Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · География, 9-сынып · Сұрақ 46/70

Мұғалжар тауының ең биік нүктесі

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Үлкен Боқтыбай

Жауап нұсқалары

  1. A.Тастау
  2. B.Мұзтау
  3. C.Бесшоқы
  4. D.Бессаз
  5. E.Үлкен Боқтыбайдұрыс

Тапсырма мәтіні

Мұғалжар тауы Ақтөбе облысы аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге, ені 200 км созылған аласа тау. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері 657 м – Үлкен Боқтыбай. Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ені 15 – 20 км ойыс бөледі. Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Батыс Мұғалжар меридиан бағытында созылып жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар жотасы төбесі тегіс шоқылар тізбегі аласа. Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар