Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · География, 9-сынып · Сұрақ 19/70

Қара топырақ республика аумағының неше пайызын алып жатыр

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: 9,5%

Жауап нұсқалары

  1. A.12,3%
  2. B.9,5%дұрыс
  3. C.10%
  4. D.14%
  5. E.8,5%

Тапсырма мәтіні

Қара топырақ типі республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін немесе 9,5%-ын алып жатыр. Қара топырақтың 3 түрі сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан кәдімгі, сілтісізденген қара топырақ гумусы (қара шіріндісі) 6-8%, оңтүстіктің қара топырағының қара шіріндісі 4-6% болады. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар