Ustazdyq

Педагог-психологтарға арналған психология: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

61 сұрақ · 1-бет, барлығы 2 бет

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Педагог-психологтарға арналған психология» жинағында дұрыс жауаптары бар 61 сұрақ бар.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Екi адамның кезектесіп сөйлеуi:

    Дұрыс жауап: диалог

  2. Генетикалық психологияның зерттейтіні:

    Дұрыс жауап: адамның мінез-қылықтары мен психикасының тұқым қуалаушы механизмдері

  3. Күнделiктi өмір жағдайында өткiзiлетiн эксперименттiк әдіс түрі:

    Дұрыс жауап: табиғи

  4. Танымдық психикалық үрдiстер:

    Дұрыс жауап: түйсiк, қабылдау, ес

  5. Өзіңді басқаның орнына қойып, оның күйін түсіне білуді ... деп атаймыз:

    Дұрыс жауап: эмпатия

  6. Қазақстанда алғаш рет психология кафедрасының ашылған жоғары оқу орны:

    Дұрыс жауап: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi

  7. Психологиялық зерттеу жағдайларын құру және өзгерту мүмкіндігін қамтитын әдіс:

    Дұрыс жауап: эксперимент

  8. Арнайы жабдықталған және аспаптарды қолданылатын эсперименттік әдіс:

    Дұрыс жауап: лабораториялық

  9. Адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді:

    Дұрыс жауап: педагогикалық психология

  10. Бала мына жаста үлкендерге сұрақ қоюға белсендірек:

    Дұрыс жауап: 3-тан 4 жасқа дейін

  11. Білім алушының бiлiм, iскерлiк, дағдыларын игертуге бағытталған іс-әрекет:

    Дұрыс жауап: оқу

  12. Ойлау үрдісінде жалпыдан жекеге қарай логикалық ауысу:

    Дұрыс жауап: дедукция

  13. Өзiн-өзi меңгерумен, байыпты және ерiк күшiнiң мықтылығымен сипатталатын темперамент типi:

    Дұрыс жауап: флегматик

  14. Су перiсi және кентавр сияқты бейнелердi жасауда қолданылған тәсiл:

    Дұрыс жауап: агглютинация

  15. Айнала дүниені тану туралы философиялық пән:

    Дұрыс жауап: гносеология

  16. Мектепке дейінгі жаста бала үшін беделді адам:

    Дұрыс жауап: ата-анасы

  17. Сыналушыға ұсынылған сауалнамаға жазбаша жауаптары негізінде жүргізілетін әдіс:

    Дұрыс жауап: анкета

  18. Қызығушылықтары мен достық негізінде еркін біріккен топ:

    Дұрыс жауап: бейресми топ

  19. Топтағы тұлғааралық қарым-қатынас деңгейлерін зерттейтін әдіс:

    Дұрыс жауап: социометрия

  20. Өзiнiң албырттық реакцияларын жоюға көмектесетiн тұлғаның қасиетi:

    Дұрыс жауап: өзiн-өзі реттеу

  21. Iс-әрекеттiң түрлерi:

    Дұрыс жауап: ойын, оқу, еңбек

  22. Стрессті тудыратын факторлар:

    Дұрыс жауап: жағымсыз күштi қажулар әсерлері

  23. Практикалық психологияның бағыты ретінде психотерапияның зерттейтіні:

    Дұрыс жауап: психокоррекциялық әдiстер мен тәсiлдер

  24. Кикілжіңнің туындауына ықпал етеді:

    Дұрыс жауап: дау-дамай

  25. Психоанализдiң зерттеу бағыты:

    Дұрыс жауап: санасыздық

  26. Педагогикалық психологияның қарастыратыны:

    Дұрыс жауап: оқыту мен тәрбилеудiң психологиялық негiздерi

  27. Адамдардың әрекеттестiктері мен өзара түсiнiсуiн зерттейтін сала:

    Дұрыс жауап: әлеуметтiк психология

  28. Басса-Дарк сауалнамасының диагностикалау бағыты:

    Дұрыс жауап: агрессия

  29. Бастауыш мектеп жасында оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру жолдары:

    Дұрыс жауап: ойын

  30. Ой қорытындылары:

    Дұрыс жауап: жаңа пікірлер тудыру

  31. Оқытудың когнитивтік теориясы зерттеуге бағытталған:

    Дұрыс жауап: танымдық процесті

  32. Білім беру процесінің субъектілері:

    Дұрыс жауап: педагог

  33. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді, өзі қойған талаптардың орындалуына қатаң бақылау орнатады:

    Дұрыс жауап: авторитарлық

  34. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың еріктік қасиеттерін дамыту үшін шешуші рөл атқарады:

    Дұрыс жауап: рөлдік ойын

  35. Барлық пәндер бойынша үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын оқушының қабілет түрі:

    Дұрыс жауап: жалпы қабілет

  36. Басқару тобына төмен талап қоюмен, толық еркіндік берумен сипатталады:

    Дұрыс жауап: әріптестік

  37. Жеткіншектердің психологиялық жаңа құрылымы:

    Дұрыс жауап: хобби-әуестіктердің пайда болуы

  38. Жабырқануды тудыратын эмоцияның формасы:

    Дұрыс жауап: депрессия

  39. Әр жас кезеңіне тән психикалық өзгерістерге сырттан ықпал ететін жағдай:

    Дұрыс жауап: дамудың әлеуметтік жағдайы

  40. Мiнез-құлықтың қоғамға қарсы үлгiлерi:

    Дұрыс жауап: әлеуметтiке қарсы нормалар

  41. Әлемге мәдени-тарихи теорияны ұсынуымен танымал болған психолог:

    Дұрыс жауап: Л.С. Выготский

  42. Гештальт психология өкілі:

    Дұрыс жауап: К. Левин

  43. Заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелейтін:

    Дұрыс жауап: түйсік

  44. Тұлғаның дисгармониясы, бұл:

    Дұрыс жауап: өзiнiң «Мен» бейнесiн жоғалту

  45. Сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс:

    Дұрыс жауап: сенсибилизация

  46. Тұлғаның дамуының эпигенетикалық теориясын құрастырған:

    Дұрыс жауап: Э. Эриксон

  47. Үйрену процесінің негізгі кезеңдеріне өту үшін қажетті арнайы іс-әрекеттер жүйесі:

    Дұрыс жауап: оқу

  48. У. Джеймс, Дж. Уотсон, К. Коффка оқыту мен дамудың өзара қатынасын төмендегідей қарастырды:

    Дұрыс жауап: Оқыту – бұл даму

  49. Баланың айналасындағылармен қарым-қатынасы мен іс-әрекет түрлері арасындағы қарама-қайшылық былай аталады:

    Дұрыс жауап: жастық дағдарыс

  50. «Нышан» түсінігі сипаттайды:

    Дұрыс жауап: тұлғалық қасиеттерді