Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Химия, 9-сынып · Сұрақ 16/84

Азоттың электртерістілік мәні 3, ал оттетікі 3,5 болса, қай атом өз электрондарын беріп жібереді және неге екенін түсіндір

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Азот, электртерістігі кіші атомның электрон тартқыш күші төмен

Жауап нұсқалары

  1. A.Оттек, электртерістігі үлкен атомның электрон тартқыш күші төмен
  2. B.Азот, электртерістігі кіші атомның электрон тартқыш күші төмендұрыс
  3. C.Оттек, электртерістігі үлкен атомның электрон тартқыш күші жоғары
  4. D.Элетртерістілік мәні жақын атомдар молекула түзе алмайды
  5. E.Азот, электртерістігі кіші атомның электрон тартқыш күші жоғары

Тапсырма мәтіні

Электртерістілік ұғымы химияда 20 ғасырдың бірінші жартысында пайда болды, оны ұлы американдық химик, екі рет Нобелиат Линус Полинг енгізді. Электртерістілік-атомның электронды тығыздығын өзіне қарай жылжыту қабілеті. Электртерістілік химиялық байланыстардың энергиясына, химиялық қосылыстардың тұрақтылығына немесе тұрақсыздығына, кристалдардың түсі мен қаттылығына дейін көп нәрсені жақсы түсіндіретін өте маңызды тұжырымдама. Химиктер көптеген анықтамалар мен электртерістілік шкалаларын жасады. Полинг шкаласы ең бірінші және ең көп қолданылатын болып шықты, оны әр химия оқулығынан табуға болады. Полинг электртерістілік мәндерін термохимияны зерттеу арқылы анықтады. Оның тұжырымдамасы бойынша байланыс түзетін атомдар арасындағы электртерістілік мәні неғұрлым үлкен болса, молекула тұрақтанады және Полинг оны есептеуге болатын қарапайым формуланы ұсынды.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар