Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау

985 сұрақ · 19-бет, барлығы 20 бет

  1. Күн мен айға ең жақын жұлдызды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Үркер

  2. Көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады....

    Дұрыс жауап: Отамалы

  3. Махамбет Өтемісұлы кім

    Дұрыс жауап: ақын

  4. «Көксерек» әңгімесінің авторы

    Дұрыс жауап: Мұхтар Әуезов

  5. «Қараой» шығармасының негізгі кейіпкері

    Дұрыс жауап: Махамбет Өтемісұлы

  6. Тәкен Әлімқұловтың шығармасы

    Дұрыс жауап: «Қараой»

  7. Қарабайдың Қозыға қызы Көрпешті бергісі келмеген себебі

    Дұрыс жауап: жетім екендігін менсінбеуі

  8. Махамбеттің ұйқысының шала болу себебі

    Дұрыс жауап: туысы Ықыластың кешігуінен сезіктенуі

  9. «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазған-

    Дұрыс жауап: Ғ.Мүсірепов

  10. Махамбеттің тұңғыш ұлының өлімі

    Дұрыс жауап: Жәңгір ханмен соғыста оққа ұшуы

  11. Ақжан Жақсыбекұлы Машанов кім?

    Дұрыс жауап: геолог ғалым, тау-кен инженері

  12. «Жер астына саяхат» шығармасының авторын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: А.Машанов

  13. А.Машановтың «Жер астына саяхат» шығармасы қандай туынды?

    Дұрыс жауап: ғылыми-фантастикалық шығарма

  14. «Ана – Жер-Ана» шығармасындағы Толғанай қандай ана?

    Дұрыс жауап: Ержүрек, батыр, еңбекқор

  15. Шыңғыс Айтматов қай жылдары өмір сүрген?

    Дұрыс жауап: 1928-2008 жылдары

  16. «Жібек жолы» романындағы басты идея қандай?

    Дұрыс жауап: Ұлы Жібек жолы арқылы халықтардың бірігуі мен мәдени араласуы

  17. Ақжан Жақсыбекұлы қай ғылымның негізін салған?

    Дұрыс жауап: геомеханика

  18. Ұлы Жібек жолы арқылы қандай қалалар бой көтерді?

    Дұрыс жауап: жауаптардың барлығы дұрыс

  19. Сөйлемді толықтыр: Шыңғыс Айтматов «Ана -Жер -Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен ... баяндайды.

    Дұрыс жауап: қиындықты

  20. Дүкенбай Досжан қай жылдары өмір сүрген?

    Дұрыс жауап: 1942 жылы 9 қыркүйек пен 2013 жылы 15 қыркүйек

  21. Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов кім?

    Дұрыс жауап: Қырғызстанның халық жазушысы

  22. Ш.Айтматов өз шығармаларында нені суреттейді?

    Дұрыс жауап: ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмір шындығы, қарапайым еңбек және шаруа адамдарының өмірін

  23. Д.Досжанның «Жібек жолы» шығармасында Яссы қаласының атауы не мағына береді

    Дұрыс жауап: Сақтар ошағы

  24. Ақжан Жақсыбекұлының 1957 жыл жарық көрген қандай кітабы бар?

    Дұрыс жауап: «Жер астына саяхат»

  25. «Ана – Жер-Ана» шығармасында не баяндалады?

    Дұрыс жауап: Соғыстан кейінгі Ана тағдыры

  26. Ақжан Жақсыбекұлының «Жер астына саяхат» шығармасының басты кейіпкерлері кім?

    Дұрыс жауап: Жабай мен Қабай

  27. Д.Досжанның шығармасын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: «Жібек жолы»

  28. Д.Досжан кім?

    Дұрыс жауап: Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы

  29. Дүкенбай Досжан қай жерде дүниеге келген?

    Дұрыс жауап: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құланшы ауылында

  30. «Жібек жолы» романы қандай әдеби жанрда жазылған?

    Дұрыс жауап: Роман

  31. Міржақып Дулатұлы шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі қайсы?

    Дұрыс жауап: Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруі және ел тағдырына алаңдауы

  32. «Егіннің бастары» шығармасының негізгі тәрбиелік мәні неде?

    Дұрыс жауап: Қарапайымдылық пен кішіпейілділікті үлгі ету

  33. «Егіннің бастары» шығармасында тік өскен және иілген масақтар арқылы қандай мінез ерекшелігі салыстырылады?

    Дұрыс жауап: Тәкаппарлық пен кішіпейілділік

  34. Ахмет Байтұрсынұлының әдебиеттегі және қоғамдағы рөліне ең дәл сипаттама қайсы?

    Дұрыс жауап: Ұлттық руханиятты, ағартушылықты және тіл білімін қатар дамытқан қайраткер

  35. «Жетінші толқын» шығармасының авторы

    Дұрыс жауап: Медеу Сәрсеке

  36. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ақталған жыл:

    Дұрыс жауап: 1988 жылы

  37. Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын» шығармасында кімнің әңгімесі туралы айтады?

    Дұрыс жауап: хорват шалының

  38. Сахиев Жүністің бірнеше сериядан тұратын ғылыми-фантастикалық романы:

    Дұрыс жауап: «Кеңес көшпенділері»

  39. «Уақыт қайтарымы» романында бәрінен де қатаң:

    Дұрыс жауап: уақыт

  40. А.Байтұрсыновтың бір жинағы неліктен «Маса» деген атаумен жарық көрді?

    Дұрыс жауап: ағартушылық, гуманистік идеяларын халыққа қалайда жеткізу үшін

  41. «Уақыт қайтарымы» шығармасында уақыт ұғымы көбіне қалай танылады?

    Дұрыс жауап: Адам өмірі мен іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін өлшем ретінде

  42. «Жетінші толқын» шығармасының атауындағы «толқын» сөзі көбіне нені меңзейді?

    Дұрыс жауап: Қоғамдық, рухани немесе адам өміріндегі өзгеріс пен серпінді

  43. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ортақ идеяны табыңыз.

    Дұрыс жауап: Елдің санасын ояту, білімге үндеу, ұлттық мүддені қорғау

  44. «Маса» жинағындағы ақынның үнін қандай сөздер дәл сипаттайды?

    Дұрыс жауап: Әжуаға толы, оятушы, сыншыл

  45. Міржақып Дулатұлының шығармаларында жиі көрінетін сарын қайсы?

    Дұрыс жауап: Қоғамдық серпіліс, ұлт тағдыры

  46. Қамажай неге Қабеннің ұсынысын қабыл алмады?

    Дұрыс жауап: Бауырларын тастап кете алмады

  47. «Уақыт қайтарымы» шығармасындағы негізгі философиялық ойға жақын тұжырымды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Уақыт адамға бағынбайды, бірақ адам оны бағалай білуі керек

  48. «Жетінші толқын» шығармасында көтерілетін негізгі мәселелердің бірі қайсы?

    Дұрыс жауап: Адам мен заман байланысы

  49. «Егіннің бастары» шығармасындағы ой қорытындысына сәйкес келетін пікірді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Нағыз кемел адам өзін жоғары ұстамайды

  50. С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасында айтылған тау басындағы көл саны

    Дұрыс жауап: сексен