Құқық негіздері: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
143 сұрақ · 1-бет, барлығы 3 бет
Жинақ туралы
«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Құқық негіздері» жинағында дұрыс жауаптары бар 143 сұрақ бар.
Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
2011 жылы наурызда Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі:
Дұрыс жауап: Қасым-Жомарт Тоқаев
Билікке қатынасу дәрежесіне, билікке деген өкілеттілігінің ауқымына байланысты элита бөлінеді:
Дұрыс жауап: төртке
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» қабылданды:
Дұрыс жауап: 1948 жылы 10 желтоқтанда
Саяси партиялардың негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: мемлекеттік билік үшін күреске қатынасу
Дүниетанымның адамдардың күнделікті қарапайым тәжірибесіне сүйенген пайымға, байыпты ой-санаға негізделуімен ерекшеленетін бірінші деңгейі:
Дұрыс жауап: өмірлік-практикалық
Құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шарасы:
Дұрыс жауап: санкция
Адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктері Қазақстан Республикасы Конституциясының бөлімінде көрсетілген:
Дұрыс жауап: Екінші
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы қабылданды:
Дұрыс жауап: 2015 жыл 18 қарашада
Жер нарығында жерге ұсыныс пен сұранысты теңестіру нәтижесінде белгіленеді:
Дұрыс жауап: рента
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау:
Дұрыс жауап: натурализация
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары:
Дұрыс жауап: ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді
Болмыс туралы философиялық ілім:
Дұрыс жауап: онтология
Адамның қасақана және абайсызда жасаған әрекетіне психикалық қатынасы:
Дұрыс жауап: кінә
Жер құқығында пайдаланылатын оң реттеудің әдістері:
Дұрыс жауап: диспозитивті, императивті
Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі:
Дұрыс жауап: шарт
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері:
Дұрыс жауап: мәміле
Басқа затпен еркін айырбасқа жүретін кез келген зат, сатуға арналған өнім:
Дұрыс жауап: тауар
Заңнамамен бекітілмеген шарт:
Дұрыс жауап: аталмаған шарт
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жатпайды:
Дұрыс жауап: некені бұзу
Азаматтық құқық қағидаты:
Дұрыс жауап: жеке істерге мемлекет пен үшінші жақтың араласпауы
Міндеттеме субъектілері:
Дұрыс жауап: несие беруші мен борышкер
Нарық механизімінің негізгі элеметтері:
Дұрыс жауап: сұраныс, ұсыныс
Тұрғын үйді жалға беруші құқылы:
Дұрыс жауап: коммуналдық қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуді талап етуге
Жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады:
Дұрыс жауап: Сенат депутаттары
Оқушының мектептегі міндеттеріне жатпайды:
Дұрыс жауап: Спорттық, оқу, акт залдарын компьютер сыныптарын, кітапхананы тегін пайдалану
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар: І. Жәбірленушінің қылмыстық құқықбұзушылыққа түрткі болған заңға қайшы мінез-құлқы ІІ. Қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан келген мүліктік залалды ерікті түрде өтеу…
Дұрыс жауап: ІІІ, IV
XVII ғ. ағылшын философы Т. Гоббстан кейін азаматтық қоғамның идеясын жалғастырған ойшыл (-дар):
Дұрыс жауап: И. Кант
Арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі:
Дұрыс жауап: мемлекеттік билік
Болмыстың құбылыстары мен фактілерінің мәдени, қоғамдық немесе жекетұлғалық маңыздылығын көрсететін ұғым:
Дұрыс жауап: құндылық
Жерді шаруашылық айналымынан уақытша алып тастау:
Дұрыс жауап: консервациялау
Құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шарасы:
Дұрыс жауап: санкция
Үйлесімді еңбек жағдайын жасауға міндетті:
Дұрыс жауап: жұмыс беруші
Еңбек құқығының ұжымдық субъектісіне жатады:
Дұрыс жауап: кәсіподақ
Қоғамдағы, әлеуметтік топтағы құқықтық көзқарастардың,талаптардың, идеялардың жүйеленген ғылыми көрінісі:
Дұрыс жауап: құқықтық идеология
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құралады:
Дұрыс жауап: өкілеттіліктері алты жылға созылатын жеті мүшеден
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау:
Дұрыс жауап: натурализация
Ұқсас алмастырушысы жоқ тауарды нарыққа жалғыз жеткізуші және өз тауарының бағасына әсер ете алатын нарықтық құрылым:
Дұрыс жауап: монополия
Жекебас бостандығына қарсы қылмыстық құқықбұзушылыққа жатпайды:
Дұрыс жауап: дәрігер құпиясы болып табылатын ақпаратты жариялау
Қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтіретін іс-әрекет:
Дұрыс жауап: қылмыстық теріс қылық
Адамның өз әрекетінің құқықпен тыйым салынғанын саналы түрде түсіне отырып, бірақ құқыққа қарсы нәтижеге тікелей ұмтылуы:
Дұрыс жауап: қасақана кінә
Бүлінген және ластанған жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге, қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені:
Дұрыс жауап: рекультивациялау
Тиімді ұсыныстар туралы клиенттерді ауызша немесе жазбаша түрде хабардар ету:
Дұрыс жауап: оферта
Шартта заңнамада көзделмеген басқа да мінез-құлық ережелері қолданылуы мүмкін азаматтық-құқықтық шарттың қағидаты:
Дұрыс жауап: әскерлік айналымда әдеттегі құқықтарды қолдану
Айырбас шартының басты ерекшелігі:
Дұрыс жауап: тауар алмасу
Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеп отыратын құқықтық нормалар жиынтығы:
Дұрыс жауап: азаматтық құқық
Меншік құқығын меншік иесінің ықтиярынсыз тоқтату негіздері:
Дұрыс жауап: мүлкінен өз еркімен бас тарту
Ең алғаш адамның бостандығы мен құқығы туралы заңды бекітті:
Дұрыс жауап: АҚШ Конституциясы
Жағдаятты оқып шығып, дұрыс жауапты таңдаңыз. 12, 14 жастағы мектеп оқушысы автобуста жол жүру ақысын төлемеді. Оқушы құқықбұзушылық жасады деп есептеп, оны әкімшілік жазаға тартты.
Дұрыс жауап: «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 435, 622-бабтары бойынша жазаланады
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне өтініш беру құқығына ие:
Дұрыс жауап: Сенат Төрағасы
Мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер арқылы байланыста болатын тұлғалардың тобы:
Дұрыс жауап: отбасы