Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Химия, 9-сынып · Сұрақ 26/84

49г фосфор қышқылын алу үшін қажет фосфор (V) оксидінің массасы (г) және зат мөлшері (моль)

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: 35, 5 және 0,25

Жауап нұсқалары

  1. A.54,3 және 0,55
  2. B.35, 5 және 0,25дұрыс
  3. C.32,8 және 0,35
  4. D.48,2 және 0,45
  5. E.14,8 және 0,15

Тапсырма мәтіні

Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Хеннинг Бранд(1669 ж). Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Ол жайлы бұл алхимиктің жасаған нағыз, әрі жалғыз табысының тарихи дәйектері куәландырады. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. 1680 жылы жаңа элементті, алдындағыларға тәуелсіз, ағылшын физигі әрі химигі Роберт Бойль алды. Бірақ көп кешікпей Бойль қайтыс болды,. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар