бар.
Дұрыс жауап: ас
Батаны кімдер береді?
Дұрыс жауап: көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер
Батаның түріне жатпайтын нұсқаны көрсет.
Дұрыс жауап: Сары бата
Ежелгі түркі жұлдызшылары қандай жұлдызды ашқан?
Дұрыс жауап: «Жетіқарақшы»
Жұмбақты шешу үшін адамның бойында қандай қасиет болуы керек?
Дұрыс жауап: тапқырлық
Қожаға «түбінде адам болатын бала» деп үміт артқан ұстазы:
Дұрыс жауап: Майқанова
Манаптың інісіне берген сыйы –
Дұрыс жауап: Костюм
Бердібек Соқпақбаев қай жерде дүниеге келген?
Дұрыс жауап: Алматы облысы, Нарынқол ауданы
Шағын көлемді,оқиғалы,адамға сабақ боларлық тәрбиелік мәні бар шығарма
Дұрыс жауап: Мысал
Қожаны достары қалай мазақ қылатын?
Дұрыс жауап: Қара көже
«Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ,көгалы жоқ қрға шықтым...» берілген өлең жолдарындағы қайталаудың түрін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Эпифора
Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» жинағындағы мысалдарды кімнен аударды?
Дұрыс жауап: И.А.Крылов
«Бауыр» әңгімесіндегі Қали кім болуды армандайтын?
Дұрыс жауап: Ұшқыш
Қалидың бокстан басқа айналысатын ермегі –
Дұрыс жауап: Табиғат мүйісін қарау
«Егіннің бастары» мысалында не жайында айтылады?
Дұрыс жауап: Өзгелерді сынамау
«Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұл ажамгершілік қасиеттер»,-деген сөздің авторы
Дұрыс жауап: Ыбырай Алтынсарин
Қали тәрбиеленіп жатқан балалар үйіне кездесуге келген ұшқыш –
Дұрыс жауап: Александр Сидоров
Автор бейнесі дегеніміз -
Дұрыс жауап: Көркем шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы Сіз
Бердібек Соқпақбаев қандай журналдарда қызмет атқарды?
Дұрыс жауап: «Балдырған», «Жұлдыз»
«Менің атым Қожа» фильмі қай жылы шықты?
Дұрыс жауап: 1963
Алаш қозғалысының жетекшісі,ұлттық жазудың реформаторы кім?
Дұрыс жауап: А.Байтұрсынов
Марат Қабанбай шығармалары кімдерге арналған?
Дұрыс жауап: Балалар мен жасөспірімдерге
Шығармада Қожа шығарған «Жанар, сендей жан тумас, Туса, туар, артылмас. Бір өзіңнен басқаға Сағынышым айтылмас» дейтін өлең шумағы қай ақынның өлеңіне ұқсап кетеді?
Дұрыс жауап: Абай
Романнан кіші, әңгімеден үлкен шығарма –
Дұрыс жауап: Хикаят
Қали ағасына қандай жануарды тауып беруін ымдаған еді?
Дұрыс жауап: Ақбөкен лағын
Ғабиден Мустафиннің «Шығанақ» романы кімнің өміріне негізделген?
Дұрыс жауап: Шығанақ Берсиевтің
І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасында сөз болатын кейіпкер
Дұрыс жауап: Асан қайғы
«Күй», «Күйші» поэмалары кімнің туындысы?
Дұрыс жауап: Ілияс Жансүгіровтің
Ілияс сауатын кімнен ашқан?
Дұрыс жауап: әкесі мен ауыл молдаларынан
Мына бата қай мерекеде беріледі? Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда барса жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін!
Дұрыс жауап: Наурыз мерекесінде
Ғабиден Мустафиннің тұңғыш жинағы қалай аталады?
Дұрыс жауап: «Ер Шойын»
Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді?
Дұрыс жауап: Ертегі
«Шығанақ» романындағы басты кейіпкерлер?
Дұрыс жауап: Шығанақ, Олжабек, Жанбота, Амантай
«Әлемді сексен күнде шарлау» романының авторын белгілеңіз
Дұрыс жауап: Ж.Верн
«Қажымұқан» хикаяты неше бөлімнен тұрады?
Дұрыс жауап: 7