Ustazdyq

Әлеуметтік педагогика: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

95 сұрақ · 2-бет, барлығы 2 бет

  1. Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі мақсаты:

    Дұрыс жауап: білім алушыларды тәрбиелеуді бейімдеуді және әлеуметтендіруді әлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету

  2. Әлеуметтік педагогика:

    Дұрыс жауап: Педагогика ғылымының бір саласы

  3. Жастар субмәдениетінің түрлері:

    Дұрыс жауап: Панктер

  4. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген ғалым:

    Дұрыс жауап: П.Ф.Каптерев

  5. Әлеуметтік тәрбиешінің мәртебесі:

    Дұрыс жауап: оның мемлекетте және қоғамда қалыптасқан құқықтық және қоғамдық жағдайы

  6. Функционалдық адаптация:

    Дұрыс жауап: Қызметке бейімделу

  7. Әлеуметтік ортаға бейімделу:

    Дұрыс жауап: Адаптация

  8. Әлеуметтік педагогика – бұл… (А. В. Мудриктің анықтамасы бойынша):

    Дұрыс жауап: әлеуметтену контекстінде әлеуметтік тәрбиені зерттейтін білім саласы

  9. Әлеуметтік мінез-құлық қызметі ..... арқылы реттеледі:

    Дұрыс жауап: этикалық мінез-құлық стандарттары

  10. Балаларды, жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерін қамтитын педагогика ғылымының саласы:

    Дұрыс жауап: ювеногогика

  11. Әлеуметтік маңызды мақсаттар, ортақ құндылық бағдарлары, бірлескен қызмет және қарым-қатынас негізінде біріктірілген адамдардың әлеуметтік ортақтығы – бұл:

    Дұрыс жауап: ұжым

  12. Тағдырға деген сенім, дүниетаным, оған сәйкес бәрі соқыр рок қалағандай болуы керек және адам бұл тағдырда ештеңені өзгерте алмайды – бұл:

    Дұрыс жауап: фатализм

  13. Әлеуметтік тәрбиенің мағынасы:

    Дұрыс жауап: Баланы шынайы өмірге дайындау

  14. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің фунционалдық тәсілдері мен кезеңдері:

    Дұрыс жауап: Диагностикалық-болжамдық

  15. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жеке тұлға ретіндегі жағдайы:

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік тәрбиесі

  16. Адамның әлеуметтік дамуын, оның әлеуметтік бейімділігі мен өзгешеліктерін, сондай-ақ, ортаның (әлеуметтік қауымның) жағдайларын ескере отырып, ынталандыру бағытындағы мақсатты әлеуметтік-педагогикалық қызмет:

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік дамытушы

  17. Адамның дамуына, тәрбиеленуіне, кәсіптік қызметіне жеке мүмкіндіктерін қалпына келтіру бойынша мамандардың бағытты әлеуметтік-педагогикалық қызметі:

    Дұрыс жауап: Құқықтарын қалпына келтіруші

  18. Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің мегафакторлары:

    Дұрыс жауап: Ғарыш, ғаламшар, әлем

  19. Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің макрофакторлар:

    Дұрыс жауап: Белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет

  20. Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің мезафакторлары:

    Дұрыс жауап: Адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылыкты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөліну); бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы

  21. Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің микрофакторлары:

    Дұрыс жауап: Отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар топтары, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум

  22. Өмірлік ортаның өзгерісіне байланысты жалпы және өзара бейімделу:

    Дұрыс жауап: Коадаптация

  23. Әлеуметтік автономизация (оқшаулану):

    Дұрыс жауап: өзімен-өзі болу, іс әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі

  24. Әлеуметтену механизмдерінің ерекшеліктері:

    Дұрыс жауап: Конформизм (конформдық мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту

  25. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістері:

    Дұрыс жауап: әлеуметік педагогтың қамқорлығындағы балалармен жоспарды іс-әрекетін іске асыру

  26. Отбасының басты міндеті:

    Дұрыс жауап: қоғамдық, топтық және жеке дара қажеттіліктерді қанағаттандыру

  27. Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы:

    Дұрыс жауап: қамқорлық жасау органдарымен, психологтармен және педагогтармен өзара кәсіби әрекет жасайды

  28. Таңдау немесе бағалау жағдайларындағы шартсыз, шамадан тыс полярлық жастық шақтың ерекшелігі – бұл:

    Дұрыс жауап: жастық максимализм

  29. А. С. Макаренконың пікірінше, бұл бағыт тәрбие ұжымын дамытуда ерекше маңызды болып табылады:

    Дұрыс жауап: ұжымның алға жылжуын қамтамасыз ету

  30. Қандай да бір ілімнің, сектаның және т. б. құпияларға арналған қалай аталады.?

    Дұрыс жауап: адепт

  31. Қолданыстағы тәртіпті пассивті қабылдайтын бейімдеуіш қалай аталады?

    Дұрыс жауап: конформист

  32. Маманның әртүрлі өмірлік жағдайлардағы мінез-құлқын, кәсіби қызметін анықтайтын негіз:

    Дұрыс жауап: адамның ішкі мәдениеті

  33. Интраперсоналды деңгей - бұл:

    Дұрыс жауап: өзін-өзі тәрбиелеу деңгейі, өзінің қалыптасуына әсері

  34. Еңбек процесінде жұмсалған күштерді қалпына келтіру:

    Дұрыс жауап: рекреация

  35. Бір нәрсенің жетіспеушілігін жоюға деген ұмтылыс қалай аталады, қарапайым қажеттіліктерге негізделген тілектерді орындауға ұмтылу үрдісі:

    Дұрыс жауап: жетіспеушілік мотиві

  36. Әлеуметтік тәрбиеден туындайтын міндеттер:

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік тәрбиенің шетелдік тәжірибесін және оны отандық жағдайларға т.б. бейімдеуді зерттеу

  37. Төменгі протекция (төменгі деңгейде қарау) сипатталады:

    Дұрыс жауап: Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы

  38. Әлеуметтік педагогиканың пайда болуына әсер еткен үдерістер:

    Дұрыс жауап: урбанизация, индустриализация

  39. Баланың немесе отбасының әлеуметтік, психикалық және физикалық дамуының жаңа ресурстарын қалыптастыруға және қолда бар ресурстарды күшейтуге бағытталған шаралар (қызметтер) кешені қалай аталады?

    Дұрыс жауап: абилитация

  40. Ұзақ уақытқа созылған жоғары эмоционалды шиеленіс ... біртіндеп әкеледі:

    Дұрыс жауап: тұлғаның теріс кәсіби деформациясына

  41. Маманның кәсіби деформациясының сипатын анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: жүріс-тұрыстық, тұлғалық, тұлғалық-жүріс-тұрыстық

  42. XIX ғасырдың аяғында даралау идеясын кім атады?

    Дұрыс жауап: Д. А. Дриль

  43. Маманның сапалық сипаттамасы, оның кәсіби қызметке қоғам бөлген барлық уақыт ішінде кәсіби міндеттерді жоғары деңгейде шешу қабілеті - бұл:

    Дұрыс жауап: ұзақ кәсібилілік / кәсібиліліктің ұзақтығы

  44. Қазіргі саяси элитаны алмастыратын ұрпақ - бұл:

    Дұрыс жауап: «некст ұрпақ»

  45. Қандай да бір ілімнің, сектаның және т. б. құпияларға арналған қалай аталады?

    Дұрыс жауап: адепт