Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: түсіндірмелі
Жауап нұсқалары
- A.кескіндік
- B.масштабсыз
- C.ғылыми
- D.масштабты
- E.түсіндірмелідұрыс
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: түсіндірмелі
Жауап нұсқалары
Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері. Топографиялық белгілер — жергілікті заттардың топографиялық карталардағы шартты (графикалық, әріптік, сандық) белгілері. Жергілікті заттардың шартты белгілері карталарда стандартты түрде болады. Олар масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып 3 негізгі топқа бөлінеді. Масштабты шартты белгілері өз өлшемі бойынша карта масштабында көрсетілетін заттар (орман, көл, т.б.) бейнеленеді. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан көрінбей қалатын жергілікті заттарды бейнелеуде қолданылады. Түсіндірмелі шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша сипатын (орман түрін көрсететін белгі, өзеннің ағу бағытын көрсететін белгі) беру үшін колданылады. Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына нысанның аты көрсетіліп, түсініктеме берілуі мүмкін.