Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау
985 сұрақ · 16-бет, барлығы 20 бет
«Жетінші толқын» шығармасындағы Вацлав Мирзе деген кейіпкер
Дұрыс жауап: гид
Жүніс Сахиев шығармаларының жанры
Дұрыс жауап: ғылыми фантастика
Топонимикалық аңыздарға негізделген С.Сейфуллиннің шығармасы
Дұрыс жауап: «Көкшетау» поэмасы
С.Сейфуллиннің «Көкшетау» атты шығармасы
Дұрыс жауап: поэма
«Жетісу суреттері» өлеңіндегі пейзаж
Дұрыс жауап: ақынның туып-өскен жері
«Көкшетау» поэмасындағы автор идеясы
Дұрыс жауап: Көкшетаудың сұлу табиғатын суреттеу, тарихын баяндау
«Қаздар қайтып барады» әңгімесінің авторы
Дұрыс жауап: Қ.Жұмәділов
С.Сейфуллин «кербез, сұлу» деп сипаттайтын өңір
Дұрыс жауап: Көкшетау табиғаты
«Тайғақта» кітабындағы Абай мен Әйгерімнің құтты, өнерлі қонағы
Дұрыс жауап: Біржан
«Абай жолы» романының авторы
Дұрыс жауап: Мұхтар Әуезов
«Абай жолы» романының негізгі тақырыбы
Дұрыс жауап: ұлы тұлғаның жүріп өткен жолы
«Тайғақта» кітабындағы кейіпкер Әмір
Дұрыс жауап: Құдайбердінің баласы
«Көкшетау» поэмасында суреттелетін Жеке батыр
Дұрыс жауап: тау
Шу, Іле, Шелек, Көксу, Қаратал өзендері жырланатын І.Жансүгіровтің өлеңі
Дұрыс жауап: «Жетісу суреттері»
«Абай жолы» эпопеясының екінші кітабы
Дұрыс жауап: «Тайғақта»
І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі автор идеясы
Дұрыс жауап: Жетісудың әсем табиғатымен таныстыру
«Жеке батыр» туралы аңыз жырланатын шығарма
Дұрыс жауап: С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында
М.Әуезовтың «Абай жолы » романындағы кейіпкерлердің бірі Әбіштің оқыған оқу орнын белгілеңіз
Дұрыс жауап: Михайлов атындағы артиллерия училищесі
«Қаздар қайтып барады » әңгімесінің авторын көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Қ.Жұмәділов
«Қаздар қайтып барады» әңгімесінде баяндалған оқиға
Дұрыс жауап: Байтас шалдың өзге елде көрген қиындығы, елге деген сағынышы
«Қауышу» бөліміндегі Әбішке берілген сипаттама
Дұрыс жауап: маңдайы ашық, бойы сұңғақ, қыр мұрынды, қызыл жүзді
«Қауышу» бөліміндегі басты тақырып
Дұрыс жауап: Әке мен бала сағынышы
Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің кейіпкері
Дұрыс жауап: Ғазиза
Құнанбайдың Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты аталас елдермен араздасуының негізгі себебі
Дұрыс жауап: көші-қон мәселесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Ұлжанның Ділда ауылына құдалыққа баруы, Бөжейдің асы, Абайдың Тоғжанмен соңғы кездесуі баяндалатын тарау
Дұрыс жауап: «Өрде»
Әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Анықтамаға сәйкес нұсқа
Дұрыс жауап: метафора
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға: «Әкеңнің қаттылығын бермесін»,-деп бата берген адам
Дұрыс жауап: Бөжей
М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам
Дұрыс жауап: Базаралы
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайдың ғашығы Тоғжан айтатын ән
Дұрыс жауап: «Топайкөк»
«Абай жолының» «Тайғақта» тарауында айтылатын оқиға
Дұрыс жауап: Құнанбай қажылыққа жол тартады.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Құнанбайдың Абайды алғаш ел ісіне араластыру мақсатында жұмсаған адамы
Дұрыс жауап: Қарабасқа
Абайдың немере інісі
Дұрыс жауап: Шәкәрім
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында жас Абайдың азаматтық іс атқарып, ел аузына ілігетін кезі
Дұрыс жауап: Бөжей асын өткізуі
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында оқуда жүрген Абайды әкесінің елге қайтару себебі
Дұрыс жауап: ел ісіне араластыру үшін
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Ұлжан риза болып, ат мінгізіп аттандырған Абай ауылының қонақтары
Дұрыс жауап: Барлас пен Байкөкше
Мұхтар Әуезовтің туған жері
Дұрыс жауап: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
«Абай жолының» «Қайтқанда» тарауында Құнанбай ел ағаларын шақырып шешкен даулы мәселе
Дұрыс жауап: Қодар жайы
Оқырманның санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Анықтамаға сәйкес нұсқа
Дұрыс жауап: аллегория
Мұхтар Әуезовтің драматургиядағы тырнақалды туындысы
Дұрыс жауап: «Еңлік - Кебек»
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абай Қарқаралыға барғанда кездестірген ақын
Дұрыс жауап: Қуандық
«Абай жолында» Абайдың қайын атасының есімі
Дұрыс жауап: Алшынбай
«Абай жолы» романында «Денесі бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты» деп суреттелген кейіпкер
Дұрыс жауап: Абай
М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Абай мен Әйгерімнің кездесуі суреттелетін тарау
Дұрыс жауап: Тайғақта
М.Әуезовтің «Абай жолы» романында айтылатын ұры жататын қауіпті жыра
Дұрыс жауап: Есембай
Мұхтар Әуезовтің өмір сүрген жылдары
Дұрыс жауап: 1897-1961
Мұхтар Әуезовтің проза жанрындағы тұңғыш шығармасы
Дұрыс жауап: «Қорғансыздың күні»
Абай ауылына Байкөкшемен бірге қонақ боп келген ақын
Дұрыс жауап: Барлас ақын
«Тәмпіш қара» шығармасындағы оқиғалар желісі кімнің баяндауымен өрбиді?
Дұрыс жауап: Ертай
Мағжан Жұмабаев неше жасынан бастап хат таныған?
Дұрыс жауап: төрт
Қалқаман Сарин қандай фестивальдің лауреаты?
Дұрыс жауап: «Шабыт»