Ustazdyq

Музыка: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

166 сұрақ · 2-бет, барлығы 4 бет

  1. Клавишті темір ішекті музыкалық аспап:

    Дұрыс жауап: фортепиано

  2. Көп бөлімді вокалды-хор шығармасы:

    Дұрыс жауап: оратория

  3. Джаз музыкасының ерекше орындалу тәсілі болып келеді:

    Дұрыс жауап: свинг

  4. «Иван Сусанин», «Руслан мен Людмила» операларын жазған композитор:

    Дұрыс жауап: М. И. Глинка

  5. Скрипка мен фортепианоға арнап жазылған "Толғау" шығармасының авторы:

    Дұрыс жауап: М.Төлебаев

  6. Композитор Алмас Серкебаевтың күй желісіне жазылған балеті:

    Дұрыс жауап: "Ақсақ құлан"

  7. «Кәнеки, тілім сөйлеші» термесінің авторын және бұл терме мазмұнында нені меңзегенін анықта:

    Дұрыс жауап: Нұртуған жырау жастарды шешен, өнерлі болуға шақырады

  8. Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі-сыртқы саясатына араласқан кім?

    Дұрыс жауап: Бұқар жырау

  9. Қанаты қатайған шақта ғана Сүйінбай оған айтысқа түсіп, ақын атағын алуға рұқсат етеді:

    Дұрыс жауап: Жамбыл

  10. "Әлия" балетінің авторы:

    Дұрыс жауап: М. Сағатов

  11. Алтай, Сарыарқа аймақтарында 62 тамырмен байланыстырған терең философиялық мәні бар шығарма:

    Дұрыс жауап: Қосбасар

  12. Музыкалық романтизмнің ірі өкілі, неміс композиторы, пианист, дирижер, ұстаз:

    Дұрыс жауап: Ф. Мендельсон

  13. Арфаның ең көне түрі кай жерден табылған?

    Дұрыс жауап: Мысырда

  14. Қазақстанның шығыс өңіріне кең тараған аспап:

    Дұрыс жауап: үш ішекті домбыра

  15. Алматыдағы Музыка-драма техникумы қай жылы ашылды?

    Дұрыс жауап: 1932

  16. Қазақ драма театры жанынан музыкалық студия қай жылы ашылды?

    Дұрыс жауап: 1933

  17. Халық аспаптары оркестріне арнап жазылған «Қазақстан» симфониясының композиторы:

    Дұрыс жауап: М. Қойшыбаев

  18. Эстрадалық музыка дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі

  19. Заманауи музыка мәдениетінде шансон деп қандай музыканы айтады?

    Дұрыс жауап: Француз музыкасын

  20. Рок-музыка джаз музыкасынан несімен ерекшеленеді?

    Дұрыс жауап: Ырғақтық құрылым, дыбыстау мәнері жағынан

  21. Поп-музыка тарихындағы ең танымал орындаушылардың бірі, «Поп-музыка патшасы»:

    Дұрыс жауап: Майкл Джексон

  22. Итальян халқындағы қайықшының әні деген мағына:

    Дұрыс жауап: баркарола

  23. Бір уақытта естілетін, өзара белгілі тәртіппен орналасқан үш немесе одан да көп дыбыстардың үндік үйлесімі:

    Дұрыс жауап: аккорд

  24. Үшдыбыстық аккордтар құрылымдақ ерекшелігіне қарай, яғни терциялардың тондық өлшемі мен орналасу тәртібіне байланысты қанша түрге бөлінеді?

    Дұрыс жауап: 4 түрге

  25. Ырғағы мен айтылуы ауызекі сөзге жақын келетін, термелете орындалатын вокалды музыка:

    Дұрыс жауап: Речитатив

  26. Үрмелі клавишті аспап:

    Дұрыс жауап: орган

  27. Қазақстанда музыканың дамуына, жалпы кәсіби мәдениетіміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан қазақ өнерінің қарашаңырағы болған өнер ордасы:

    Дұрыс жауап: М.Әуезов атындағы академиялық драма театры

  28. Небәрі 24 жасында Кеңес Одағындағы алғашқылардың бірі болып КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған өнер адамы:

    Дұрыс жауап: Күләш Байсейітова

  29. Халық аспаптары оркестіріне арнап жазылған "Қазақстан" симфониясының компазиторы:

    Дұрыс жауап: М.Қойшыбаев

  30. Театрландырылған қойылымның кіріспесі ретінде орындалатын музыка:

    Дұрыс жауап: увертюра

  31. "Жайлауда" симфониялық поэмасын жазған композитор:

    Дұрыс жауап: Қ. Мусин

  32. Опера, балет т.б. өнер туындыларының бөлімі аралығында орындалатын музыкалық пьеса:

    Дұрыс жауап: антракт

  33. Грекияның Афины қаласында орналасқан көне театры қанша көрерменге арналған?

    Дұрыс жауап: 17 мың

  34. «Ла Скала» театрының іргетасы қаланған уақыт:

    Дұрыс жауап: 16 ғасыр

  35. Испан халықтарының Андалузия аймағының дәстүрлі биі:

    Дұрыс жауап: фламенко

  36. Әнші-актер, режиссер, драматург, қазақ операсының негізін салушылардың бірі:

    Дұрыс жауап: Қ. Байсейітов

  37. Күй арқылы өзінің өмірін, қазақтың тұрмысын бейнелеген күйші:

    Дұрыс жауап: Дәулеткерей

  38. Ақан серінің жас шағында шығарған әні

    Дұрыс жауап: Балқадиша

  39. М. Әуезовтың өзі сахналап, өзі қойған пьесасы қалай аталады?

    Дұрыс жауап: "Еңілік-Кебек"

  40. Қазақ кәсіби музыка өнерін қалыптастыру кезеңі міндеті аясында ең алғаш халық таланттарының бірінші слеты қай жылы, қай қалада өткізілді?

    Дұрыс жауап: 1919 Алматы

  41. Қазақтың ұлт аспаптар оркестр құрамында алғашқы уақытта неше адам болды?

    Дұрыс жауап: 11

  42. Қазақтың көне аспаптарын жинаушы, зерттеуші ғалым?

    Дұрыс жауап: Болат Сарыбаев

  43. «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Жонып алды» әндерінің авторы

    Дұрыс жауап: Біржан сал

  44. Нұрғиса Тілендиевтің күйін ата?

    Дұрыс жауап: «Ата толғауы», «Әлқисса»

  45. 1947 жылы Алматы консерваториясында алғаш рет пианистер сайысында ерекше өнер көрсеткен қазақтың тұңғыш пианисті

    Дұрыс жауап: Н.Меңдіғалиев

  46. «Фигароның үйлену тойы» операсын жазған композитор кім?

    Дұрыс жауап: В.А.Моцарт

  47. Францияда 1661 жылы ашылған өнер ордасын ата:

    Дұрыс жауап: би академиясы

  48. « Симфония мен квартеттің атасы» деп кімді атайды?

    Дұрыс жауап: Й.Гайдн

  49. Ең алғаш увертюраны 1607 жылы итальян композиторы К. Монтоверди қай туындыға жазды?

    Дұрыс жауап: «Орфей»

  50. Мәди Бәпиұлының қандай әнінде басқа түскен қайғы, көңілге ұялаған өкініш, жүрекке салған қайғы-мұң сезіледі?

    Дұрыс жауап: Қарқаралы